Код-шеринг және Интерлайн серіктестері
Код-шеринг – екі әуежол мекемесінің арасындағы келісімді білдіретін авиациялық термин. Бұл келісім бойынша рейс бір әуежол мекемесі арқылы атқарылып, бір немесе бірнеше әуежол мекемесі арқылы сатылады. «Код» термині рейс кестелерінде қолданылатын белгіге қатысты, әдетте, ол 2 мағыналы ХӘКА әуежолды анықтаушы кодты және рейс нөмірін білдіреді. Эйр Астананың ХӘКА коды – «КС».
Код-шеринг келісімі бойынша әуежол мекемелері бір рейс нөмірін келесі себептерге байланысты қолдана алады:
• Тоғыспа рейстер – бұл жолаушыға анық бағыт ақпаратын береді, жолаушыға А нүктесінен В нүктесіне бір тасымалдаушы коды арқылы және В нүктесінен С нүктесіне басқа тасымалдаушы коды арқылы ұшудың орнына А нүктесінен С нүктесіне В нүктесі арқылы, бір тасымалдаушы коды бойынша бронь жасауға және ұшуға мүмкіндік туғызады.
• Екі жол мекемесі де өз рейс кестелерін және жолжүк тасымалын үйлестіру арқылы тоғыспа рейстер арасындағы ауысу уақытын азайта алады.
• Екі әуежол мекемесінің бір бағытта ұшатын рейстері. Бұл бір әуежол мекемесіне бағыт бойынша қызмет көрсету жиілігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
• Қызмет көрсетілмейтін нарық аумағында қызмет өрісін ұсыну. Бұл - өз рейс нөмірлерін көрсету арқылы нарық аумағында орынға ие болу мақсатын көздейтін белгілі бір бағытта ұшағы жоқ әуежол мекемелерінің қолданатын тәсілі.
Код-шеринг келісімі бойынша рейсті атқаратын (ұшақпен, экипажбен және жер үстінде тасымал қызметін қамтамасыз ететін) әуежол мекемесі атқарушы тасымалдаушы деп аталады. Аталған рейске билет сататын, бірақ рейсті атқармайтын бір немесе бірнеше әуежол мекемелері сату тасымалдаушысы деп аталады.
Эйр Астана төмендегі әуежол мекемелерімен код шеринг келісімшартын жасады:
| № | Атқарушы тасымалдаушы | Сату тасымалдаушысы |
|---|---|---|
| 1 | KLM | Эйр Астана |
| 2 | Austrian Airlines | Эйр Астана |
| 3 | Air Baltic | Эйр Астана |
| 4 | Asiana Airlines | Эйр Астана |
Интерлайн серіктестері
Эйр Астана төмендегі әуежол мекемелерімен әуежолды бірігіп қолдану серіктестік келісімшартын жасаған.
Әуежолды бірігіп қолдану серіктестік келісімшарты екі әуежол мекемесіне де серіктес әуежол мекемесінің рейсін бір билет арқылы сатуға мүмкіндік береді. Мұндай келісімшарт жолаушылардың жолжүгін бүкіл сапар барысында тіркеуден бір-ақ рет өткізуге мүмкіндік береді.
| Adria Airways Aeroflot Aerosvit Airlines Air Canada Air China Air Baltic Air Malta Air Moldova Air Zimbabwe Alitalia All Nippon Airways Asiana Airlines Atlasjet Austrian Airlines Azerbaijan Hava Yollary Bulgaria Air Bangkok Airways Biman Bangladesh Airlines Bulgaria Air Blue Panorama Ailines British Airways British Midland Airways Brussels Airlines Cathay Pacific Airways China Airlines China Eastern Airlines China Southern Airlines Continental Airlines Cubana Croatia Airlines Cyprus Airways Czech Airlines |
Daallo Airlines Delta Airlines Dragonair East African Safari Air Egypt Air EL AL Israel Airlines Emirates Estonian Air Etihad Airways EVA Airways FLY BE Garuda Indonesia Georgian Airways Hahn Air Hapag Lloyd Hainan Airlines Hong Kong Airlines & Hong Kong Express Indian Airlines Iran Air Japan Airlines Jat Airways Jet Airways (India) Kingfisher Airlines Kenya Airways KLM Korean Airlines Kuwait Airways LOT - Polish Airlines Lufthansa Malaysian Airline Malev Hungarian Airlines Middle East Airlines |
Mongolian Airlines Northwest Airlines Olympic Airlines Oman Air Philippine Airlines Qantas Airways Qatar Airways Royal Brunei Sdn.Bhd. Royal Jordanian Saudi Arabian Airlines Siem Reap Airways International Siberia Airlines Singapore Airline Srilankan Airlines Syrian Arab Airlines Tarom Romanian Airlines Thai Airways Transaero Airlines Turkish Airlines Ukrainian Mediterranean United Airlines Uzbekistan Airways Vietnam Airlines Vladivostok Air |




