Әуепарк
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста жасалған қазіргі заманғы Боинг 767-300ER, Боинг 757-200, Эйрбас А320, Эйрбас А321 және Фоккер-50 әуекемелері кіреді. Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуекомпаниясы рейстерді 21 әуекемесінде орындайды және 2014 жылы әуепаркті 34 әуекемеге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
2009 жылдың наурыз айында «Эйр Астана» әуепаркі 6 жыл 8 айға толды.
Боинг 767-300ER
Боинг 767-300ER – кеңфезюляжды, ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшақ. Бұл әуекеменің әрқайсысының қуаты 27 тоннаға жететін екі GE CF6-80C2 қозғалтқышы бар. Әуекеме 10 550 м астам қашықтыққа сағатына орташа есеппен алғанда 900 км жылдамдықпен ұша алады. Әуекеме салоны ұшу кезіндегі ойын-сауық бағдарламасымен (жеке аудио- және видеожүйелері – LCD экрандар) жабдықталған 30 бизнес-клас орындары бар, ал эконом-класта 190 орын бар.
Боинг 767-300ER алыс қашықтықтағы халықаралық бағыттарға ұшады.

Боинг 757-200
Боинг 757-200 жанармайды үнемді пайдалану, төмен дыбыс деңгейі, салонның жайлылығы, жоғары сапалы қолдану сипаттама сияқты дамыған технологиялармен жабдықталған. Ол алыс қашықтықтарға да, жақын қашықтықтардағы бағыттарға да ұша алады, қуатты және сенімді Rolls-Royce RB211 екі реактивті қозғалтқыштары бар.
"Эйр Астананың" Боинг 757 ұшағы ұшу кезіндегі ойын-сауық бағдарламасымен (жеке аудио- және видеожуйелері) жабдықталған.
Бұл әуекемелер ұзақ және орташа қашықтықтағы халықаралық және ішкі бағыттарға ұшады.
Эйрбас A319/A320/ А321
"Эйр Астана" – Қазақстандағы алғаш рет Эйрбас A319/А320/А321 ұшақтарын қолданған әуекомпания және республикадағы басқа әуекомпаниялардың әуепаркінде мұндай ұшақ түрі жоқ. А320 ұшағының жанармай жағу төмендігі, зиянды шығарынды бөлу деңгейі және шу жолағы қоршаған орта үшін тиімді. А320 соңғы шығарылған ұшқыш кабинасы мен аваициялық электрондық құралдар технологиясымен жабдықталған. А320 бүгін дүние жүзіндегі ең тез сатылатын ұшақ болып саналады.
А319, А 320 және үлкенірек түрі А321 әуепаркіне қосылған ұшақтарымен "Эйр Астана" әуекомпаниясының халықаралық рейстерінің жиілігін арттыруға және реактивті әуекемелерді кейбір ішкі бағыттарда қолдануға мүмкіндік берді.
Эйрбас 319-132
орындар картасы
Эйрбас 320-232
орындар картасы
Эйрбас 321-231
орындар картасы
Фоккер-50
орындар картасы

Әуежайлардың техникалық сипаттамалары
757-200 |
A320 |
50 |
||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Тұрақты жылдамдығы (км/сағ) | 900 |
870 | 850 | 800 | 850 | 450 |
| Қашықтық (км) | 10,550 | 7,250 | 5,600 | 5,400 | 3,350 | 2,800 |
| Тиімді жүгі (кг) | 15,000 | 23,500 | 21,800 | 22,000 | 13,200 | 5,100 |
| Максималды көтеру салмағы (кг) | 181,000 |
115,665 | 77,000 | 89,000 | 64,000 | 20,820 |
| Шекті биіктігі (метр) | 12,300 |
12,500 | 12,100 | 12,100 | 12,100 | 7,620 |
| Ұшу экипажы (ұшқыштар) | 2 |
2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
| Бортсеріктер | 9 |
6 | 6 | 6 | 6 | 2 |
| Жолаушылар салоны (бизнес-класс) | 30 |
20 | 16 | 0/27 | 12 | - |
| Орындықтар арасындағы қашықтық (бизнес-класс) | 55 |
50 | 38 | 38 | 38 | - |
| Жолаушылар салоны (эконом-класс) | 190 |
150 | 132 | 195/148 | 114 | 50 |
| Орындықтар арасындағы қашықтық (эконом-класс) | 32 |
31-32 | 30-34 | 30-34 | 30-31 | 30 |
| 2009 жылдың наурыз айына дейінгі орташа пайдалану мерзімі (жылдар/айлар) |
12/0 | 11/3 | 2/8 | 9/4 | 0/7 | 18/6 |




