Ұшқыштарды дайындау бағдарламасы
AB- INITIO бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар
Үміткер
- Қазақстан Республикасының азаматы болу керек
- Жасы 18 - 29 жас аралығында болу керек
- Жоғары немесе орта – арнаулы білімі болу керек
- Мектептегі орташа оқу бағасы кем дегенде 4,5 балл болу керек
- Математика мен физикадан ең кем дегенде 4 балл болу керек
- Сотталмаған және полициялық мәліметтерде болмаған болуы керек
- Эйр Астананың қарыз алушы банкімен несие аяғына дейін жабылып біткенше студент атынан тікелей жұмыс істейтіндігімен келіскен болу керек
- Халықаралық паспорты болу керек
- Шенген және АҚШ визаларын алу талаптарына сәйкес болу керек
- Air Astana – мен жұмыс істеу шартқағазына кем дегенде 7 жылға қол қоюға келіскен болу керек
Үміткер барлық талаптарға сай болған жағдайда, қажетті құжаттарды тапсырады.
I. Үміткерлердің құжаттарын қарастыру
- Толтырылған анкета;
- Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі;
- Орта білім жайлы аттестат пен оның қосымшасының көшірмесі;
- Бар болған жағдайда, Бірыңғай Ұлттық Тестке қатысу сертификатының көшірмесі;
- Қосымшасымен бірге диплом көшірмесі (бакалавр, маман немесе магистр деңгейімен);
- Бар болған жағдайда, IELTS/TOEFL ресми сертификатының көшірмесі;
- Резюме;
Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды алып келу қажет:
Барлық құжаттар талаптарға сай болған жағдайда, үміткер сұхбаттасуға шақырылады.
II. Үміткерлерді таңдап алу
Таңдап алу кезеңі екі бөлімнен тұрады
1. Бірінші бөлім.
а) Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейін анықтау (Жазбаша және ауызша ағылщын тілі)
б) Үміткердің денсаулығы жайлы медициналық комиссияның берген куәлігі
в) Үміткерлерді арнайы білікті мамандардың жеке тексеруі
2. Екінші бөлім.
Бірінші бөлімнен сәтті өткен үміткерлерге екінші бөлімге өтуге рұқсат беріледі (үміткердің ұшқыш болуға үйрену қабылеті EPST қамтамасыз еткен COMPASS жүйесі арқылы бағаланады). Бірінші бөлім Алматыда өткізіледі. Бірінші бөлімнен сәтті өткен үміткерлер Амстердамда өткізілетін екінші және үшінші бөлімдерге қатысуға рұқсат алады. Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейін ұшу оқу орнының өкілдері айқындайды. Өткізу орны қажеттілігіне қарай белгіленеді.
EPST:
Бірінші бөлім. Математика и физикадан дайындық деңгейін тексеру,
психометриялық тест.
Екінші бөлім. Психометриялық сұхбаттасу.
Үшінші бөлім. Үміткердің үйрену қабілеттерін ұшқыштарды жаттықтыру
құрылғысында сынау
Ұшу оқу орны:
Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейін сұхбаттасу арқылы анықтау (Ағылшын тіл білімін бағалау). ICAO (Азаматтық Авиациясының Халықаралық Ұйымы) стандарттары бойынша үміткердің ағылшын тілінің деңгейін тәуелсіз сараптау комиссия мүшелерімен ұйымдастырылған сұхбаттасу арқылы айқындау.
1. FAA медмциналық тексеруі
Ескерту:
Бірінші бөлімде қанағаттандыратын нәтижеге жетпеген жағдайда үміткер бірінші талпыныстан кейін 12 ай өткеннен кезде AB- INITIO бағдарламасына қайта қатысуға мәлімдеме бере алады
Медициналық комиссия үміткердің денсаулық жарамсыздығын айқындаған жағдайда, үміткер бағдарламаға қатыса алмайды.
Екінші бөлімде қанағаттандыратын нәтижеге жетпеген жағдайда (екінші бөлім – психологиялық сұхбат және үшінші бөлім - үміткердің үйрену қабілеттерін ұшқыштарды жаттықтыру құрылғысында сынау) үміткерге келесіде бағдарламаға қатысуға рұқсат берілмейді.
Егер үміткер ұшу мектебінде оқу кезінде қанағаттандырмайтын нәтижелерді көрсеткен болса, бағдарламаға қайта қатысуға мәлімдеме бере алмайды.






