Ақпарат және қызмет

Балалар, сәбилер және ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен балаларды тасымалдау ережелері

Қазір: Ақпарат және қызмет > Арнайы Қызметтер > Балалар, сәбилер және ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен балаларды тасымалдау ережелері

Балалар және сәбилер

Қазақстанның ішкі бағыттарына: (2-14 жас аралығындағы) балалар, толық билет құнының 50% төлейді, және жеке орынмен қамтамасыз етіледі. Бұл балалар (2-14 жас аралығындағы) барлық сапарларға 18 жастан асқан ересек адамдармен бір салонда ұша алады.

Халықаралық бағыттарға: (2-11 жас аралығындағы) балалар толық билеті құнының 50% төлейді және жеке орынмен қамтамасыз етіледі. Бұл балалар (2-11 жас аралығындағы) барлық сапарларға 18 жастан асқан ересек адамдармен бірге бір салонда ұша алады

Екі жасқа толмаған орынмен қамтамасыз етілмеген балаларды тасымалдау ақысыз. Бұл балалар барлық сапарларға 18 жастан асқан ересек адамдармен бірге бір салонда ұша алады.

Екі жасқа толмаған бірақ орынмен қамтамасыз етілген балалар толық билет құнының 50% төлейді.

Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен балалар

Эйр Астана ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен 5-15 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Қазақстанның ішкі бағыттарына, ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен 5-15 жастағы балалар толық билет құнының 50% төлей алады. Ал 15 жастағы балалар толық билет құнының толық 100% төлейді.

Халықаралық бағыттарға , ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен 5-11 жас аралығындағы балалар толық билет құнының 67% төлей алады. Ал 12-15 жастағы балалар толық билет құнын төлейді.

Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен (5-15 аралығындағы) балалар барлық бағыттарға ешқандай көлікті ауыстырусыз ұшуы тиіс.

Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен баланың аты:
Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен баланың туған жылы:
Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен баланың рейс нөмірі/күні:
Аты-жөні:
Жолаушыға жақындығы:
Ұшып келу/ұшып келу жерінің мекен жайы:
Телефон нөмірі:
Ұялы телефоны:
Email мекен –жайы:

5 жастан төмен балалар, ересек адамдардың қарауынсыз, сапар шегуге қабылданбайды.


Ересек адамдардың қарауынсыз балалар, тек қана ата-аналарының күтіп алушы немесе шығарып салушы тұлға атына жазылған, нотариалды куәландырылған сенімхатымен ғана сапар шеге алады. Нотариалды куәландырылған сенімхат туысқандарынан да талап етіледі.


Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен балалар Қазақстанның ішкі бағыттарына ұшып келуге және ұшып кетуге, сағат 23:00- ден кейін, билет сатып ала алмайды.


Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен балаларға билет, жоспарланған ұшу уақытынан бұрын, 24 сағат ішінде брондалған болуы керек.


Жоғарыда көрсетілген шарттар тек Эйр Астана әуекомпаниясымен сапар шексеңіз ғана қолданылады. Егер сапарыңыз екі немесе бірнеше әуежолдарын қамтыса, мұндай жағдайда0 қосымша мәліметтер алу үшін, жергілікті Эйр Астана немесе билет сату кеңселеріне (www.airastana.com/kaz/gb/woffice) хабарласыңыз.