Эконом-класс
Эйр Астана Боинг 767, Боинг 757, Эйрбас А320-А321 сериялы ұшақтарында ыңғайлы, былғарымен қапталған, ойын-сауық жүйесімен жабдылған эконом класты орындарды ұсынады. Барлық рейстерде жеңіл дәмтатым және толық ыстық тағамдармен қоса шараптар мен алкогольді сусындардың бірнеше түрі сіздің таңдауыңызға дайын.
Боинг 767-300ER
Боинг 767-300 ұшағының эконом салоны аралары 30 -31дюймді 180 орындардан тұрады.
Эконом салоны орыс және ағылшын тілдерінде берілетін соңғы фильмдер, комедиялар және деректі фильмдерді көрсететін жеке экранмен және сегіз арналы аудио ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Сіз көркем және деректі фильмдерді үлкен экраннан тамашалай аласыз.
Боинг 757-200
Боинг 757-200 ұшағының эконом класында аралары 31-32 дюйм болатын 150 орын бар.
Эконом салоны орыс және ағылшын тілдерінде берілетін соңғы фильмдер, комедиялар және деректі фильмдерді көрсететін жеке экранмен және сегіз музыкалық арнамен жабдықталған. Сіз көркем және деректі фильмдерді үлкен экраннан қызықтай аласыз.
Эйрбас A320-A321 сериялары
Эйрбас А320 ұшағының эконом класында аралары 31 дюймді 132 орын, ал Эйрбас А321 ұшағында аралары 31 – 33 дюйм болатын 195 ыңғайлы эконом класты орын бар.
Сіз үлкен экраннан көркем және деректі фильмдерді тамашалай аласыз. Ән тыңдағыңыз келсе, арнайы бағдарламалары бар, әртүрлі стильдерді ұсынатын 8 арнаның бірін таңдай аласыз.
Фоккер-50

Фоккер-50 Қазақстан ішіндегі облыс орталықтарын үлкен қалаларды байланыстыратын ішкі рейстер және Эйр Астананың халықаралық қызметтеріне көмек көрсету үшін қолданылады.
Бұл қос турбовинттік қоғалтқышы бар ұшақ салонында былғарыдан қапталған, екі қатарлы 50 ыңғайлы орынмен жабдықталған. Арасы 30 дюйм болатын орындар қатары жолаушылардың жайлылығы үшін жасалған.



