Қызмет көрсету

Нұсқаулар және көмек

Қазір: Қызмет көрсету > Онлайн брондау > Нұсқаулар және көмек

Төмендегі нұсқаулар «Эйр Астана» әуекомпаниясының вебсайтында әуебилетті сатып алу процессін көрсетеді.

Әуебилетті онлайн арқылы сатып алу үшін Сіздің жоспарыңыздағы ұшу туралы ақпаратты жүйеге енгізу қажет:

  • Бір бағытта ұшу немесе барып-қайту сапарын таңдаңыз.
  • Ұшып шығу күнін, сондай-ақ қаланы таңдаңыз.
  • Ұшып келу күнін және қаланы таңдаңыз. Алдын ала әуебилетті сатып алу, брондау күнінен бастап, 331 күн бұрын қабылданады
  • Ересек, бала және сәбилер категориясынан жолаушылардың санын таңдаңыз.
    • Ең көбі 9 жолаушы бір уақытта онлайн арқылы әуебилетке төлем жасай алады.
    • 2-11 жастағы (халықаралық рейстерде), ал 2-14 жастағы (ішкі рейстерде) жолаушы бала категориясына жатады.
    • 2 жастан төмен балалар сәбилер болып саналады.
    • Жалғыз сапар шегетін балалар онлайн қызметін қолдана алмайды.
  • Брондау класын таңдаңыз – эконом немесе бизнес
  • Егер Сіз басқа ұшып шығу/ұшып келу күнін таңдағыңыз келсе, «Ұшып шығу күндерін өзгертуге болады» таңдаңыз.

Барлығын аяқтағаннан кейін <<Рейсті Іздеу>> түймешігін басыңыз.

1-қадам : Күндер


  • Енді Сізге күндерді растап, қалаған баға мен күнді таңдау қажет.
  • Барлық жолаушылардың жалпы саны келесі бетте көрсетілген.
  • Егер талап етілген күндер бойынша рейстер болмаса, «Кестедегі күндер бойынша рейстер жоқ» деген хабарлама шығады.
  • Тарифті таңдағаннан кейін беттің төмен жағындағы <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз.

2-қадам: Рейсті таңдаңыз

Төменде рейс туралы толық мәлімет көрсетілген:

  • Сізге рейсті таңдау керек
  • Тариф түрін таңдаңыз
  • Содан кейін <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз.

3-қадам : Рейс туралы мәлімет


  • Рейстің толық мәліметін тексеріңіз
  • Тариф ережелерімен танысыңыз
  • <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз

4-қадам: Жолаушылар туралы мәлімет

Барлық жолаушылардың есімдерін енгізуіңізді сұраймыз. Есімдер төлқұжат бойынша, латын әріптерімен жазылуы керек.

  • Жолаушы туралы толық мәліметті, сондай-ақ байланыс мәліметін қамтитын бағананы толтырыңыз.
  • Келесі тапсырыстар кезінде жүйе Сіздің толық мәліметіңізді еске сақтауы үшін, Сізге Менің байланыс мәліметімді еске сақтаңыз бағанасын белгілеу қажет.
  • Сонымен қатар, қалаған тағам мен салондағы орныңызды таңдай аласыз.
  • <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз.

5-қадам: Сатып алғаныңызды растаңыз

  • Төлқұжат нөмірін енгізіңіз
  • Егер Сіз тапсырысыңыздағы мәліметпен толық келіссеңіз, растауыңызды сұраймыз. Осылайша Сіз тасымалдау және тариф шарттарын қабылдағаныңызды растайсыз.
  • <<Әрі қарай>> түймешігін басыңыз .

Төлеу барысы

  • Visa немесе MasterСard карточкалары арқылы төлем жасау үшін Сізге төменде берілген бос жерді толтыру керек.
  • Сонымен қатар Сізге есімізді, төлқұжаттағыдай енгізу керек және кредиттік карточка нөмірін, мерзімнің өту күнің (айы мен жылын), карточканың екінші жағында орналасқан, үш санды қауіпсіздік кодын енгізу керек.
  • <<Төлеу>> түймешігін басыңыз.

6-қадам: Бағыт

  • Бұл қадам Сіздің тапсырысыңыз жайлы толық мәліметті көрсетеді.
  • Тапсырыстың расталуы мен Электрондық Билет Сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
  • Электрондық Билетті басып шығарып, оны тіркеу кезінде көрсету үшін өзіңізбен бірге алып жүруіңізді сұраймыз.