Ақпарат және қызмет

Тенгри Борттық журналына жарнама орналастыру

Қазір: Ақпарат және қызмет > Тенгри Борттық журналына жарнама орналастыру

TENGRI ақпараттық-танымдық журналы — біздің әуелайнерлеріміздің борттарында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жасалған тағы бір қадам. Журнал ұшу сапарының уақытын қысқартуға көмектесумен қатар саяхатшылар үшін қызықты, есте қалатын және пайдалы ақпарат көзі болып табылады. Көптеген шетелдік қонақтар, әсіресе, Қазақстанға алғаш келетіндер үшін, «Эйр Астана» әуе компаниясы және оның борттық журналы еліміздің визит карточкасы болып саналады.

Таралуы: Журнал «Эйр Астана» орындайтын барлық ішкі және халықаралық маршруттарда таралады. Әр жолаушы журналдың өзіне тиесілі жеке, тегін данасын алады. Сіздің жарнамаңыз орналастырылған журнал ұшақтарда ұшатын 2 айдың ішінде Сіз туралы 500 000-нан астам жолаушылар білетін болады (күн сайын 6 000-нан астам жолаушылар).

Басылымы: 2 айда бір рет.

Ең аз таралымы: 23 000 дана
Форматы: түрлі-түсті жылтыр қағаздағы мерзімдік басылым.
Өлшемі: 21,0 см*29,0 см.
Көлемі: 152 бет
Тілдері: Қазақ, Орыс, Ағылшын

Ішкі бағыттар: Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Өскемен, Орал, Шымкент, Қарағанды.

Халықаралық бағыттар: Лондон (Ұлыбритания), Мәскеу(Ресей), Новосибирск(Ресей), Баку (Әзірбайжан), Амстердам (Голландия), Франкфурт (Германия), Ганновер (Германия), Ыстамбұл (Түркия), Анталья (Түркия), Дубай (БАЭ), Бейжін (Қытай), Үрімші (Қытай), Бангкок (Тайланд), Сеул (Корея), Дели (Үндістан).

Толық ақпарат алу үшін, мына байланыс желілері бойынша хабарласыңыз:
Тел.: + 7 727 257 42 79, 257 16 01
Ұялы тел.: + 7 701 741 01 78
Email: tengri.magazine@airastana.com