Электрондық билет
Электрондық билеттер (ЭБ) Сіздің сапарыңызды қазіргі заманға сәйкестендіреді.
Электрондық билеттің қағаз билеттен айырмашылығы жоқ. Билет ақпараты сенімді сервелерде сақталады. Брондасаңыз болғаны, жүре беруіңізге болады, билетіңізді жоғалтып алу қауібі төнбейді.
Электрондық билетті брондау қағаз билетті брондаумен бірдей. Тек қағаз билетінің орнына Сізге барлық ұшу ақпараттары мен билет нөміріңіз жазылған «Жолаушының Бағдар/Түбіртегі» беріледі. Әуежайға келгенде ұшуға рұқсат алу үшін төлқұжатыңыз бен электрондық билетіңіздің басылымын жолаушыларды тіркеу бөліміне көрсетсеңіз жеткілікті.
«Эйр Астана» электрондық билет жобасын 2006-жылдың желтоқсанында іс жүзінде енгізуін бастады. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» электронды билеттерді енгізу жобасын толығымен аяқтап, Сіздерге «Эйр Астана»-ның барлық бағыттарында электронды билеттер енгізілгенін хабарлауға қуанышты.
Халықаралық Әуе Көлігі Ассоцияциясы (ХӘКА) авиация өнеркәсіп мекемелерінен 2008 жылдың мамыр айының аяғынан бастап қағаз билеттерді электрондық билеттерге ауыстыруды талап етті.
«Эйр Астана» 2008-жылдың соңына дейін барлық бағыттарға электрондық билетті енгізуді жоспарлап отыр.



