Қажетті ақпарат

Дубай (DXB)

АЛМАТЫДАН ҚАШЫҚТЫҒЫ

2798 км / 1749 миль

ҰШУ ҰЗАҚТЫҒЫ

4 сағ 40 минут

ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТ

Дүниежүзілік уақыты +4 сағат

АУА РАЙЫ

Дубай климаты - құрғақ, субконтинеталды. Ашық, көгілдір аспан жылдың әр мезгілінде өзгеріссіз тұрады. Жауын көбіне қыс мезгілінде жауады. Температурасы шамамен 10.5°C/50°F дейін төмендеп, 48°C/118°F дейін жоғарылайды. Қаңтарда күнделікті ең жоғарғы температурасы 24°C/75.2°F болса, шілдеде 41°C/105.8°F дейін көтеріледі.

КИІНУ ҮРДІСІ

Жыл бойы жаздық жеңіл киім сәйкес келеді, бірақ қыс айларында және кешкі уақытта жеңпір, жакет кию керек. Жақсы күн көзілдірігін алып жүргеніңіз жөн.

ӘУЕЖАЙ

Дубай Халықаралық әуежайы қала орталығынан 4 км қашықтықта орналасқан.
Әуежай салығы : Жоқ
Қалаға баратын көлік және бағасы : Такси AED45.00 (шамамен)

КІРУ ТАЛАПТАРЫ

Барлық келушілерге кіру үшін жарамды төлқұжатты көрсету жеткілікті. Парсы Шығанағы Елдері Ынтымақтастық Кеңесіне мүше мемлекеттері және Ұлыбритания, Франциядан, Италиядан, Германиядан, Голландиядан, Бельгиядан, Люксембургтан, Швециядан, Австриядан, Швейцариядан, Норвегиядан, Даниядан, Португалиядан, Ирландиядан, Грециядан, Финляндиядан, Испаниядан, Монакодан, Ватикан қаласынан, Исландиядан, Андоррадан, Сан Маринодан, Лихтенштейннен, АҚШ-тан, Канададан, Австралиядан, Жаңа Зеландиядан, Жапониядан, Брунейден, Сингапурдан, Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан келген жолаушылар және Гонконг SAR паспортын иеленушілер келген кезде тегін виза ала алады, басқа барлық жолаушылардан виза талап етіледі. Қазіргі уақытта, Мальта мен Кипр елдеріне байланысты жаңа заңдарды күшіне енгізу кейінге қалдырылған. Виза бойынша осы елдердің азаматтары 60 күн тұрақтай алады.

Ал, басқаларға жергілікті демеушілер туристік визаны қонақ үй арқылы ала алады. Бірақ, виза Дубайға кірмес бұрын күрделі тексерістен өтеді.

* Виза талаптары жайлы толық және жаңартылған ақпаратты алу үшін www.dubaitourism.co.ae сайтына кіріңіз немесе тікелей жергілікті көші-қон органдарына немесе саяхат агентіңіз арқылы хабарласыңыз.

АҚША БІРЛІГІ

1Дихрам (AED) = 100 филс
Банкноттар: 5, 10, 50, 100, 200, 500, 1000
Тиындар: 25 филс, 50 филс, 1 Дихрам

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Үкімет : Жексенбі мен Сәрсенбі аралығында 07:30-дан 13:30-ға дейін.
Банктер : Жексенбі мен Сәрсенбі аралығында (кейбіреулері 16:30-дан 18:30-ға дейін ашық) 08:00-ден 13:00-ге дейін
Дүкендер : 09:00-дан 13:00-ге дейін және 16:00-дан 22:00-ге дейін
*Бейсенбі және жұма күндері үкіметтік және жартылай үкіметтік ұйымдарға демалыс күндері болып саналады, кейбір ұйымдар бейсенбіде жұмыс істесе, қалғандары жұма мен сенбі күндері жабық болады.

ТІЛІ

Араб. Кейбіреулері Ағылшын, Хинди, Урду және Парсы тілдерінде сөйлейді.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ

220/240 вольт, 50 цикл

ТАСЫМАЛДАУ

Дубайда таксилерді оңай табуға болады. Дубайдағы барлық такси жолақылары есептегіш бойынша жүргізіледі. Көптеген елдердің көлік айдау рұқсат қағаздары көлікті жалға алу әне айдау үшін жарамды. Қосымша мәлімет алу үшін жергілікті агентіңізге хабарласыңыз.

КӨҢІЛ АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

- Баратын жерлер:

Ағаш дау (бір діңгекті) кемелері бар Дубайдың айлағынан Индияға, Шығанаққа және Шығыс Африкаға сапарға аттануға болады. Айлақтың басындағы үлкен таяз су қоймасы ұшып келетін құстарға өте жайлы.

Саид шейхтің үйі

Жумейра Мешіті

Бастакия – ежелгі бағанды үйлер. Сіз Дубай үстем жанұясының сарайларыа немесе мұнайдың табылуына дейінгі заманның көріністерін бейнелейтін суреттер мен заттар қойылған Әл Фахиди мұражайына және Дубай дүниежүзілік сауда орталығына бара аласыз.

Атақты Дубайдың Алтын Сокс (базары)

Дәстүрлі дау кемесімен дау круизіне шығуды, тік ұшақ немесе үрлемелі балон сапарын таңдаңыз. Сафари шөліне барыңыз немесе түйе фермаларын көріңіз.

Қонақтар гольф, мұзда сырғанау, су астында түтікшемен жүзу, қайықпен жүзу және тағы басқа сияқты әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдана алады. Экстремалды спортты ұнататындар құмда сырғанау мен түйе міну сияқты жаңа ойын-сауық түрлеріне қатыса алады.

ИНТЕРНЕТ-САЙТ

www.dubaitourism.com