Сұрақ-жауап
Мен Nomad Club-қа қалай қосыла аламын?
Мен өте сирек ұшамын. Мен марапатқа қажет ұпайлар санын жинай алмаймын ба?
Қатысушының картасы
Мен өз өтінішімді бір ай бұрын толтырдым,бірақ қатысушы картасын әлі алған жоқпын.
Қатысушының уақытша және тұрақты карталарының арасында қандай айрмашылық бар?
Мен Nomad Club-қа екі рет тіркелдім және екі карта алдым. Олардың қайсысын пайдалана аламын?
Мен өзімнің мүшелік картамды жоғалтып алдым. Онымен басқа адам пайдаланбауы үшін не істеуім керек?
Эйр Астананың рейстерінде ұшу үшін жиналатын ұпай
Ұпайларды жинау үшін, әуе билетін тек «Эйр Астана» сату агенттіктерінде сатып алуым қажет пе?
Орындалған әр ұшудан кеійн әуебилетін «Nomad Club» Қолдау Орталығына жіберуім қажет пе?
Неліктен ұпай саны брондау классымен байланысты?
Code-share Алматы-Амстердам рейсі бойынша ұпайларды жинай аламын ба?
Әріптестердің рейстерінде ұшу үшін жиналатын ұпай
«Nomad Club» бағдарламасының марапатын алу
Мен марапатымды алу үшін ұпайларды қалай есеп-шотымнан шығара аламын?
Марапатты алу үшін маған ұпайлар жетпеген жағдайда мен ол ұпайларды сатып ала аламын ба?
Неліктен әуебилетін сату агент марапат ұшу әуебилетін жазып бере алмайды?
Мен марапат билетін өзімнің досыма (дос қызыма) немесе отбасы мүшесіне жазып бере аламын ба?
Дұрыс есептелмеген ұпайларды қайтару
Меңің шотыма ұпайлар әрқашан түсетіндігіне қалай көз жеткізе аламын?
Егер менің ұшуларым автоматты түрде қадағаланып отырылса, неге кейбір ұшулар саналмай қалуы мүмкін?
Өзімнің шотымның көшірмесін Nomad Club-тан қаншалықты жиі алып отырамын?
Шот балансын тексеретін басқа тәсіл бар ма?
Менің ұшу транзакцияларым есеп-шотымда жазылмаған, ұпайлар саналмаған. Енді маған не істеу қажет?
Саналмаған ұпайларды қайтару үшін қанша уақыт керек?
«Nomad Club»-тың Күміс және Алтын дәрежелері
Мен Nomad Club-тың Күміс немесе Алтын картасын қалай ала аламын?
Элиталық картаны алу үшін неліктен екі шарт қойылады?
«Nomad Club»-қа тіркелу
Мен Nomad Club-қа қалай қосыла аламын?
Егер Сізде интернет жүйесіне шығу мүмкіндігі болса, онда бізге қосылудың ең жеңіл жолы - онлайн арқылы үлгіні толтыру. Уақытша картаны компьютерден жеке басып шығаруға болады. Бағдарламаға қосылу үшін таратылатын өтініш қағазды «Эйр Астана» әуекомпаниясының сату кеңселерінде және әуежайдың күту залдарында толтыра аласыз.
Мен өте сирек ұшамын. Мен марапатқа қажет ұпайлар санын жинай алмаймын ба?
Егер Сіз бір жылдың ішінде бір немесе екі-ақ рет ұшсаңыз да, Nomad Club мүшесі болуыңыз мүмкін. Бағдарламаға қатысу тегін. Ұпайларды біздің әріптес компаниялар арқылы да жинауға болады, яғни, ұпайларды аспанда ғана емес, жерде де жинай аласыз. Сонымен бірге, сіз қатысушының картасын ала аласыз.
Nomad Club- қа қатысу тегін бе?
Nomad Club-на қатысу тегін.
Nomad Club-қа мүше болу үшін қандай талаптар қойылады?
Бағдарламаға қатысушы екі жастан жоғары болу керек және бағдарламаның ережелері мен шарттарын қабылдау керек. Егер Сіз кәмелетке толмаған баланы бағдарламаға тіркеу кезінде өзіңіздің төлқұжат деректеріңізді көрсетуіңіз қажет және бағдарламаның балаларға қатысты шарттарын қабылдауыңыз керек. Одан басқа қатысушыға ешқандай шарттар және талаптар қойылмайды.
Қатысушының картасы
Мен өз өтінішімді бір ай бұрын толтырдым,бірақ қатысушы картасын әлі алған жоқпын.
Бағдарламаға тіркелгеннен кейін және мүше болғаннан кейін «Эйр Астана» рейстері бойынша орындаған бірінші ұшуыңыздан кейін Сізге бағдарлама қатысушысының картасы жіберіледі. Карта 4 аптаның ішінде поштамен жіберіледі. Егер Сіз 4 аптаның ішінде картаны ала алмасаңыз, онда міндетті түрде Nomad Club қолдау орталығына хабарласыңыз.
Қатысушының уақытша және тұрақты карталарының арасында қандай айрмашылық бар?
Уақытша карта Сіздің толтырған өтінішіңізден үзіп алынады (немесе он-лайн тәртібінде компьютерден басып шығарылады). Уақытша карта нөмірі мен тұрақты карта нөмірі бірдей болады және Nomad Club ұпайларын жинауға және жаратуға мүмкіндік береді. Тұрақты карта пластиктен жасалынған және артқы жағында магниттік жолағы бар. Сонымен қатар картаның артқы бетінде мүшенің жеке мағлұматы көрсетіледі.
Мен Nomad Club-қа екі рет тіркелдім және екі карта алдым. Олардың қайсысын пайдалана аламын?
Біздің клубтың Ережелері мен Шарттары бойынша ұпайлар бір мүше нөмірі бойынша ғана жинала алады. «Nomad Club» Қолдау Орталығына хабарласыңызды өтінеміз. Біздің агентіміз Сіздің шотыңызды есептейді және болашақта қандай картаны пайдалануыңызға болатындығы туралы кеңес береді.
Мен өзімнің мүшелік картамды жоғалтып алдым. Онымен басқа адам пайдаланбауы үшін не істеуім керек?
«Nomad Club» картасының кредиттік картадан айырмашылығы бар. Сіздің картаңызды басқа адам пайдалана алмайды. Картаңыз жоғалған жағдайда «Nomad Club» Қолдау Орталығына хабарласыңыз. Сізге жаңадан карта тегін беріледі. Алайда, мұндай жағдай келесі рет қайталанса, онда қосымша ақшалай төлем тағайындалуы мүмкін.
Мен мүшелік картада көрсетілген және онлайн жеке мағлұматымдағы аты-жөнімді қалай ауыстыруыма болады?
Аты-жөнді ауыстыру неке, ажырасу, бала асырап алу және т.с.с. кезде ғана рұқсат етіледі. Ол үшін «Nomad Club» Қолдау Орталығына хабарласып заңды дәләлдемелер ретінде қабылданатын төлқұжаттарды ұсыну қажет.
Эйр Астананың рейстерінде ұшу үшін жиналатын ұпай
Ұпайларды жинау үшін, әуе билетін тек «Эйр Астана» сату агенттіктерінде сатып алуым қажет пе?
Әуебилетін «Эйр Астана» әуекомпаниясының веб-сайты арқылы онлайн тәртібінде, әуекомпанияның брондау орталықтарында немесе кез-келген агенттікте сатып алуыңызға қарамастан Сіз ұпай санын жинай аласыз. Ең бастысы - әуебилетін брондау кезінде мүшелік нөміріңізді брондау агентіне міндетті түрде ұсыныңыз.
Орындалған әр ұшудан кеійн әуебилетін «Nomad Club» Қолдау Орталығына жіберуім қажет пе?
Жоқ. Егер Сіз мүшелік картаңызды үнемі және ұқыпты түрде әуебилетін брондау және рейске тіркелу кезінде көрсетіп отырсаңыз, Сіздің ұшу белсенділігіңіз автоматты түрде тексеріледі және саналып отырады. Алайда, ұпайларыңыз шотыңызға нақты саналғанға дейін әуебилетеріңіз бен отырғызу талондарыңызды сақтауыңызды сұраймыз.
Неліктен ұпай саны брондау классымен байланысты?
Брондау классы Сіз сатып алған әуебилеттің класс түрін белгілейді. Ұпайлар саны билеттің брондау классына байланысты. Неғұрлым жоғары тариф бойынша сатып алынған әубилет бойынша ұшсаңыз, солғұрлым көбірек ұпайлар жинайсыз.
Code-share Алматы-Амстердам рейсі бойынша ұпайларды жинай аламын ба?
Иә, егер Сіздің әуебилетіңізде тасымалдаушы ретінде «Эйр Астана» әуекомпаниясының коды (КС) көрсетілген болса және әуебилет рұқсат етілген брондау классында сатып алынған болса, онда мұндай ұшу бойынша ұпайлар саналады.
Егер мен интерлайн келісімшарты бойынша сатып алынған әуебилеті бойынша Франкфуртқа дейін «Эйр Астана» әуекомпаниясымен ұшып, әрі қарай Нью-Йоркқа «Люфтганза» әуекомпаниясымен ұшсам, ұпайлар санын жинай аламын ба?
Иә. Алайда, Nomad Club ұпайлары «Эйр Астана» әуекомпаниясы орындайтын аймақ бойынша ғана есептеледі.
Мен өзімнің ұпайларым туралы мәліметті қайдан біле аламын?
Бұл мәліметті Сіз Nomad Club бағдарламасының қатысушыға арналған нұсқаулығындағы арнайы бөлімінен немесе немесе біздің веб-сайттан таба аласыз.
Әріптестердің рейстерінде ұшу үшін жиналатын ұпай
Мен «Люфтганза» әуекомпаниясы осы бағдарламаның серіктесі болып табылады деп естідім. Бұл рас па? Егер мен бұл әуекомпанияның қызметін пайдалансам, ұпайларды Nomad Club бойынша жинай аламын ба?
Nomad Club қатысушылары ұпайларды «Люфтганза» немесе басқа әуекомпаниялырдың қызметімен пайдалану үшін жинай алмайды. Бүгінгі таңда, Nomad Club қатысушылары тек «Эйр Астана» әуекомпаниясының қызметін пайдаланған жағдайда ғана ұпайларды жинай алады.
Қандай компаниялар бағдарламаның серіктес компаниялары болып саналады?
Қазіргі кезге дейін пайда болған серіктес компаниялардың тізімін және олардың бағдарламаға қатысу мерзімі біздің веб-сайттың серіктестіктер туралы бөлімінен таба аласыз. Біз серіктес компаниялардың санын үнемі ұлғайтып отыруға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.
«Nomad Club» бағдарламасының марапатын алу
Мен марапатымды алу үшін ұпайларды қалай есеп-шотымнан шығара аламын?
Марапатты алу үшін Nomad Club бағдарламасының қатысушыға арналған нұсқаулығымен танысыңыз немесе біздің веб-сайтымызға кіріңіз және қалаған ұшу бағытын (бір жаққа ұшу/барып-қайту), қалаған сыйлық түрін таңдаңыз. Сіз ұшу марапатын бір жаққа немесе барып-қайту түрінде ала аласыз. Алайда, қызмет классын эконом класстан бизнес классқа жоғарлату марапаты бір жақ жолға ғана беріледі. Марапатқа қажет ұпайлар санының кестесін нұсқаулықтың арнайы бөлімінен таба аласыз.
Марапатты алу үшін маған ұпайлар жетпеген жағдайда мен ол ұпайларды сатып ала аламын ба?
Өкінішке орай, қазіргі таңда бізде ондай қызмет жоқ, бірақ болашақта ондай мүмкіндік болуы ықтимал. Алайда, ұпайларыңыздың марапатқа жетуі үшін біздің компаниямыздың қызметін пайдалануыңызды, яғни, тағы бір ұшуды орындауды ұсынамыз.
Келесі аптада мен сіздің компанияңыздың қызметін пайдалануды жоспарлап отырмын. Одан кейін марапат үшін біраз ғана ұпай санын жинауым керек. Қазір бос орындар бар кезде ұшуды брондай аламын ба?
Жоқ, Nomad Club-тың Ережелері мен Шарттарына сәйке, егер Сіздің шотынызда марапатқа сай қажет ұпай саны болмаса, Сіз ұшуды алдын- ала брондай алмайсыз.
Неліктен әуебилетін сату агент марапат ұшу әуебилетін жазып бере алмайды?
Біздің компаниямызда Сіздің жеке шотыңыз туралы мәлімет мұқият сақталады. Әуебилеттерді сататын агенттер Сіздің жеке шотыныз туралы мәліметке кіре алмайды, тексере алмайды, сондықтан олар Сізге марапат әуебилетін жазып бере алмайды.
Әуекомпанияның сайтында мен марапат ұшу бойынша бос орындардың болуы туралы мәлімет алдым, бірақ «Эйр Астана» әуекомпаниясына хабарласқанда марапат орындары жоқ деген жауап алдым. Неліктен?
Олай болуы мүмкін. Әр рейске марапат орындарының саны қатал шектелген. Сатуға арналған орындар болғанмен, марапат орындарына тапсырыс беріліп қоюлуы мүмкін. Мұндай жағдайға кез болмау үшін өз ұшуыңызға тапсырысты әуебилетке сұраныс аз мезгілде, күнде және алдын-ала жасағаныңыз жөн. Ұшу күндеріңіз өзгерістерге неғұрлым икемді болса, солғұрлым тезірек марапат орнын иемденесіз.
Мен марапат билетін өзімнің досыма (дос қызыма) немесе отбасы мүшесіне жазып бере аламын ба?
Иә, марапатты досыңызға немесе отбасы мүшесіне, кез-келген адамға жазып беруге рұқсат етіледі. Бірақ марапат әуебилеті жазылып берілгеннен кейін Сіз ешқандай өзгерту жасай алмайсыз. Марапат әуебилетін өзіңізден басқа адамға жазып бергіңіз келсе, міндетті түрде Сіздің паспортыңыз талап етіледі. Марапат әуебилетін сатуға тыйым салынады! Марапат билетін тауып алған жолаушы тасымалдауға жіберілмейді және ол әуебилетпен пайдалана алмайды, ал мүше ұпай шотына кіру шектелінеді.
Менің жоспарларым өзгерді, енді мен өз марапат билетіммен қолдана алмаймын, өз ұпайларымды қалай қайтара аламын?
Иә, Сіздің марапат билетіңіздің мерзімі бойынша ұпайларыңыз қайтадан Сіздің шотынызға қайтарылуы мүмкін, бірақ одан 5000 ұпай айып ретінде шегеріледі. Марапат билетінің мерзімі өткен болса, онда ұпайлар қайтадан шотқа түспейтінін ескеріңіз.
Дұрыс есептелмеген ұпайларды қайтару
Меңің шотыма ұпайлар әрқашан түсетіндігіне қалай көз жеткізе аламын?
Ол үшін мынадай нәрселерді қадағалау қажет. Біріншіден, ұпайларды жинау үшін рұқсат етілген брондау классы бойынша әуебилетіне тапсырыс беру. Кейбір әуебилеттер өте арзан немесе құны шегерілген болады және мұндай әуебилеттер ұпай жинау мүмкіндігін бермейді. Толық ақпарат алу үшін Nomad Club Ережелері мен Шарттарын қараңыз. Әуебилетіне тапсырыс берген кезде және рейске тіркелген уақытта үнемі мүшелік картаңызды ұсыныңыз. Өз әуебилеттеріңіз бен отырғызу талондарыңыздың түпнұсқаларын, ұпайлар есеп-шотыңызға толық түспегенге дейін сақтаңыз.
Егер менің ұшуларым автоматты түрде қадағаланып отырылса, неге кейбір ұшулар саналмай қалуы мүмкін?
Осы күнгі инфрақұрылымының шектелуіне байланысты Қазақстанның барлық әуежайлары автоматты тіркелу жүйесімен жабдықталмаған. Бірақ, болашақта, біз оны ендіруді жоспарлап отырмыз. Бірақ одан басқа да әуекомпанияға байланысты емес себептер де бар. Мысалы, жолаушының әуебилетінде көрсетілген аты-жөні, бағдарлама қатысушы картасындағы аты-жөнге сәйкес келмейді, т.с.
Өзімнің шотымның көшірмесін Nomad Club-тан қаншалықты жиі алып отырамын?
Егер, Сіздің шотыныз бойынша транзакциялар жасалған болса, Сіздің шот көшірмелеріңіз тоқсан ішінде бір рет жіберіліп отырылады.
Шот балансын тексеретін басқа тәсіл бар ма?
Иә, өз балансыңызды әуекомпанияның веб-сайтында онлайн тәртібінде (www.airastana.com/nomadclub) тексере аласыз немесе Nomad Club Қолдау Орталығына хабарласуыңыз мүмкін: +7-727-244 55 30
Менің ұшу транзакцияларым есеп-шотымда жазылмаған, ұпайлар саналмаған. Енді маған не істеу қажет?
Сіздің ұпайларыңыз саналмай қалған жағдайда Nomad Club бағдарламасының Ережелері мен Шарттарына жүгінуіңіз қажет. Егер ұпайларыңыз есеп-шотыңызға расында есептелмеген болса, онда ұшудан кейін 30 күн өткеннен кейін ұпайларды орнына келтіру өтінішін толтыруыңызға болады.
Саналмаған ұпайларды қайтару үшін қанша уақыт керек?
Саналмаған ұпайлар 6-8 аптаның ішінде орнына келтіріледі.
«Nomad Club»-тың Күміс және Алтын дәрежелері
Мен Nomad Club-тың Күміс немесе Алтын картасын қалай ала аламын?
Nomad Club-тың элит дәрежесіне жету үшін Сізге бір жылдың ішінде 25000/50000 ұшу ұпайларын жинау қажет, бұл сәйкесінше 30/60 сегментке тең. Егер Сіз басқа әуекомпанияның осы бағдарламаға ұқсас элит дәрежесенің мүшесі болсаңыз, онда Сіз Nomad Club-тың Қолдау Орталығына хабарласып, дәлелдемелерді келтіру арқылы Nomad Club элит дәрежесінің мүшесі болуға тапсырыс жасай аласыз.
Мен наурыз айында осы бағдарламаға жазылдым, квалификацияны бастап, элиталық дәрежеге өту үшін мен келесі жылғы 1-қантарға дейін күтуім керек пе?
Квалификациялық жыл әрқашан бір күнтізбелік жылға тең: 1-қантардан бастап 31 желтоқсанға дейін созылады. Егер Сіз, біздің бағдаоламаға наурыз айында қосылсаңыз, онда Сіз үшін квалификациялық мерзім сәл қысқартылады, яғни, Сіз бағдарламаға қосылған күннен бастап 31-желтоқсан аралығын қамтиды.
Элиталық картаны алу үшін неліктен екі шарт қойылады?
Алыс өлкелерге ұшатын жолаушылар ұшу ұпайларын оңайырақ жинау мүмкіндігіне ие болады, ал жақын өлкелерге ұшатын жолаушылар ұшу сегменттерін оңайырақ жинайды. Бірақ, біз үшін осы екі шарт та аса маңызды.
Тиісті ұпай санын жинау арқылы элит дәрежесіндегі қатысушы картасына ие бола аламын ба ( Күміс/Алтын)?
Сіз өзіңіздің қатысушы элит дәрежелі картасын квалификациялық ұшудан кейін 2-4 аптаның ішінде ала аласыз. Егер Сіз өз картанызды 4 аптаның ішінде алмасаңыз, онда Nomad Club бағдарламасының Қолдау Орталығына хабарласуыңыз қажет.
Мен бұл бағдарламаның элит дәрежелі қатысушысы болғаннан кейін қосымша артықшылықты қашан ала бастаймын?
Сіз элит дәреженің артықшылығын бағдарламаға қосылған күннен бастап 14 айдын ішінде аласыздар. Мысалы егер Сіз 28.05.2008ж. күміс картаның иесі болсаңыз, онда Сіздің Күміс картасын ұстаушы ретіндегі дәрежеңіз 2010 ж. соңына дейін созылады. Егер Сіз уақыт өте келе Алтын дәрежелі картаның ұстаушысы болсаңыз (мысалы, 2008 жылдың қарашасында немесе кез-келген басқа айында), онда Сіздің Алтын дәрежелі картаңыз және оның барлық артықшылықтары 2010 жылғы ақпан айына дейін созылады. Бірақ, 2010 жылғы 1 наурыздан бастап элит дәрежесінің барлық артықшылықтарына ие болу үшін Сізге ұшу ұпайлары мен сегменттерінің тиісті мөлшерін жинау қажет.



