Ақпарат және қызмет

Жануарларды тасымалдау

Қазір: Ақпарат және қызмет > Арнайы Қызметтер > Жануарларды тасымалдау

Негізгі ақпарат

«Эйр Астана» жолаушыларға өздерімен бірге кішкентай мысықтар мен иттерді (8кг-нан аспайтын) және аквариум балықтарын PETC (жолаушылар салонында), сондай-ақ 8кг-нан асатын иттер мен мысықтарды AVIH (жолжүк ретінде жүк бөлімдерінде) алып жүруге рұқсат етеді.
Құстар мен кеміргіш жануарларды жолаушылар салонында немесе жүк бөлімінде тіркелген жүк ретінде тасымалдауға тиым салынған. Құстар мен кеміргіштер тек жүк ретінде, жүк бөлімінде тасымалданады.

Жануарларды тасымалдау үшін «Эйр Астана»-мен алдын ала кеңесіп, рұқсат алу қажет.

Жануарды тасымалдау үшін сіздің өтініш қағазыңыз брондау агентімен немесе Эйр Астананың Арнайы Қызмет көрсету орталығы арқылы ұшып шығуға дейін 24 сағат бұрын тіркелуі тиіс.

Жануарларды алып жүруге тапсырыс брондауға, ұшып шығудан 24 сағаттан кем емес уақыт бұрын, билет брондайтын агент арқылы немесе Эйр Астананың Арнайы Қызмет Көрсету бөлімінде (special.services@airastana.com) тіркелу керек.

Балықтарды алып жүруге тапсырыс, ұшып шығудан 24 сағаттан кем емес уақыт бұрын, билет брондайтын агент арқылы немесе Эйр Астананың Арнайы Қызмет Көрсету бөлімінде (special.services@airastana.com) тіркелу керек және онда ыдыстың көлемін, балықтар санын және салмағын (8кг-нан аспау керек) көрсету қажет.

Есіңізде болсын, Эйр Астананың рұқсатынсыз және алдын ала тіркеусіз жануарларды және балықтарды тасымалдау мүмкін емес.
Жануарды тасымалдауға арналған қорапқа қойылатын талаптар:

Жануарды тасымалдауға арналған қорап сапар уақытында жануар шығып кетпейтіндей мықты болуы қажет. Қорап түбі су өткізбейтін, ауасы ауысып тұратын, тағам беретін тесігі болуы қажет. Егер қораптың дөңгелектері болса, олар алып тасталынуы немесе олар жүрмейтін жағдайға келтірілуі керек. Қорап жануардың тұруына, отыруына, жатуына мүмкіндік беретін жеткілікті түрде үлкен болуы қажет.

Егер тасымалдаушы тұлға қажетті барлық құжаттарды ұсынса, тасымалдауға немесе брондауға рұқсат берілуі тиіс. Басқа, ешқандай жағдайларда жануарды тасымалдауға рұқсат берілмейді.

Жануарды тасымалдауға арналған қажетті құжаттар

  1. Жануардың төлқұжаты
  2. Екпе жөніндегі сертификаты
  3. Қазақстанның шет аймақтарына тасымалданатын жануарлар үшін оларды тану мақсатында мал дәрігерлік емханада татуировка жасауы немесе микрочип енгізуі қажет.


Ескерту: Ресей Федерациясына ұшу үшін 3-ші нұсқау міндетті емес. 

Балықтарды алып өтуге қойылатын талаптар:
- Балықтарды тасымалдау үшін керекті ең кем көлемдегі су құйылған 1 аквариум немесе ауа отетін тесіктері бар қақпақ жабылған құты.
- Балықтарды пластик пакетте алып өтуге қатаң тыйым салынады.

 

Халықаралық рейстерге байланысты қосымша маңызды ақпараттар

Жануарды тасымалдау Ұшып шығу/қону елінде қатаң талаптармен немесе ережелермен реттелгендіктен, үй жануарларын БАӘ-не ұшып бару/ұшып келулер кезінде тіркелген жүк ретінде салонда тасымалдауға тыйым салынады. Осы бағытта (екі жаққа да) жануарларды тасымалдау жүк ретінде тек жүк бөлімінде ғана жүзеге асырылады.

Әуе көлігінің түріне сәйкес жануарлар санын шектеу

Жүйелі рейстермен жануарларды тасымалдау бекітімге байланысты іске асырылынады. Әуе көлігінің түріне сәйкес төменде берілген кесте бойынша жануарлар саны шектелінеді:

Әуе көлігінің түрі
Жолаушылар салонындағы
Жүк ретінде жүк бөлмесінде

A319, A320*, A321, B757, B767

1 бизнес / 2 эконом
0 бизнес / 3 эконом
2*
F50 2 эконом 1

*Ескерту: AVIH A320-да рұқсат етілмейді.

PETC (жануарларды салонда тасымалдау)  

PETC үшін қорапқа салынған жануардың салмағы 8 кг-нан (17 фунт) аспауы керек. Бір жолаушыға тек бір қорап рұқсат етіледі. Қораптың ең көп мөлшері жолаушы отырғышының астына жайғастыруға ыңғайлы болуы үшін қораптың ең көп мөлшері 320/321/757/767 әуекемелерінде - 30х47х27 және F50 әуекемесінде мөлшері 29х43х26 болуы тиіс

Кішкентай иттер мен мысықтарды өзіңізбен бірге алып жүру үшін тасымалдауға арналған жұмсақ сөмкелерді пайдалануға болады. Мұндай сапар шегу сөмкелерін жануарлар дүкенінен сатып алуға болады. Жұмсақ сөмкелердің басқа түрлерін PETC тасымалдауы үшін қолдануға болмайды. Егер Ұлыбританиядан келсеңіз PETC тек темір торда ғана рұқсат етіледі.

AVIH (жануарларды жүк ретінде жүк бөлімінде тасымалдау)

 AVIH үшін қорап салмағын қосқанда максималды салмақ 50 кг-нан аспауы қажет. Бұл салмағы шамадан асатын жануарларды жүк ретінде Әуе Жүкқұжаты бойынша тасымалдау керек. 40 кг-нан асатын жануарларды тасымалдауда ағаштан жасалған мықты қорап қолданылуы керек.

Алматы және Астана әуежайларындағы «Эйр Астана» жүк бөлімдерінде мысықтар мен иттерді ішкі рейстерде тасымалдауға арналған майыспалы, аспалы үйшіктер сатылады. Олардың алты мөлшері ұсынылады:

100 38 x 40 x 38 см үлгісі 3,0 кг
200 68 x 50 x 58 см үлгісі 5,5 кг
300 81 x 55 x 58 см үлгісі 7,5 кг
400 91 x 60 x 66 см үлгісі 10,0 кг
500 101 x 68 x 76 см үлгісі 13,0 кг 500 үлгі F50 бөліміне сәйкес келмейді
700 122 x 81 x 88 см үлгісі 700 үлгісі тек B752 бөліміне ғана сәйкес келеді

AVIH үшін көп дегенде бірге өмір сүретін 14 кг орташа салмақтағы екі жануарды бір қорапта тасымалдауға болады. Бұл мөлшерден асатын жануарлар жалғыз сапар шегуі тиіс. Көп дегенде үш алты айлық бір ұяның жануарларын бір қорапта тасымалдауға болады.

Ескерту: А320 әуекөлігінің жүк бөлмелерінде жануарларды тасымалдауға қажет мөлшердегі температураның сақталмайтындығынан оларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Егер сұрақтарыңыз болса, келесі электрондық адреске хабарласуыңызды сұраймыз: special.services@airastana.com