Әуепарк
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы Боинг 767-300ER, Боинг 757-200, Эйрбас А320, Эйрбас А321 және Фоккер-50 әуекемелері кіреді. Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуекомпаниясы рейстерді 21 әуекемесінде орындайды және 2014 жылы әуепаркті 34 әуекемеге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
«Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшақтарына орта есеппен алғанда 6 жыл болды.
Боинг 767-300ER

Боинг 767-300ER – кеңфезюляжды, ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшақ. Бұл әуекеменің әрқайсысының қуаты 27 тоннаға жететін екі GE CF6-80C2 қозғалтқышы бар. Әуекеме 10 550 км астам қашықтыққа сағатына орташа есеппен алғанда 900 км жылдамдықпен ұша алады. Әуекеме салоны ұшу кезіндегі ойын-сауық бағдарламасымен (жеке аудио- және видеожүйелері – LCD экрандар) жабдықталған 30 бизнес-клас орындары бар, ал эконом-класта 190 орын бар.
Боинг 767-300ER алыс қашықтықтағы халықаралық бағыттарға ұшады.
Боинг 757-200

Боинг 757-200 жанармайды үнемді пайдалану, төмен дыбыс деңгейі, салонның жайлылығы, жоғары сапалы қолдану сипаттама сияқты дамыған технологиялармен жабдықталған. Ол алыс қашықтықтарға да, жақын қашықтықтардағы бағыттарға да ұша алады, қуатты және сенімді Rolls-Royce RB211 екі реактивті қозғалтқыштары бар.
"Эйр Астананың" Боинг 757 ұшағы ұшу кезіндегі ойын-сауық бағдарламасымен (жеке аудио- және видеожуйелері) жабдықталған.
Бұл әуекемелер ұзақ және орташа қашықтықтағы халықаралық және ішкі бағыттарға ұшады.
Эйрбас A320/ А321

"Эйр Астана" – Қазақстандағы алғаш рет Эйрбас А320/А321 ұшақтарын қолданған әуекомпания және республикадағы басқа әуекомпаниялардың әуепаркінде мұндай ұшақ түрі жоқ. А320 ұшағының жанармай жағу төмендігі, зиянды шығарынды бөлу деңгейі және шу жолағы қоршаған орта үшін тиімді. А320 соңғы шығарылған ұшқыш кабинасы мен аваициялық электрондық құралдар технологиясымен жабдықталған. А320 бүгін дүние жүзіндегі ең тез сатылатын ұшақ болып саналады.
А 320 және үлкенірек түрі А321 әуепаркіне қосылған ұшақтарымен "Эйр Астана" әуекомпаниясының халықаралық рейстерінің жиілігін арттыруға және реактивті әуекемелерді кейбір ішкі бағыттарда қолдануға мүмкіндік берді.
Фоккер-50
Фоккер-50 – қос турбовинттік қозғалтқышы бар жайлы жолаушылар салонын ұсынатын ұшақ. "Эйр Астананың" Фоккер-50 ұшағы Қазақстан аумағында облыс қалаларын Астана және Алматы қалаларымен байланыстыратын ішкі рейстер үшін қолданылады, сонымен қатар "Эйр Астананың" халықаралық және ішкі байланыс желісін қамтамасыз ететін жергілікті қызметші ретінде пайдаланылады.
Әуежайлардың техникалық сипаттамалары
757-200 |
A320 |
50 |
|||
|---|---|---|---|---|---|
| Тұрақты жылдамдығы (км/сағ) | 900 |
870 | 850 | 800 | 450 |
| Қашықтық (км) | 10,550 | 7,250 | 5,600 | 5,400 | 2,800 |
| Тиімді жүгі (кг) | 15,000 | 23,500 | 21,800 | 22,000 | 5,100 |
| Максималды көтеру салмағы (кг) | 181,000 |
115,665 | 77,000 | 89,000 | 20,820 |
| Шекті биіктігі (метр) | 12,300 |
12,500 | 12,100 | 12,100 | 7,620 |
| Ұшу экипажы (ұшқыштар) | 2 |
2 | 2 | 2 | 2 |
| Бортсеріктер | 9 |
6 | 6 | 6 | 2 |
| Жолаушылар салоны (бизнес-класс) | 30 |
20 | 16 | 0/27 | - |
| Орындықтар арасындағы қашықтық (бизнес-класс) | 55 |
50 | 38 | 38 | - |
| Жолаушылар салоны (эконом-класс) | 190 |
150 | 132 | 195/148 | 50 |
| Орындықтар арасындағы қашықтық (эконом-класс) | 32 |
31-32 | 30-34 | 30-34 | 30 |



