Бизнес-класс
Эйр Астананың бизнес класы дүниежүзілік талаптарға сай етіп жасалған. Боинг 767, Боинг 757 және Эйрбас А320-А321 сериялы ұшақтардағы барлық орындар былғарыдан жасалған, аралары кең және екіден орналасқан. Барлық рейстерде жеңіл дәмтатым және толық ыстық тағамдармен қоса шараптар мен алкогольді сусындардың бірнеше түрі ұсынылады.
Боинг 767-300ER

Боинг 767-300 ұшағында эргономикалық, былғарыдан жасалған, артқа қарай түсетін, жылжымалы аяқ қойғыштары бар және аралары 55 – 56 дюйм болатын кең 30 орын бар.
Әр орын орыс және ағылшын тілдерінде берілетін соңғы фильмдер, комедиялар және деректі фильмдерді көрсететін жеке экранмен және сегіз арналы аудио ойын-сауық жүйесімен жабдықталған.
Боинг 757-200

Боинг 757-200 ұшағында эргономикалық, былғарыдан жасалған, артқа қарай түсетін, жылжымалы аяқ қойғыштары бар және аралары 50 дюйм болатын 20 бизнес класс орындар бар.
Боинг 757-200 ұшағы орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем, деректі фильмдер және комедиялар көрсететін видео және сегіз арналы аудио ойын-сауық жүйесімен қамтылған. Осының бәрін сіз бизнес класындағы үлкен экраннан қызықтай аласыз.
Эйрбас A320-A321 сериялары
Эйрбас А320 ұшағының бизнес класында аралары 39 дюйм болатын кең, керіліп, демалуға мүмкіндік беретін 16 ыңғайлы орындар орналасқан. Осыған ұқсас Эйрбас А321 ұшағында аралары 38 дюймді 28 ыңғайлы бизнес класты орын бар.
Сіз үлкен экраннан көркем және деректі фильмдерді тамашалай аласыз. Ән тыңдағыңыз келсе, арнайы бағдарламалары бар, әртүрлі стильдерді ұсынатын 8 арнаның бірін таңдай аласыз.



