Жануарларды тасымалдау
Негізгі ақпарат
«Эйр Астана» жолаушыларға өздерімен бірге PETC (жолаушылар салонында), сондай-ақ AVIH (жолжүк ретінде жүк бөлмелерінде) кішкентай жануарларын алып жүруге рұқсат етеді.Жануарларды тасымалдау үшін «Эйр Астана»-мен алдын ала кеңесіп, рұқсат алу қажет.
Жануарлар әрқашан сапар шегу агентінде немесе «Эйр Астана»-ның Арнайы Қызмет көрсету
Бөлімінде (special.services@airastana.com) тіркелуі керек. Есіңізде болсын, «Эйр Астана»-ның рұқсатынсыз және алдын ала тіркеусіз жануарды тасымалдау мүмкін емес.
Жануарды тасымалдауға арналған қораптың талаптары:
Жануарды тасымалдауға арналған қорап сапар уақытында жануар шығып кетпейтіндей мықты болуы қажет. Қорап түбі су өткізбейтін, ауасы ауысып тұратын, тағам беретін тесігі болуы қажет. Егер қораптың дөңгелектері болса, олар алып тасталынуы немесе олар жүрмейтін жағдайға келтірілуі керек. Қорап жануардың тұруына, отыруына, жатуына мүмкіндік беретін жеткілікті түрде үлкен болуы қажет.
Егер тасымалдаушы тұлға қажетті барлық құжаттарды ұсынса, тасымалдауға немесе брондауға рұқсат берілуі тиіс. Басқа, ешқандай жағдайларда жануарды тасымалдауға рұқсат берілмейді.
Халықаралық рейстерге байланысты қосымша маңызды ақпараттар
Жануарды тасымалдау Ұшып шығу/қону елінде белгілі-бір талаптармен немесе ережелермен реттелгендіктен, Дубай, Анталья, Ыстамбұл, Бангкок бағыттарында және кері ұшатын рейстерге жануарларды тасымалдау рұқсат етілмейді) Сізге 48 сағаттан аспайтын уақыт аралығында «Эйр Астана»-ның арнайы қызмет көрсету бөліміне хабарласу қажет. Ықтимал банк демалыс күндерін ескерген жөн.
Әуе көлігінің түріне сәйкес жануарлар санын шектеу
Жүйелі рейстермен жануарларды тасымалдау бекітімге байланысты іске асырылынады. Әуе көлігінің түріне сәйкес төменде берілген кесте бойынша жануарлар саны шектелінеді:
|
A320*, A321, B757, B767 |
1 бизнес / 2 эконом 0 бизнес / 3 эконом |
2* |
| F50 | 2 эконом | 1 |
*Ескерту: AVIH A320-да рұқсат етілмейді.
PETC (жолаушылар салонында жануарларды тасымалдау)
PETC үшін қорапқа салынған жануардың салмағы 8 кг-нан (17 фунт) аспауы керек. Бір жолаушыға тек бір қорап рұқсат етіледі.Орындық астына қойылуын ескергенде 320/321/757/767 әуе көлігіндегі рұқсат етілген қорап мөлшері - 30 x 47 x 27 см және F50 әуе көлігіндегі рұқсат етілген қорап мөлшері - 29 x 43 x 26 см.
Кішкентай иттер мен мысықтарды өзіңізбен бірге алып жүру үшін тасымалдауға арналған жұмсақ сөмкелерді пайдалануға болады. Мұндай сапар шегу сөмкелерін жануарлар дүкенінен сатып алуға болады. Жұмсақ сөмкелердің басқа түрлерін PETC тасымалдауы үшін қолдануға болмайды. Егер Ұлыбританиядан келсеңіз PETC тек темір торда ғана рұқсат етіледі.
AVIH (жануарларды жүк ретінде жүк бөлмесінде тасымалдау)
AVIH үшін қорап салмағын қосқанда максималды салмақ 50 кг-нан аспауы қажет. Бұл салмағы шамадан асатын жануарларды жүк ретінде Әуе Жүкқұжаты бойынша тасымалдау керек. 40 кг-нан асатын жануарларды тасымалдауда ағаштан жасалған мықты қорап қолданылуы керек.Алматы және Астана әуежайларындағы «Эйр Астана» жүк бөлімдерінде мысықтар мен иттерді ішкі рейстерде тасымалдауға арналған майыспалы, аспалы үйшіктер сатылады. Олардың алты мөлшері ұсынылады:
100 38 x 40 x 38 см үлгісі 3,0 кг
200 68 x 50 x 58 см үлгісі 5,5 кг
300 81 x 55 x 58 см үлгісі 7,5 кг
400 91 x 60 x 66 см үлгісі 10,0 кг
500 101 x 68 x 76 см үлгісі 13,0 кг 500 үлгі F50 бөліміне сәйкес келмейді
700 122 x 81 x 88 см үлгісі 700 үлгісі тек B752 бөліміне ғана сәйкес келеді
AVIH үшін көп дегенде бірге өмір сүретін 14 кг орташа салмақтағы екі жануарды бір қорапта тасымалдауға болады. Бұл мөлшерден асатын жануарлар жалғыз сапар шегуі тиіс. Көп дегенде үш алты айлық бір ұяның жануарларын бір қорапта тасымалдауға болады.
Егер сұрақтарыңыз болса, келесі электрондық адреске хабарласуыңызды сұраймыз: special.services@airastana.com



