Бангкок (BKK)
Күндер |
Ұшып шығу |
Ұшып келу |
Рейс |
Қону саны |
Күндер |
Ұшып шығу |
Ұшып келу |
Рейс |
Қону саны |
Ескертпе |
|||||||||||||||
| Алматы (ALA)-Бангкок (BKK) | Бангкок (BKK)-Алматы (ALA) | ||||||||||||||||||||||||
|
9:55 | 17:55 | KC 931 | 0 |
|
19:20 | 2:00+ | KC 932 | 0 |
|
|||||||||||||||
| Астана (TSE)-Бангкок (BKK) | Бангкок (BKK)-Астана (TSE) | ||||||||||||||||||||||||
|
6:45 | 17:55 | KC 622/KC 931 | 1 |
|
19:20 | 8:00+ | KC 932/KC 951 | 1 |
|
|||||||||||||||
| Бангкок (BKK)-Мәскеу (SVO) | Мәскеу (SVO)-Бангкок (BKK) | ||||||||||||||||||||||||
|
19:20 | 8:45+ | KC 932/KC 871 | 1 |
|
23:05 | 17:55+ | KC 876/KC 931 | 1 |
|
|||||||||||||||
|
Орындалатын күндер: 1 – Дүйсенбі, 2 – Cейсенбі, 3 – Cәрсенбі, 4 – Бейсенбі, 5 – Жұма, 6 – Сенбі, 7 – Жексенбі.
+ - ұшып келуі келесі күні * - Серіктес компаниямен орындалады |
|||||||||||||||||||||||||

АЛМАТЫДАН ҚАШЫҚТЫҒЫ
3950 км/2469 миль
ҰШУ ҰЗАҚТЫҒЫ
6 сағ 30 минут
ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТ
Дүниежүзілік уақыт +7 сағат
АУА РАЙЫ
Тайланд ауа райы тропикалды, ауа температурасы да, ылғалдылығы да жоғары, жаңбыр жиі жауып тұрады. Сәуір және мамыр айларын жергілікті тұрғындар жылдың ең ыстық айлары ретінде санайды. Маусым айында оңтүстік батыс муссонды жауын мезгілі басталып, үзілістермен қазан айының аяғына дейін жалғасады.
Қарашадан ақпанның аяғына дейін Солтүстік Шығыс желімен ауа райы салқындап, ылғалдылық деңгейі төмендейді. Осы уақыт туристердің келуіне ең қолайлы мезгіл болып саналады.
Әдетте, солтүстік және солтүстік шығыс Бангкокқа қарағанда қыста салқын, жазда ыстық болады. Шалғай солтүстікте Май Хонг Сон аймағында ауа температурасы 2°C-ке төмендейді.
ӘУЕЖАЙ
Бангкок Халықаралық Әуежайы Бангкок орталығынан шамамен 25км қашықтықта орналасқан.
Әуежай салығы: Халықаралық – THB 500.00 / Ішкі – THB 60.00 (шамамен)
Қалаға баратын көлік және бағасы: Әуежай жедел автобусынадағы жолақы - THB 150.00
КІРУ ТАЛАПТАРЫ
Әдетте, шетелдіктер Тайланд Корольдігіне іс-сапармен, ақша қаражатын салу мақсатында, оқу үшін, медициналық көмек үшін, жалданып жұмыс істеу үшін, халықты құлақтандыру мақсатында, діни мақсаттармен, т.б. мақсатпен визаға рұқсат беруді сұрап, Тай Өкілдігіне немесе Бас Өкілеттігіне барады.
Егер кейбір мемлекеттердің азаматтары мына талаптарды орындаса, олардан виза талап етілмейді.
(1) Тайландқа туристік мақсатпен немесе Ішкі Министірлік хабарламасымен келісілген 30 күннен аспайтын мезгілге келген елдердің азаматтарынан виза талап етілмейді.
(2) Тайландпен екіжақты келісімі бар елдердің азаматтарынан виза талап етілмейді.
2. Кей елдердің азаматтары визаны Тайландқа келген кезінде ала алады. Осындай жолаушыларға Тайландқа кіруге және оның территориясында 15 күн тұруға рұқсат етеді.
* Виза талаптары жайлы қосымша мәлімет алу үшін тікелей жергілікті көші-қон комитетіне немесе сапар агентіңізге хабарласыңыз.
АҚША БІРЛІГІ
Бахт (THB 1) = 100 сатанг
Банкноттар : 10,20,50,100,500,1000
Тиындары : 1,2,5,10 (күміс) және 25 & 50 (мыс)
АЙЫРБАСТАУ КУРСЫ (шамамен)
1THB = 0.024443 USD, 0.020113 EUR
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Банктер : Дүйсенбіден жұмаға дейін 08:30-15:30 сағ. аралығында
Дүкендер : Күнделікті 10:00 -21:00сағ. аралығында
Үкіметтік дүкендер: Күнделікті 10:00 -22:00 сағ. аралығында
(Тәулігіне 24 сағ. жұмыс істейтін дүкендер Тайландтың әр бұрышында орналасқан)
ТІЛІ
Ресми тілі- Тай, Ағылшын тілі
ЭЛЕКТР ҚУАТЫ
220 вольт, 50 гц
ТАСЫМАЛДАУ
Бангок қаласындағы жүріс күрделі болғандықтан, өзіңізбен бірге автобус жолдары және жаңа "Sky Train" қоғамдық тасымалдау темір жолының бағыты белгіленген картаны алып барғаныңыз жөн.
Сапарға шығудың тиімді жолы - негізгі аялдамалары ағылшын тілінде белгіленген желдеткіштері бар автобустарды пайдалану. Қарапайым автобустардың бағасы арзандау, жиі жүреді, бірақ адамдар көп отырады. Орталық Бангкокта ықшам автобустар қызметі жұмыс істейді.
Қонақтар үшін ең қолайлы көлік бұл ауа желдеткіші және есептегіші бар таксилер. Жол жүру ақысы жол ұзақтығына қарамастан ойға сыйымды. Тук Тук деп аталатын таксидің үш айналымы Бангкок негізгі көшелерінің бойында. Көлікпен жүру біраз қолайсыздау болғанмен, қауіпсіз. Бағаға келісуге болдаы.
Негізгі қонақ үйлерде лимузин қызметі көрсетіледі, бірақ ол таксиге қарағанда қымбатырақ.
КӨҢІЛ АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Чао Фя өзені қаланы екі бөлікке жарып өтеді, шығыс жағалауы нағыз Бангкок, ал батыс жағалауы Сонбури деп аталады. Өзен мен Хау Лампонг Теміржол бекетінің аралығында «ескі» Бангкок және Чайнатаун аймағы орналасқан. Хуа Лампонгтың батысында туристік, бизнес және тұрғын үйлер аймағы бар.
Көптеген жылдар бұрын Бангкокты «Шығыс Венециясы» деп атаған, бірақ жолдардың салынуы нәтижесінде көптеген каналдар жойылған. Су көлігі аз мөлшерде ғана қалған.
Бангкокте дәстүрлі көркем өнер суреттері, архитектуралық және діни ескерткіштер бар. Барып болатын жерлері:
Бангкоктағы Ұлы Сарай - ең танымал жер, онда Тайландтың Чакри Тақ Залы, сонымен қатар, Тайландта киелі Будда бейнесі бар Ват Пра Каео (Жақұт Будда Шіркеуі) және Тайланд өнерінің маңызды қоймасы тәріздес көз тартарлық архитектуралық ескертіштері орналасқан.
Алтын тик ағашынан салынған әлемдегі ең үлкен Виманмек Сарайы.
Тай каналын көргісі келетіндерге - жүзіп жүретін сауда үйі; Раушан Бағы.
Ежелгі қала - Тайланд тарихи және өнер ескерткіштері көрсетілген әлемдегі ең үлкен далада орналасқан мұражай, немесе сіз, әдетте, әр айдың жұма және жексенбісінде өз есігін ашатын Бангкок Ұлттық театрының қойылымдарына барып, бағалы костюмдер мен маскалар киген Тай бишілерін көріп, классикалық музыканы тыңдай аласыз.





