Эйр Астана туралы

Сұрақ-жауап

Қазір: Эйр Астана туралы > Сұрақ-жауап
1. «Эйр Астана» бағыттары мен ұшу кестесі туралы қайдан білуге болады?

2. Брондау шарттары, рейстер және тарифтер жөнінде қалай сұрауға болады?

3. Әуебилетті Интернет арқылы брондаған жағдайда, оны қанша уақыт ішінде сатып алу қажет?

4. «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейсіне билет сатып алу үшін жасалынатын төлемнің қандай түрлері бар?

5. Онлайн-брондаумен байланысты қиындық туып қалған жағдайда кіммен хабарласуым керек?

6. Интернет арқылы брондау жасағаннан кейін әуебилетті қанша уақыт ішінде алуға болады?

7. Интернет арқылы төленген әуебилеттің құнын қалай қайтаруға болады?

8. «Әуежай алымы» деген не?

9. Өзім тұратын мемлекеттегі «Эйр Астана» билет сату орталағының  мекен-жайы мен телефонын қалай табуға болады?

10. Сапарға визаның керектігін,керек еместігін қалай білуге болады?

11. Жақында менің төлқұжатымның жарамдылық мерзімі аяқталады. Мен шетелге бара аламын ба?

12. Сапарға сақтандыру құжатын алу қажет пе?

13. Сапар алдында түрлі індетке қарсы вакцина енгізу немесе арнайы дәрі-дәрмек ішу қажет пе?

14. Қол жүгім мен жол жүгімнің қандай мөлшерде алып жүруге рұқсат етілетіндігі туралы қалай білуге болады?

15. «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде шылым шегуге рұқсат беріледі ме?

16. «Эйр Астана» рейстерінде арнайы тағамға тапсырыс жасауға болады ма?

17. Балаларды үлкен адамдардың қарауынсыз рейске жіберуге болады ма?

18. Ұшақ ішінде ұялы телефонмен пайдалануға болады ма?

19. Ұшу кезінде портативті компьтерді пайдалануға болады ма?

20. «Эйр Астана» рейстерінде үй жануарларын бірге алып жүруге болады ма?

21. Әуебилет жоғалған жағдайда не істеу қажет?

22. Рейсімнің ұшып кету/ келу терминалы жайлы мәліметті қалай білуге болады?

1. С: «Эйр Астана» бағыттары мен ұшу кестесі туралы қайдан білуге болады?

Ж: Бұл жөнінде ақпарат алу үшін веб-сайттың «Қызмет көрсету/Рейстер кестесі»  сілтемесін басыңыз.

Жоғары

2. С: Брондау шарттары, рейстер және тарифтер жөнінде қалай сұрауға болады?

Ж: Веб-сайттың брондау қызметі арқылы брондау жасай аласыз немесе «Эйр Астана»-ның билет сату кеңсесіне немесе әуекомпанияның өз мемлекетіңіздегі өкілдігіне хабарласыңыз. Телефон нөмірлерін және Халықаралық/Қазақстан өкілдіктерінің мекен-жайларын көру үшін келесі сілтемені басыңыз: «Эйр Астана туралы/Брондау/сату кеңселері»

Жоғары

3. С: Әуебилетті Интернет арқылы брондаған жағдайда оны қанша уақыт ішінде сатып алу қажет?

Ж: Сіз онлайн арқылы брондау кезінде бірден кредиттік карточкаңызбен төлем жасауыңыз қажет (Visa немесе MasterCard).

Жоғары

4. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейсіне билет сатып алу үшін жасалынатын төлемнің қандай түрлері бар?

Ж: Интернет арқылы төлем тек қана Visa немесе MasterCard кредиттік карталарымен жасалынады.

Жоғары

5. С: Онлайн брондаумен қиындық туып қалған жағдайда кіммен хабарласуым керек?

Ж: Сіз Эйр Астана туралы/Кері байланыс сілтемесін басу арқылы бізбен хабарласа аласыз немесе online_booking@airastana.com электрондық поштасына хат жазсаңыз, сұрағыңызға жолаушылармен жұмыс жүргізетін қызметкер жауап береді.

Жоғары

6. C: Интернет арқылы брондау жасағаннан кейін әуебилетті қанша уақыт ішінде алуға болады?

A: Бұл таңдап алған бағытыңызға байланысты. Барлық бағыттарымызда электрондық билет қолданылмайтындықтан, көп жағдайда қағаз билетін сату агенттігінен алу қажет:

  • Қағаз билет – бұл жағдайда сізге ең жақын жерде орналасқан агенттікке хабарласуыңыз қажет. Агенттіктердің мекен-жайларын 6 қадам: Брондау сілтемесінде таба аласыз.
  • Электрондық билет – Интернет арқылы брондау жасаған кезде өзіңіз көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі. Оны принтерден шығарып, тіркеуге келе беруіңізге болады.

Жоғары

7. С: Интернет арқылы төленген әуебилеттің құнын қалай қайтаруға болады?

Ж: Әуебилеттің қайтару құны тарифтің қолдану шартына байланысты. Билетіңізді қайтаруға болатын жағдайда келесі электрондық пошта арқылы өтініш жіберу қажет: online_booking@airastana.com

Жоғары

8. С: «Әуежай алымы» деген не?

Ж: Кейбір әуежайлар әрбір ұшып шығатын жолаушыға «кету салығын» орнатады. Мұндай салық көп жағдайда әуебилетінің бағасына кіреді. Алайда, кейбір әуежайлар оны жолаушыға тікелей төлеуге міндеттейді. Әуебилет онлайн арқылы брондалғанда әуежай алымы әуебилет бағасына кіреді.

Жоғары

9. С: Өзім тұратын мемлекеттегі «Эйр Астана» билет сату орталағының  мекен-жайы мен телефонын қалай табуға болады?

Ж: Әуекомпанияның өкілдіктері мен «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуебилеттерін сату Халықаралық/Қазақстандық кеңселері жөніндегі толық ақпаратты веб-сайттың сілтемесінен табасыз.

Жоғары

10. С: Сапарға виза керектігін қалай білуге болады?

Ж: Кейбір мемлекеттер кіру және транзиттік визаларды талап етеді. Сондықтан шетелге бармас бұрын сол мемлекеттің елшілігіне міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл жөніндегі кейбір маңызды ақпаратты Сіз мемлекеттердің ресми веб-сайттарынан алуыңыз мүмкін және де виза мен шығу/кіру рұқсаты жолаушының жауапкершілігі болып табылады. Сонымен қатар, көмек ретінде виза туралы пайдалы ақпаратты Саяхат туралы ақпарат/Қазақстандық визаларды алу ережелері және Дипломатиялық елшіліктер бөлімдерінде таба аласыз. 

Жоғары

11. С: Жақында менің төлқұжатымның жарамдылық мерзімі аяқталады. Мен шетелге бара аламын ба?

Сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі сапарыңыздың аяғына дейін сақталғандығы өте маңызды.
Кейбір мемлекеттерде, төлқұжаттың мерзімі белгілі бір уақыт аралығында ғана жарамды болуы мүмкін (әдетте алты айға дейін). Сондықтан мұндай талаптар жөніндегі ақпаратты баратын мемлекеттің елшілігінен алуыңыз қажет.

Жоғары

12. С: Сапарға сақтандыру құжатын алу қажет пе?

Ж: Бұл сіздің шешіміңіз және сақтандыруды сатып алу міндетті емес. Біздің сізге берер кеңесіміз – шетелге аттанар алдында сақтандыру құжатын жасап алуыңыз жөн.

Жоғары

13. С: Сапар алдында түрлі індетке қарсы вакцина енгізу немесе арнайы дәрі-дәрмек ішу қажет пе?

Ж: Баратын жеріңізге байланысты Сізге түрлі індетке қарсы егу салудың қажеттілігі тууы мүмкін. Егер бұл жөнінде күдіктенсеңіз, дәрігермен кеңесуіңізді өтінеміз.

Жоғары

14. С: Қол жүгім мен жол жүгімнің қандай мөлшерде алып жүруге рұқсат етілетіндігі туралы қалай білуге болады?

Ж: Қол жүк пен жол жүктің мөлшері Сіздің ұшатын класыңызға байланысты болады. Әдетте, бизнес-клас үшін 30 кг және эконом класының әрбір жолаушысына 20 кг жүкті тасымалдауға рұқсат етіледі. Қосымша ақпаратты «Саяхат туралы ақпарат/Жүк тасымалдау қызметі» сілтемесін бассаңыз табасыз.

Жоғары

15. С: «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде темекі шылым шегуге рұқсат беріледі ме?

Ж: «Эйр Астана» рейстерінде темекі шегуге қатал тыйым салынады. Сонымен қатар, шетелдегі әуежай терминалдарының көбінде темекі шегуге рұқсат етілмейді. Егер темекі шеккіңіз келсе, әуежай қызметкерінен темекі шегуге арнайы белгіленген орынды көрсетуін сұраңыз. Тыйымды орындамау ақшалай айып-пұлға әкеліп соғады.

Жоғары

16. С: Ұшақ ішінде арнайы тағамға тапсырыс жасауға болады ма?

Ж: "Эйр Астана" әуекомпаниясы емдәм сақтайтын жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы тағамды ұсынуға қуанышты. Тағамға арнайы тапсырысты билетіңізді брондау немесе сатып алу кезінде беруіңізге болады. Арнайы тапсырыс рейстің ұшуына дейін кемінде 24 сағат бұрын жасалуы керек.

Жоғары

17. С: Балаларды ересек адамдардың қарауынсыз рейске жіберуге болады ма?

Ж: Сегіз және он төрт жас аралығындағы балаларға ересектердің қарауынсыз ұшуға рұқсат етіледі. Біздің кәсіби дайындығы жоғары қызметкерлеріміз балаға тіркеуден өтуге, ұшақ ішінде және ұшып келген кезде міндетті түрде көмектеседі. Бұл жөнінде толық ақпарат алу үшін жерігілкті әуекомпания өкілдігіне немесе Тапсырыстарды өңдеу орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Жоғары

18. С: Ұшақ ішінде ұялы телефонмен пайдалануға болады ма?

Ж: Ұялы телефондардан келіп түсетін сигналдар ұшақтың байланыс және электроникасына кедергі келтіреді, барлық әуекомпаниялардың шартына сәйкес, ұшаққа отырмас бұрын ұялы телефон ӨШІРІЛУІ ТИІС. Ұялы телефон ҰШАҚТАН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН ҒАНА ҚОСЫЛУЫ ҚАЖЕТ.

Жоғары

19. С: Ұшу кезінде портативті компьютерді пайдалануға болады ма?

Ж: Ұшу кезінде портативті компьютер, компьютер ойындары және таспалы магнитофондарды пайдалануға болады. Алайда, ұшып шығу және қону кезінде оларды пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер Сізде осыған байланысты күдігіңіз болса, әуекомпанияның қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Жоғары

20. С: Ұшу кезінде үй жануарларын бірге алып жүруге болады ма?

Ж: Белгілі бір шарттармен ұшақ ішінде жануарды тасымалдауға рұқсат етіледі. Жануарлар арнайы контейнерлерде тасымалдануы тиіс, контейнердің максималды өлшемі 30 x 47 x 27 см аспауы тиіс (Фоккерден F50 басқа, ұшақтың барлық түрлеріне, ал Фоккерде контейнер өлшемі 29 x 43 x 26 см аспауы тиіс). Контейнердің салмағы – 8 кг. аспауы тиіс. Әрбір жолаушы бір контейнерді тасымалдай алады. Сонымен қатар, жануарларды жолжүк ретінде ұшақтың жолжүк бөліміндегі арнайы контейнерлерінде, арнайы тариф арқылы немесе аса бағалы жүк ретінде тасымалдауға болады. Бұл жөнінде толық ақпаратты «Жануарларды тасымалдау»  сілтемесін басу арқылы аласыз. Қосымша ақпаратты келесі бөлімнен таба аласыз: «Эйр Астана туралы/Брондау/сату кеңселері».

Жоғары

21. С: Әуебилет жоғалған жағдайда не істеу қажет?

Ж: Мұндай жағдайда шұғыл «Эйр Астана» әуекомпаниясының жақын арадағы билет сату кеңсесіне немесе өзіңіздің туристік агенттігіңізге хабарласыңыз. Орын алған жағдайға байланысты жүргізілетін тергеу ісінен кейін әуебилет қайтадан жаңартылуы мүмкін. Алайда, мұндай қызмет үшін қосымша ақы алынуы мүмкін. Келесі сілтемені басу арқылы қосымша мәліметті таба аласыз: «Қызмет көрсету/Электрондық билет»

Жоғары

22. С: Рейсімнің ұшып кету/ келу терминалы жайлы мәліметті қалай білуге болады?

Ж: Брондау жасаған кезде 2- қадам – «Рейс»-ті қолдана отырып, қаланың үш әріптен тұратын кодты таңдасаңыз, әуежай терминалы туралы мәліметті көре аласыз.

Жоғары