Қажетті ақпарат

Амстердам (AMS)

 

АЛМАТЫДАН ҚАШЫҚТЫҒЫ

5250 км / 3260 миль

ҰШУ ҰЗАҚТЫҒЫ

6 сағат

ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТ

Дүниежүзілік уақыт +1 сағат қыс мезгілінде / +2 сағат жаз мезгілінде

АУА РАЙЫ

Қазаннан сәуір айына дейін суытып, орташа температурасы 8°C құрайды. Мамырдан қыркүйек айына дейін жылынып, орташа температурасы 20°C жетеді. Қыркүйектен қаңтар айына дейін жаңбырлы.

ӘУЕЖАЙ

Амстердам Скифол Әуежайы www.schiphol.nl

КІРУ ТАЛАПТАРЫ

Нидерлан Корольдігі Шенген келісім мемлекеттер құрамына кіреді. Кез келген мемлекеттердің Елшілігі немесе Өкілдігі арқылы берілген Шенген визасын, Шенген келісіміне қол қойған мемлекеттер арасында қолданып жүруге болады. Егер Сіз Шенген келісілген мемлекеттердің біріне ғана баратын болсаңыз, сол мемлекеттің Елшілігі немесе Өкілдігімен баланысуыңыз қажет. Егер Сіз Шенген келісілген мемлекеттердің бірнешеуіне сапар шексеңіз, онда бірінші болып кіретін мемлекеттің Елшілігі немесе Өкілдігімен байланысуыңыз жөн.

Төлқұжат әрқашан талап етіледі.

Бұл маңызды ақпарат өзгеруі мүмкін, сондықтан соңғы міәлімет алу үшін тиісті елшілікке хабарласуыңызды сұраймыз.

АҚША БІРЛІГІ

Евро

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Банктер : 09:30 - 15:30 Дүйсенбі - Жұма
Дүкендер : 09:00 - 18:00 Дүйсенбі - Сенбі
Дүкендер 11:00 - 18:00 Жексенбі

ТІЛІ

Нидерланды және ағылшын тілдері

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ

220 вольт, 50 цикл

ТАСЫМАЛДАУ

Халықаралық көлікті жалға беру компаниялары, таксилер, трамвайлар, теміржол жүйелері, қоғамдық автобустар және, әрине, типтік нидерланд велосипедтері. Жергілікті көлікті жалға алу орындарын табу үшін қонақ үйдің Саяхат Ақпарат бөліміне хабарласыңыз.

КӨҢІЛ АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Нидерландықтардың 75% теңіз деңгейінен төмен тұрады. Нидерландыда таулар жоқ. Амстердам қаласының орталығынан Ван Гогтың, Рембрандтың, т.б. көркем суреттері қойылған мұражайларды табасыз.

ИНТЕРНЕТ-САЙТ

www.amsterdam.nl