Эйр Астана туралы

Тарихы

Қазір: Эйр Астана туралы > Тарихы

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейс 2002 жылғы 15 мамырда Алматы-Астана бағыты бойынша «Боинг-737» әуе кемесінде орындалды. Рейстің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр Ричард Эванс қатысты. Әуекомпанияның акционерлері – Қазақстан Республикасының Үкіметі және ұлыбританиялық компания «BAE Systems».


Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын «BAE Systems» (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болды.

Әуекомпанияның жаңа ұрпақтық ұшақтарды пайдалану арқылы ішкі және халықаралық әуетасымалдарды қауіпсіздік пен сервистің өте жоғары стандарттарына сәйкес орындау миссиясы да тұрақты болды. Бұл экономикалық дамуы өте қарқынды елдердің бірі саналатын Қазақстанның мұқтаждықтарын қанағатандырады. «Эйр Астана» – Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 директиваның талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.
2008 жылы «Эйр Астана» Әуекомпаниясы IATA-ның (Әуе Транспортының Халықаралық Қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық аудиттен сәтті өткен, әуекомпаниялар регистрінде ресми түрде тіркелді. «Эйр Астана» ешбір шектеусіз IOSA сертификатын алған ТМД-дағы алты әуекомпаниялардың бірі болды.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуепаркі батыста жасалған 21 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 5 жылды құрайды. Әуежеліс 50-ден астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. Бүгінгі күнге дейін «Эйр Астана» 2,3 миллион жолаушыны тасымалдады. 2000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыс күші негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан құралған. 2005 жылдың күзінен әуекомпанияны авиация саласында 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар Питер Фостер басқарып келеді. Әуекомпанияның президенті Директорлар Кеңесіне есеп береді.

Жақында әуекомпания «Эйрбас-320» және «Боинг-787» ұшақтарын сатып алуға тапсырыс берді. Бұл оның әуекемелерді 2014 жылға қарай 34 бірлікке, ал 2022 жылы 63 бірлікке дейін арттыру мақсатына сай келеді. Жаңа заманғы әуепаркінің болуына, ішкі және халықаралық ұшулардың неғұрлым сенімділігін әрі ыңғайлығын қамтамасыз етуге бағытталған серпінді техникалық-сервистік инновацияларды енгізіп отыруына қарай «Эйр Астана» ТМД аумағындағы әуекомпаниялардың ішінде көшбасшы ретінде танылып отыр.