Қажетті ақпарат

Атырау (GUW)

АУА РАЙЫ

Атыраудың ауа райы қатаң континенталды, жазы өте ыстық (+400С - 420С), қысы суық (-200С - 250С). Салыстырмалы ылғалдылығы жазда 37% және қыста 80-84% аспайды. Атырау қатты желімен және шаңды борандарымен белгілі. Климаты құрғақ.

ӘУЕЖАЙ

Әуежай қалаға жақын жерде орналасқан - 5 км, бұл шамамен қаладан 15 минуттық жол. Әуежайға қоғамдық көлік жүрмегендіктен, тек таксимен баруға болады. Әуежайдан қалаға дейін 600-800 теңге алады (шамамен).

КІРУ ТАЛАПТАРЫ

Қазақстан Республикасына кіретін шетел азаматтары үшін жарамды виза қажет. Виза туралы пайдалы ақпаратты Қазақстандағы Виза талаптары бөлімінде Саяхат жайлы ақпарат/ Қазақстандық визаларды алу ережелері және Дипломатиялық елшіліктер және Саяхат жайлы ақпарат/ Қазақстандық визаларды алу ережелері бөлімдерінде таба аласыз. Сонымен қатар, визаға байланысты толық мәліметті тікелей жергілікті көшіп қону басқармасынан немесе сапар агентіңізден алуға болады

АҚША БІРЛІГІ

Қазақстандық теңге (KZT)
Банкноттар: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000
Тиындар: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Үкімет: Дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-дан 18:00-ға дейін
Банктер: Дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-дан 16:00-ға дейін
Дүкендер: Дүйсенбі мен сенбі аралығында 09:00-дан 19:00-ға дейін

ТІЛІ

Қазақ, орыс тілдері

ТАСЫМАЛДАУ

Автобустар 07:00-ден 21:00-ге дейін, такси 24 сағ жүреді;
Такси қызметі: Вояж – 052;
Бипэк Авто- 158000;
Ритм- 055;
Орталық– 082;
Гурьев- 326868;

КӨҢІЛ АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Атырау Қазақстанның мұнай астанасы ретінде белгілі. Атырау мұнай, газ, минералды ресурстар, балық аулау өндірісінің орталығы. Атырау аймағы минералды ресурстарға, әсіресе көмірсутекті заттарға бай. Атырау аймағында 90-шы жылдары ашылған бірегей Теңіз мұнай телімі орналасқан. Жайық өзені Атырауды екі бөлікке қақ жарып өтеді: Еуропа және Азия. Атырауда Гиннес Рекордтар кітабына енгізілген жаяу жүретін өткел бар.

ИНТЕРНЕТ-САЙТ

Ресми емес сайт: www.atyrau-city.kz