Profile

Жалпы сұрақтар

Үрімшіге саяхаттайтын жолаушылар үшін кез-келген виза түріне қоса, елшіліктен берілетін шақыру хаты болуы керек, осыған дейін оны елішілік визамен бірге беретін. Шақыру хаты электронды және қағаз түрінде де қабылданады. Шақыру хаты жоқ жолаушыларды, депортациялау мүмкіндігі жоғары. Тіркелу кезінде және туристік агенттер сізден осы шақыру хатын сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, жолаушылар шақыру хатында көрсетілген сапар мақсатын, иммиграциялық бақылауды өту кезінде де көрсетуі тиіс. Әйтпесе, осы себеп сізді депортациялауға әкелуі мүмкін.

Бұл жөнінде ақпарат алу үшін осы веб-сайттың Бағыттар картасы және Ұшып келу/Ұшып шығу сілтемелерін басыңыз.
Веб-сайттың брондау қызметі арқылы брондау жасай аласыз немесе «Эйр Астананың» билет сату кеңсесіне немесе әуекомпанияның өз мемлекетіңіздегі өкілдігіне хабарласыңыз. Телефон нөмірлерін және Халықаралық/Қазақстан өкілдіктерінің мекен-жайларын көру үшін Бізбен байланысу сілтеменін басыңыз: .
Кейбір әуежайлар әрбір ұшып шығатын жолаушыға «кету салығын» орнатады. Мұндай салық көп жағдайда әуебилетінің бағасына кіреді. Алайда, кейбір әуежайлар оны жолаушыға тікелей төлеуге міндеттейді. Әуебилет онлайн арқылы брондалғанда әуежай алымы әуебилет бағасына кіреді.
Әуекомпанияның өкілдіктері мен «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуебилеттерін сату Халықаралық/Қазақстандық кеңселері жөніндегі толық ақпаратты веб-сайттың Бізбен байланысу сілтемесінен табасыз.
Кейбір мемлекеттер кіру және транзиттік визаларды талап етеді. Сондықтан шетелге бармас бұрын сол мемлекеттің елшілігіне міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл жөніндегі кейбір маңызды ақпаратты Сіз мемлекеттердің ресми веб-сайттарынан алуыңыз мүмкін және де виза мен шығу/кіру рұқсаты жолаушының жауапкершілігі болып табылады. Сонымен қатар, көмек ретінде виза туралы пайдалы ақпаратты Қазақстанға сапар шегу және Дипломатиялық елшіліктер бөлімдерінде таба аласыз.
Сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі сапарыңыздың аяғына дейін сақталғандығы өте маңызды. Кейбір мемлекеттерде, төлқұжаттың мерзімі белгілі бір уақыт аралығында ғана жарамды болуы мүмкін (әдетте алты айға дейін). Сондықтан мұндай талаптар жөніндегі ақпаратты баратын мемлекеттің елшілігінен алуыңыз қажет.
Бұл сіздің шешіміңіз және сақтандыруды сатып алу міндетті емес. Біздің сізге берер кеңесіміз – шетелге аттанар алдында сақтандыру құжатын жасап алуыңыз жөн.
Баратын жеріңізге байланысты Сізге түрлі індетке қарсы егу салудың қажеттілігі тууы мүмкін. Егер бұл жөнінде күдіктенсеңіз, дәрігермен кеңесуіңізді өтінеміз.
Брондау жасаған кезде 2- қадам – «Рейс»-ті қолдана отырып, қаланың үш әріптен тұратын кодты таңдасаңыз, әуежай терминалы туралы мәліметті көре аласыз.
Әуе компания отырғызу талондары мен әуе тасымалы үшін төлемді растайтын құжаттарды (фискалды чек, төлем картасының транзакциялық көшірмесі, төлем тапсырысы) сақтауыңызды өтінеді. Өйткені электронды билетпен қоса бұл құжаттардың бар болуы (шетелге сапар жасағанда мемлекеттік шекараны шеккені туралы төлқұжаттағы мәліметтер көшірмесі) әуе тасымалы шығындарын салық есептеу формасына шығын ретінде енгізуге, сондай-ақ электронды билет құнына ҚҚС-ын енгізуге құқық береді.;
Әуекомпания жолаушының сапар шеккені туралы ресми құжатты келесі шарттар орындалғанда да бере алады: Жолаушы (Аты-жөнін, төлқұжат мәліметтерін, әуебилет нөмірін, сапар бағытын, уақытын және өтініш себебін атап) өтініш жазуы тиіс; Құжат 5 жұмыс күн ішінде және тегін беріледі. Көрсетілген рәсімдерді жолаушы «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуебилеттер сату кеңселерінде жүзеге асыра алады.
Рейс кешіккен жағдайда жолаушы Клиенттермен жұмыс істеу бөліміне хабарласа алады.