Бортсеріктер
Егер сіз кез келген адаммен тіл табыса білсеңіз, ағылшын, қазақ тілдерін жақсы білсеңіз және қызмет ету саласында жұмыс тәжірибесіне ие болсаңыз онда биік шыңдардың жаңа деңгейі сізді күтуде.
Бортсеріктер маманы әлемде ең мәртебелі кәсіптердің бірі. Бортсерік әуе кемесінде жолаушыларға қауіпсуздікті және де әлемдік стандарттарына сәйкес жоғары дәрежелі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Бортсерік, әуе компаниясының ғана емес, сондай-ақ елдің де өкілі. Бұл - жоғары талаптарға сай болуды талап ететін, жауапты, қиын, сондай-ақ қызық жұмыс.
Егер қиындықтардан қорықпасаңыз, жақсы жал-ақысы бар, авиация саласынан абыройлы жұмыс іздесеңіз, сонымен қатар төменде жазылған барлық талаптарға саймын деп ойласаңыз, онда адамдар қорын басқару департаментіне, осы лауазымға өтінішіңізді табыстаңыз.
Кандидатқа қойылатын талаптар
- Ағылшын тілінде еркін сөйлеу Қазақ тілін білу
- Қызмет көрсету саласындағы тәжірибе абзал болады;
- Жас шамасы - 20-35;
- Ер адамдардың бойы 165 см, әйел адамдар- 160 см кем болмауы тиіс;
- Көрікті келбетке ие.
- Әскери тіркеуі бар (ерлер үшін)
- Қазақастан Республикасының азаматтығы





