Қауіпті Жүктер
ҚАУІПСІЗДІК ҮЙІҢІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!
МЫНАДАЙ КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАУІПТІ ЗАТТАРДЫ ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРУГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ:
- Жарылыс қаупі бар заттар*
- Сығымдалған газдар (аэрозольдерді қоса)
- Жылдам тұтанғыш сұйықтықтар
- Құрамында оттегі жоғары заттар, мысалы қышқылдар мен ағартушы ұнтақтар
- Улы заттар
- Радиоактивті заттар
- Жегідей заттар
- Магнитті материалдар, зиянды заттар немесе иісті заттар мен тітіркендіруші заттар
*Спорттық құралдарды әуежелінің рұқсаты бойынша тасымалдауға болады.
Оқ ататын қаруларды, қару модельдерін, қанжарларды, жиналмалы пышақтарды және қаупі бар басқа да заттарды өзіңізбен бірге немесе қол жүгінде алып жүруге тиым салынады.
Сондай-ақ ұшақтың радио және навигациялық жабдықтарына ықпал етуі мүмкін электрлі құрылғыларды, мысалы радио және ұялы телефондарды пайдалануға тиым салынады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз.... Жолжүгіңізді дайындаған кезден басталады.
Қолыңыздағы билетпен Сіз әуежайға жөнелуге дайынсыз. Сіз өз қол жүгіңізді жаппас бұрын оның ішін соңғы рет тексеріп шығып, өзіңізбен бірге ұшатын басқа адамдардың қауіпсіздігіне шек келтірмейтіндігіңізге көз жеткізіңіз.






