Электрондық билет
Электрондық билеттер (ЭБ) Сіздің сапарыңызды қазіргі заманға сәйкестендіреді.
Электрондық билеттің қағаз билетінен айырмашылығы жоқ. Билет ақпараты сенімді сервелерде сақталады. Брондасаңыз болғаны, жүре беруіңізге болады, билетіңізді жоғалтып алу қауіпі төнбейді.
Электрондық билетті брондау қағаз билетті брондаумен бірдей. Тек қағаз билетінің орнына Сізге барлық ұшу ақпараттары мен билет нөміріңіз жазылған «Жолаушының Бағдар/Түбіртегі» беріледі. Әуежайға келгенде ұшуға рұқсат алу үшін төлқұжатыңыз бен электрондық билетіңіздің басылымын жолаушыларды тіркеу бөліміне көрсетсеңіз жеткілікті.
Халықаралық Әуе Көлігі Ассоцияциясы (ХӘКА) авиация өнеркәсіп мекемелерінен 2008 жылдың мамыр айының аяғынан бастап қағаз билеттерді электрондық билеттерге ауыстыруды талап етті.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы электрондық билет жобасын 2006 жылдың желтоқсанында іс жүзінде енгізуін бастады. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» әуекомпаниясы электрондық билеттерді енгізу жобасын толығымен аяқтап, Сіздерге «Эйр Астана» әуекомпаниясының барлық бағыттарында электрондық билеттер енгізілгенін хабарлауға қуанышты.




