Ақпарат және қызмет

Жүк тасымалдау туралы ақпарат

Қазір: Ақпарат және қызмет > Жүк Туралы Ақпарат > Жүк тасымалдау туралы ақпарат

Жолжүктің тегін тасымалдау мөлшері Тіркелген жолжүктің мөлшері сапарыңыздың класына, жүк санының өлшеміне, салмағына және орын санына байланысты шектеледі. Мөлшерден тыс жолжүк үшін қосымша төлем алынады. Әуебилеті бар, ұшақ ішінде бөлек орын берілмейтін сәбилерден өзге, кез-келген эконом класс жолаушысы 20 кг., ал бизнес класс жолаушысы 30 кг-нан аспайтын қол жүгі және жол жүгін ақысыз тасымалдай алады.

Өз жолжүгіңізді ішкі және сыртқы жағынан таңбалаңыз. Барлық ескі биркаларды алып тастаңыз. ҚАУІПТІ ЗАТТАРДЫ сөмкеңізге салмаңыз. Бұл жөнінде сапар басталмас бұрын бізбен немесе сапар жөніндегі бюроңыздың агентімен бірге тексеруіңізді өтінеміз.

Көлемді және ауыр жолжүгі (3 өлшем сомасы бойынша 1орын 158 см астам), сондай-ақ ауырсалмақты (1 орын 30 кг астам) жолжүк Тасымалдаушымен алдын-ала келісім жасалынып, жолжүктің салмағы негізінде төлем жасалғаннан кейін ғана алынады және жолжүк тасымалдауының қалыпты мөлшеріне жатпайды.

Мөлшерден тыс жолжүгі үшін әуебилетте көрсетілген тегін жолжүктің салмағынан асатын мөлшерден тыс жолжүкті тасымалдау бағытына сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша төлем алынады.  

Қол жүгінің мөлшері қауіпсіздік мақсатында шектеледі, және Эйр Астана рейстерінде эконом класс жолаушылары үшін мұндай мөлшерлер 55 см. х 40 см. х 20 см. және 8 кг. артық болмауы тиіс, сондай-ақ бизнес класс жолаушылары 24 см. х 35 см. х 20 см. мөлшеріндегі салмағы 18 кг. аспайтын екінші қолжүкті тасымалдай алады.

Сонымен қатар жеке пайдаланыстағы мынадай заттарды алып жүруге болады:

  • Бір әйел сөмкесі немесе портфель;
  • Ұшу уақытында оқуға арналған шағын материалдар;
  • Ұшу кезінде тұтынуға арналған балалар тағамы және көшпелі балалар керуеті;
  • Бір қолшатыр немесе таяқ;
  • Бір пальто немесе жамылғы;
  • Мүгедектің толықтай жиналмалы дөңгелекті орындығы және/немесе балдақ (жолаушы оның көмегінсіз жүре алмайтын жағдайда);
  • Портативті компьютер, фото және бейне камера;
  • Шоқ гүл

Сәбилерді алып жүруге арналған керует немесе толықтай жиналмалы бесік-арба, сондай-ақ мүгедек адамның толықтай жиналмалы дөңгелекті орындығы (жолаушы оның көмегінсіз жүре алмайтын жағдайда) тегін тасымалданады, бірақ жолжүк бөлімінде орналастырады.

Ескерту. Ойыншық түріндегі немесе модельдік қару күзеттік бақылау пунктінде алынып қойылады және оларды салон ішіне алып жүруге рұқсат етілмейді. Әдетте мұндай заттар иемденушіге қайтарылмайды. Салонда жолжүкпен бірге ешқандай өткір заттарды алып жүруге болмайды. Егер сапарға шыққанға дейін әуежайдың қауіпсіздік қызметі тарапынан мұндай заттар алынып қойылса,

Эйр Астана әуекомпаниясының ережелеріне сәйкес үй жануарларын тасымалдаушымен алдын ала келісім жасағаннан кейін, арнайы тарифты төлеу арқылы ұшақ ішінде тасымалдауға рұқсат етіледі. Жануарлар арнайы контейнерлерде тасымалдануы тиіс.Жолаушыға тек бір контейнер тасымалдауға болады, контейнердің жануармен қоса салмағы 8 кг., ал көлемі 30x47x27 см аспауы тиіс. Сонымен қатар, әуекомпаниямен алдын ала келісім жасап, арнайы тарифтерді төлегеннен кейін, жануарды контейнерде тіркелген жолжүк ретінде немесе ұшақтың жүк бөліміндегі арнайы контейнерлерінде тасымалдауға болады.

Уақытында тіркелу Жолаушылар барлық рәсімдеулерден өту үшін, әуежайға алдын ала келуі тиіс. Әуе билетінің ұшу купонында көрсетілген уақыт, ұшақтың ұшып шығу уақыты болып табылады. Біз немесе сапар бюросының агенті ұсынған тіркелу уақыты, бүкіл рәсімдеу жұмыстарын орындауға қажет уақытты қоса алғанда, жолаушының ұшуына рұқсат етілген ең соңғы уақыты болып табылады. Бекітілген уақыттан кейін келген жолаушылар ұшуға жіберілмейді және мұндай жағдай орын алған кезде әуежелісі жауапкершіліктен босатылады. Барлық бағыттардағы тіркелу, ұшып шығу уақытынан 40 минут бұрын тоқтатылады.

Ұқыптылық Ұшаққа кіру есіктері (қақпалар) ұшып шығу уақытынан 15 минут бұрын жабылады. Бұл ұшып шығуға арналған шағын әзірлеу жұмыстары аяқталып, әуе кестесі бойынша ұшып шығу және межелі жерге дер кезінде жету үшін негізделген уақыт болып табылады.

Сондықтан ұшаққа кешігіп қалмауыңыз үшін белгіленген уақыттан ертерек келуіңіз маңызды. Тіркелу кезінде біздің агенттер Сіздің назарыңызды отырғызудың ақырғы уақытына аударады. Өтініш: өзіңіздің отыру талоныңызды тексеріңіз, хабарламаларды тыңдаңыз және ақпараттық таблоны қадағалаңыз. Кейде жөнелтімнің негізгі аймағынан шығатын жерде (қақпаға) жетуге15 минуттай уақыт қажет болуы мүмкін.

Алкогольды ішімдіктер. Әуе салонында ұсынылған алкогольды ішімдіктерден басқа, жолаушыларға дүкеннен сатып алынған ішімдікті пайдалануға тиым салынады.

ҮКІМЕТТІК САЛЫҚТАР, АЛЫМДАР ЖӘНЕ БАЖДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Бұл билеттің құнына мемлекеттік органдармен немесе әуежай әкімшілігімен салынатын салықтар, алымдар және/немесе баждар қосылуы мүмкін. Мұндай салықтар, алымдар және баждар әуе саяхаты құнының едәуір бөлігін құрауы мүмкін, олар не жолақы құнына қосылған, не осы билеттің САЛЫҚТАР/АЛЫМДАР/БАЖДАР бағанында жеке көрсетілген. Сондай-ақ, Сізге басында алынбаған алымдарды төлеуіңіз қажет болуы мүмкін.

МАҢЫЗДЫ

Арнайы тарифтер бойынша шектеулер.

Билетте кез келген өзгерістерді шектеуші немесе тыйым салушы шарттарда, және күші жойылған немесе тасымалдауды пайдаланбаған жағдайда, қайтарылатын ақша мөлшерін шектеуі мүмкін көптеген «арнайы» тарифтер бар.

Кодтарды бірлесіп бөлісу. Серіктес әуе жолдарымен келісімдердің бар болуы бұл, егер Сіз билетті бізде брондасаңыз да, және Сіздің билетіңізде Эйр Астана тасымалдаушы ретінде көрсетілсе де, кейбір жағдайларда сіздің сапарыңыз серіктестік әуе жолымен жүзеге асырылады. Бұл Сіздің тасымалдау құжаттарыңызда көрсетіледі, сондай-ақ анағұрлым нақты ақпаратты Эйр Астана әуе компаниясынан немесе өзіңіздің сапар бюроңыздың агентінен алуыңызға болады.

ЖОЛЖҮК ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жолжүкті жоғалту, ұстап қалу немесе бүлдірген үшін жауапкершілік шектелген.

  1. Көптеген халықаралық тасымалдаулар (халықаралық бағыттың ішкі бөлігін қоса алғанда) үшін жауапкершілік шектелген және тіркелген жолжүктің бір фунты үшін шамамен 9.07 АҚШ долларын (бір килограмға 20.00 АҚШ доллары).
  2. АҚШ ішінде пунктер арасында ғана ұшу кезінде әуе тасымалдаушысының жауапкершілігі бойынша кез келген шектеу бір жолаушыға 2,500 АҚШ долларынан кем болмауын Федералдық ережелер талап етеді. Кейбір заттар түріне қосымша бағалау мәлімделуі мүмкін. Кейбір тасымалдаушылар нәзік, бағалы және шапшаңбұзылғыш заттар үшін жауапкершілікті өздеріне алмайды. Анағұрлым нақты ақпаратты тасымалдаушыдан ала аласыз

«Эйр Астана» әуекомпаниясының тіркелген жолжүкті
тасымалдаудағы жауапкершілігі

Егер жолаушы жолжүгіндегі заттар «Құнды жүк» қатарынан болса, бұл жағдайларда әуекомпания жолжүкті сақтандыруды ұсынады.
Көптеген жетекші әуекомпаниялар сияқты, «Эйр Астана» әуекомпаниясы да тіркелген жолжүк елеусіз зақымданған жағдайда, яғни сынған дөңгелектерге, жоғалып қалған бекіткіш ленталарға, жұлынып қалған ұстатқыштарға, сондай-ақ шабадандардың көп пайдаланудың салдарынан тозып кетудің нәтижесінде болған сызат, қажалу, майысу, тіліну, кірленулерге жауап бермейді.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕУЛІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕ

Сапарға шыққан елден өзге елдегі межелі жерді немесе аялдаманы қамтитын жолаушыларға, сол елдердің кез-келген бөлігін қоса алғанда, Варшава Конвенциясы деген атпен белгілі келісімнің ережелері бүкіл сапар барысында қолданыла алатынын хабарлаймыз. Америка Құрама Штаттарынан, оған немесе сол ел ішінде келісілген аялдама орнына сапар шегетін мұндай жолаушылар үшін Конвенция мен қолданыстағы тарифтері бар тасымал жөніндегі шарт бойынша тасымалдаушының тарапынан жолаушының өлімі немесе оған жарақат келтірілгені үшін жауапкершіліктің шектелуі көп жағдайда дәлелденген залалмен қамтамасыз етіледі, бірақ жолаушы үшін 75 000 АҚШ долларынан аспайды және мұндай шектеуге дейінгі жауапкершілік тасымалдаушы тарапының салақтығына тәуелді болмауы қажет.

Мұндай арнайы шарттардың тасымалдаушылардың қызметтерін пайдаланатын немесе Америка Құрама Штаттарына, одан немесе сол елде келісілген аялдамасыз сапар шеккен жолаушы үшін, оның өлімі немесе жарақаттары үшін көпшілік жағдайларда тасымалдаушының жауапкершілігі шамамен 10 000 АҚШ долларымен немесе 20 000 АҚШ долларымен шектеледі.

Мұндай арнайы шарттардың тараптарына сай тасымалдаушылардың атаулары тасымалдаушылардың барлық билет кассаларында болады және талап ету бойынша оқылуы мүмкін.

Әдетте жеке компаниядан сақтандыру полисін сатып алу арқылы қосымша қорғаныш алынуы мүмкін. Мұндай сақтандыру Варшава Конвенциясы немесе тасымалдың арнайы шарты бойынша ешқандай жауапкершілік шектеулерінің ықпалында болмайды. Неғұрлым толық ақпарат алу үшін өз әуежеліңізбен немесе сақтандыру компаниясының өкілімен кеңесуіңізді өтінеміз.

Ескерту:

Жауапкершіліктің жоғарыда аталған 75 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі шектеу, Штатқа берілген шағымдану жағдайынан басқа, заңды алымдар мен төлемдерді қамтиды. Заңды алымдар мен төлемдер ерекше тағайындау ретінде ресімделген. Бұл ретте шектеу заңды алымдары мен төлемдерін қоспағанда 58 000 АҚШ доллары сомасын құрауы тиіс.

Хабарлама: Жолаушының бағыты, шыққан елінен басқа елдегі межелі жерді немесе аялдаманы қамтитын болса, Варшава Конвенциясы қолданылады және осы Конвенция бойынша жолаушы өлімі немесе жарақаты, сондай-ақ жолжүгінің жоғалуы немесе бүлінгені үшін көп жағдайларда тасымалдаушының жауапкершілігі реттеледі және шектеледі. Сонымен қатар «Халықаралық жолаушыларға жауапкершілікті шектеу жөніндегі кеңеске» және «Жолжүк үшін жауапкершілікті шектеу жөніндегі ескертпеге» қараңыз.