Нұсқаулар және көмек
Қазір: Электрондық қызметтер > Онлайн брондау > Нұсқаулар және көмек
Төмендегі нұсқаулар «Эйр Астана» әуекомпаниясының вебсайтында әуебилетті сатып алу процессін көрсетеді.

Әуебилетті онлайн арқылы сатып алу үшін Сіздің жоспарыңыздағы ұшу туралы ақпаратты жүйеге енгізу қажет:
- Бір бағытта ұшу немесе барып-қайту сапарын таңдаңыз.
- Ұшып шығу күнін, сондай-ақ қаланы таңдаңыз.
- Ұшып келу күнін және қаланы таңдаңыз. Алдын ала әуебилетті сатып алу, брондау күнінен бастап, 331 күн бұрын қабылданады
- Ересек, бала және сәбилер категориясынан жолаушылардың санын таңдаңыз.
- Ең көбі 9 жолаушы бір уақытта онлайн арқылы әуебилетке төлем жасай алады.
- 2-11 жастағы (халықаралық рейстерде), ал 2-14 жастағы (ішкі рейстерде) жолаушы бала категориясына жатады.
- 2 жастан төмен балалар сәбилер болып саналады.
- Жалғыз сапар шегетін балалар онлайн қызметін қолдана алмайды.
- Брондау класын таңдаңыз – эконом немесе бизнес
- Егер Сіз басқа ұшып шығу/ұшып келу күнін таңдағыңыз келсе, «Ұшып шығу күндерін өзгертуге болады» таңдаңыз.
Барлығын аяқтағаннан кейін <<Рейсті Іздеу>> түймешігін басыңыз.
1-қадам : Күндер

- Енді Сізге күндерді растап, қалаған баға мен күнді таңдау қажет.
- Барлық жолаушылардың жалпы саны келесі бетте көрсетілген.
- Егер талап етілген күндер бойынша рейстер болмаса, «Кестедегі күндер бойынша рейстер жоқ» деген хабарлама шығады.
- Тарифті таңдағаннан кейін беттің төмен жағындағы <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз.
2-қадам: Рейсті таңдаңыз
Төменде рейс туралы толық мәлімет көрсетілген:

- Сізге рейсті таңдау керек
- Тариф түрін таңдаңыз
- Содан кейін <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз.
3-қадам : Рейс туралы мәлімет

- Рейстің толық мәліметін тексеріңіз
- Тариф ережелерімен танысыңыз
- <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз
4-қадам: Жолаушылар туралы мәлімет
Барлық жолаушылардың есімдерін енгізуіңізді сұраймыз. Есімдер төлқұжат бойынша, латын әріптерімен жазылуы керек.

- Жолаушы туралы толық мәліметті, сондай-ақ байланыс мәліметін қамтитын бағананы толтырыңыз.
- Келесі тапсырыстар кезінде жүйе Сіздің толық мәліметіңізді еске сақтауы үшін, Сізге Менің байланыс мәліметімді еске сақтаңыз бағанасын белгілеу қажет.
- Сонымен қатар, қалаған тағам мен салондағы орныңызды таңдай аласыз.
- <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз.
5-қадам: Сатып алғаныңызды растаңыз
- Төлқұжат нөмірін енгізіңіз
- Егер Сіз тапсырысыңыздағы мәліметпен толық келіссеңіз, растауыңызды сұраймыз. Осылайша Сіз тасымалдау және тариф шарттарын қабылдағаныңызды растайсыз.
- <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз .

Төлеу барысы
- Visa немесе MasterСard карточкалары арқылы төлем жасау үшін Сізге төменде берілген бос жерді толтыру керек.
- Сонымен қатар Сізге есімізді, төлқұжаттағыдай енгізу керек және кредиттік карточка нөмірін, мерзімнің өту күнің (айы мен жылын), карточканың екінші жағында орналасқан, үш санды қауіпсіздік кодын енгізу керек.
- <<Төлеу>> түймешігін басыңыз.

6-қадам: Бағыт
- Бұл қадам Сіздің тапсырысыңыз жайлы толық мәліметті көрсетеді.
- Тапсырыстың расталуы мен Электрондық Билет Сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
- Электрондық Билетті басып шығарып, оны тіркеу кезінде көрсету үшін өзіңізбен бірге алып жүруіңізді сұраймыз.







