Қазақстан Жайлы
Географиялық картада 15 жыл бұрын пайда болған Қазақстан Республикасы Еуразияның қақ ортасында орналасқан. Қазақ атауы Түрік тілінен аударғанда «еркін адам» деген мағынаны, яғни тарихи таралған еркіндікті сүйетін көшпенділер дегенді білдіреді.
Мыңдаған жылдар бойы көшпенділер мал отарларымен бірге таулардың баурайлары мен өзендер жағалауындағы шұрайлы жерлерде көшіп жүрген. Бағалы терілер тасымалданатын тарихи Жібек жолы және Бұлғын жол Азия және Еуропа арасында маңызды сауда, экономикалық, мәдени өткелі болған Қазақстан аумағы арқылы өткен.
Түрлі ұлттардың отаны
.jpg)
Қазақстан ортақ тарихи жетістіктерімен біріктірілген түрлі ұлттар мен ағымдардың отаны. Қазақстан Республикасындағы әлкелкі салт-дәстүрлер мен тілдердің сиысуын жапон мақалымен дәл жеткізуге болады: «Сіз өз туыстарыңызсыз өмір сүре алғанмен, көршісіз өмір сүре алмайсыз».
Қазақстандықтар өздерінің түрлілігін мақтан тұтады. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа Қазақстанда әрқашан адамдар арасындағы достастық пен шыдамдылықты сақтау берілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130 ұлт бар. Шамамен 54% қазақтар, 30% орыстар, қалған 16%-ын украиндықтар, өзбектер, немістер және татарлар құрайды. Көп таралған діндер ислам және христиан діндері.
Қазақстандықтар көбіне қазақ тілінде сөйлейді, бірақ жас ұрпақтың кей бөлігі үш тілдес. Қазақ және орыс тілдері негізгі және мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Қазақ тілі ата-бабалар тілі ретінде саналады, Орыс тілі күнделікті қолданылады, ал ағылшын тілі шетелден келген қонақтармен сөйлесуге жас ұрпақпен қолданылады.
Болашақ қаласы

Қазақстаннның астанасы Астана қаласының негізі 1830 жылы бекініс ретінде қаланған. Мемлекеттің астанасы ретінде тек 1997 жылы бекітілген жас қала Астана бүгінгі таңда тез өсіп келе жатқан жарқын даңғылдары бар, мүмкіншіліктерге мол және таңқаларлық ойларға толы қазіргі заманға сай қала болып табылады.
1999 жылы Боливия астанасы Ла-Паста Астанаға UNESCO «Бейбітшілік қаласы» деген атақ берді. Астана, сонымен қатар, “әлеуметтік игілік қала үлгісі” болып ары қарай даму үстінде.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана жаңа жобаларды жүзеге асыратын қала екеніне сенімі мол. Қазақстан астанасы өзінің таңқаларлық орындарымен қызықтырады:
• Океанариум, кейбіреулердің айтуынша «жазық даладағы теңіздің тамшысы»
• Әлемдегі ең жас опера театры. Дмитрий Хворостовскийді қоса алғанда, көптеген халықаралық атақтылар өз өнерін паш еткен орын.
• Бетон мен шыныдан салынған, Астана қаласына кіре берісте–ақ көзге түсетін «Бәйтерек» ескерткіші.
Астана болашақтың қаласы ретінде тек бірегей архитектуралық стилімен ғана емес қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Астанада БҰҰ-ныс бас хатшысы мен II Джон Пол Папасы қонақ болған. Қазақстан астанасының есігі туристер, әртістер, бизнесмендер және спортсмендер үшін ашық.
Алматы атты жұлдыз

Әрине әлемдік қалалар өздерінің ұмытылмас ғимараттарымен көзге түседі. Мысалға, Сан-Франциско өзінің Алтын Қақпалы Көпірімен ерекшеленеді. Париж Ефил Мұнарасымен атақты. Қазақстандағы Алматы өзінің Медеу аумағымен таң қалдырады.
Отыз жыл бұрын Қазақстан Кеңес Республикаларының бірі болғанда Алматы әдемі қалалардың бірі ретінде саналған. Ол суық желдерден қорған болатын биіктігі 7,000 метрге жететін жан-жағынан алып таулармен қоршалған. Осыдан Алматының ауа-райы көршілес аймақтарға қарағанда жайлырақ. Қыста Алматыдан 50 км қашықтықта температура -50°C дейін төмендесе, Алматының өзінде 0°C шамасындағы температура сақталады. Жаз кезінде кешкілік салқын жел жергілікті гүлдердің иісімен араласып қала көшелерін аралай соғып, ыстық ауа Іле жақтан соққан жұмсақ суық желмен араласып қалада Орталық Еуразия үшін айрықша ауа-райын тудырады.
Алматы мәдениеті түрлі адамдардың басы біріккен қала. Шығыстық және Еуропалық дәстүрлер шиеленіскен қала тұрғындары қонақжай. Қаланың инфрақұрылымы, өмір деңгейі жақсы дамыған, экономикасы мықты және халықаралық деңгейдегі ойын-сауық орындары бар.
Бір көргеннен ұмытылмас орын
Әлемдегі жер үлкендігі бойынша тоғызыншы орындағы мемлекет болғанымен, Қазақстан туралы көптеген адамдар білмейді. Көп сапар шеккен адамның өзі Қазақстанда таңқаларлық орындардың жеткіліктігіне көз жеткізеді: қар жамылған тау шыңдары, үлкен таулы жазықтар, терең өзендер, шөлдер, шегі көрінбейтін гүлді далалар, адам аяғы баспаған орман қорықтары.
Қазақстан табиғатының әдемілігі керемет. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс бөлігінде орналасқан Тян-Шан, Тарбағатай және Алтай тауларының шыңдарында қысы жазы қар жатады. Әлемнің ең үлкен теңіздер қатарына жатқызылатын батыстағы Каспий теңізі және бір бөлігі ащы, бір бөлігі тұщы судан құралатын Балқаш көлі орналасқан көздің жауын алатын Сарыарқа жазығы. Солтүстік Қазақстан жүздеген айнадай көркем көлдерді қоршаған қарағай ағаштарымен еске түсетін Көкшетауымен белгілі.
Қазақстанның әсемдігін суреттеу үшін бірнеше бет аздық етеді. Баян ауыл ұлттық паркіндегі жартастық бейнелер мен ескерткіштері және Қорғалжын табиғи қорығы 300 түрлі өсімдіктер мен әлемнің солтүстік бөлігіндегі фламинго құсының колониясымен ұмытылмас әсер қалдырады.
Елдің көптеген табиғи қорларын, ұлттық парктерін, бірегей ландшафтыларын, фауна мен флорасын сақталғаны ерекше назарға ие болады. Қазақстан - тамаша экологиялық мекен. Бүлінбеген, алуан түрлі және әдемі.
Демалыс үшін табиғаттың әсем орнын іздеушілер өзінің дауалы жерлерімен, курортымен, батпақты ванналарымен, минералды суларымен атақты Көкшетау жеріне бара алады.
Космодром және тарихи ескерткіштер
.jpg)
Қазақстан түрлі ондаған, жүздеген ежелгі архитектуралық ескертіштерге толы.
Олардың бірі мемлекеттің оңтүстігіндегі құрылысы жартылай аяқталған Ақырташ. Бұл ескерткіштің тарихы 13 ғасырдан бүгінгі күнге дейін шешілмеген тылсым болып табылады. Бұл шым- шытырық 100 бөлмеден тұратын құрылысты кім, қашан, не үшін салып бастағанын ешкім білмейді. Кейбір ғалымдар будда шіркеуі ретінде салынған десе, кейбіреулері Несториандықтардың шіркеу ретінде салынған дейді.
Сонымен қатар, Маңғышлақ жерасты мешіті де таңқаларлық. Мыңдаған жылдар бұрын салынған бұл құрылыста есік терезелері ашық тұрса да ауаның желісі сезіледі.
Қазақстанда өткен тарихқа деген ғазиздік болашаққа ұмтылу мүддесімен бірге ұштасқан. Көптеген туристер үшін космос мұнарасы Байқоңыр Космодромы ұмытылмас орын. Бұл әлемдегі ең көне және үлкен космосты зерттеу орталығы болып табылады. Алғашқы жасанды жер серігі және алғашқы космосқа сапар шекен адам Юрий Гагарин осы жерден ұшырылған.
Қазақстанға Қош Келдіңіз!
Адам аяғы тимеген табиғатты, кереметті, таңқаларлық дәстүрлерді, ескі мен жаңаның араласуын көру үшін тек қана Қазақстанға сапар шегу жеткілікті. Қазақстанға келген қонақтардың Еуразия аумағына деген сүйспеншілігі арта түседі.
Қазақстан жайлы қосымша ақпаратты: www.kazakhstan-tourism.com-нан табасыз






.jpg)
