Қызмет көрсету

Сұрақ-жауап

Қазір: Қызмет көрсету > Онлайн брондау > Сұрақ-жауап

1. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының веб-сайты арқылы онлайн тәртібінде әуебилетті қалай сатып алуға болады?

2. С: Әуебилетті Интернет арқылы брондаған жағдайда оны қанша уақыт ішінде сатып алу қажет?

3. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейсіне билет сатып алу үшін жасалынатын төлемнің қандай түрлері бар?

4. С: Онлайн брондауда қиындық туған жағдайда кіммен хабарласуым керек?

5. C: Интернет арқылы брондау жасағаннан кейін әуебилетті қанша уақыт ішінде алуға болады?

6 С: Интернет арқылы төленген әуебилеттің құнын қалай қайтаруға болады?

7. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде арнайы тағамға тапсырыс беруге болады ма?

8. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде жас балаға ересексіз билетті брондау мүмкін бе?

9. С: Онлайн брондау кезінде жас баланың жасы қанша болуы керек?

10. С: Интернет арқылы төлем жасайтын адам сапар шегетін адамдардың бірі болуы міндетті ме?

11. С: Ұшып шығу күнін ауыстыру мүмкін бе?

12. С: Әуебилетті қай уақытта сатып алуға болады?

13. С: Әуекемесінің бортындағы өз орнымды таңдауыма болады ма?

1. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының веб-сайты арқылы онлайн тәртібінде әуебилетті қалай сатып алуға болады?

Ж: Әуебилетті онлайн тәртібінде біздің www.airastana.com веб-сайтымыздың негізгі бетінде сатып алуға болады.

On top

2. С: Әуебилетті Интернет арқылы брондаған жағдайда оны қанша уақыт ішінде сатып алу қажет?

Ж: Сіз онлайн арқылы брондау кезінде кредиттік карточкаңызбен (Visa немесе MasterCard) бірден төлем жасауыңыз қажет.

On top

3. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейсіне билет сатып алу үшін жасалынатын төлемнің қандай түрлері бар?

Ж: Кез-келген банк шығарған тек қана Visa (Visa Electron түрінен басқа) немесе MasterCard кредиттік карталарын пайдалану арқылы келесі валюталармен онлайн тәртібінде төлем жасауға болады: EUR (евро), GBP (фунт стерлинг), AED (дирхам), INR (рупий), THB (бат), CNY (юань) и KRW (вона). Кез-келген банк шығарған Visa, MasterCard және American Express кредиттік карталарын, сондай-ақ «Казкоммерцбанк» АҚ шығарған Maestro және Cirrus дебеттік карталарын пайдалану арқылы ҚР ұлттық валютасымен онлайн тәртібінде төлем жасауға болады.

On top

4. С: Онлайн брондауда қиындық туған жағдайда кіммен хабарласуым керек?

Ж: Келесі электрондық поштаға online_booking@airastana.com хат жазыңыз немесе Эйр Астана туралы/Кері байланыс сілтемесін басу арқылы бізбен хабарласа аласыз. Біздің агенттер Сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарастырады.

On top

5. C: Интернет арқылы брондау жасағаннан кейін әуебилетті қанша уақыт ішінде алуға болады?

Интернет арқылы брондау жасаған кезде өзіңіз көрсеткен электрондық поштаға Электрондық Билет жіберіледі. Оны принтерден шығарып, тіркеуге келе беруіңізге болады.

On top

6 С: Интернет арқылы төленген әуебилеттің құнын қалай қайтаруға болады?

Ж: Әуебилеттің қайтару құны тарифтің қолдану шартына байланысты. Билетіңізді қайтаруға болатын жағдайда келесі электрондық пошта арқылы өтініш жіберу қажет: online_booking@airastana.com

On top

7. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде арнайы тағамға тапсырыс беруге болады ма?

Ж: "Эйр Астана" әуекомпаниясы емдәм сақтайтын жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы тағамды ұсынуға қуанышты. Тағамға арнайы тапсырысты билетіңізді брондау кезінде беруіңізге болады (4 Қадам). Арнайы тапсырыс рейстің ұшуына дейін кемінде 24 сағат бұрын жасалуы керек.

On top

8. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде жас балаға ересексіз билетті брондау мүмкін бе?

Ж: Жоқ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде қасында жас балаға ересексіз әуебилетті брондау мүмкін емес. Бала үшін әуебилет ересек адаммен қатар брондалуы тиіс

On top

9. С: Онлайн брондау кезінде жас баланың жасы қанша болуы керек?

Ж: Компанияның ережелеріне сәйкес, халықаралық рейстерде 2-11 жастағы жолаушы жас бала деп танылады. Ал ішкі рейстер үшін – 2 және 12 жас аралығындағы жолаушылар жас бала деп танылады.

On top

10. С: Интернет арқылы төлем жасайтын адам сапар шегетін адамдардың бірі болуы міндетті ме?

Ж: Төлем картасының иесі кез-келген басқа адам болуы мүмкін. Бірақ мынаны ескеруіңіз қажет: онлайн брондау кезінде жасалған барлық транзакцияларға төлем картаның иегері жауапты.

On top

11. С: Ұшып шығу күнін ауыстыру мүмкін бе?

Ж: Ұшып шығу күнін ауыстыру тарифтің қолдану шартына байланысты. Шарттарды нақтырақ білу үшін келесі электрондық поштаға online_booking@airastana.com хат жазыңыз немесе Эйр Астана туралы/Кері байланыс сілтемесін басу арқылы бізбен хабарласыңыз. Біздің агенттер Сіздің өтінішіңізді қарастырады

On top

12. С: Әуебилетті қай уақытта сатып алуға болады?

Ж: Әуебилетті Интернет арқылы біздің www.airastana.com веб-сайтымыздан ұшудың алдында кем дегенде бір сағат бұрын сатып алуға болады және онлайн транзакциясының ұзақтығы 20 минут.

On top

13. С: Әуекемесінің бортындағы өз орнымды таңдауыма болады ма?

Ж: Әуекемесінің бортындағы өз орныңызды онлайн брондау кезінде ұшып шығудан кем дегенде 48 сағат бұрын таңдауыңызға болады. 4 Қадамда «Қосымша мүмкіншіліктер» опциясын таңдаңыз немесе өтінішіңізді online_booking@airastana.com электрондық поштасына жіберіңіз.

On top