Эйр Астана туралы

Басшылар құрамы

Қазір: Эйр Астана туралы > Басшылар құрамы

Басшылар кеңесі

Эйр Астана" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелері:
  1. Байдаулетов Н.Т., "Эйр Астана" АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы; "Самұрық-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат Қоры" АҚ Басқарушы директоры;
  2. Дүйсенбаев Е.С., "Эйр Астана" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі;
  3. Найджел Брэдли, "Эйр Астана" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; Коммерция және сатып алу жөніндегі директор, «Бағдарламалар және халықаралық клиенттерді қолдау» бөлімшесі, БАЕ СИСТЕМС;
  4. Дэвид Брент, "Эйр Астана" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; Қауым қазынашысы, БАЕ СИСТЕМС;
  5. Ларионов Д.В., "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
  6. Лорд Томас Александр Хескет, «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директоры.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының басшылығы

Питер Фостер – "Эйр Астана" әуекомпаниясының президенті

Питер Фостер мырза авиация саласындағы маңсабын Кэмбридж Университетін 1982 жылы бітіргеннен кейін Cathay Pacific Airways Ltd әукомпаниясының құрылтайшысы болып табылатын John Swire and Sons (HK) Ltd әуекомпаниясында машықтанушы-менеджер қызметінен бастады. 1982-1999 жылдары Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында Гонгконг, Азия, Австралия және Еуропада менеджер, содан кейін бас менеджер қызметінде жұмыс істеп, Францияда (INSEAD) іскерлікті басқару тәлімін алды.

Питер Фостер мырза Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында жұмысын 1999-жылы аяқтап, Philippine Airlines әуекомпаниясының оңалту тобын басқарды. Бері келе 2002-2005 жылдар аралығында Royal Brunei Airlines әуекомпаниясында бас атқарушы директор лауазымында жұмыс атқарып, 2005-жылы "Эйр Астана" әуекомпаниясының Президенті лауазымына тағайындалды.

Алма Алигужинова – Стратегиялық және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті

Алма – "Эйр Астана" әуекомпаниясында 2001-жылдан бастап, құрылу кезінен бері, тіпті әуекомпанияның ұшулары орыдалмастан бұрын, жұмыс істеп келе жатқан, алғашқы қызметкерлердің бірі.

Алма еңбек жолын компанияда корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын менеджер қызметінен бастады. Лауазымдық дәрежесі көтерілген ол, кейінірек корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын директор қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта Алма жоспарлау аға вице-президентінің қызметін атқарады.

Алма “Болашақ” бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Шығыс Каролина Университетін бітіріп, МВА – Іскерлік ұйымдастыру магистірі дәрежесін алған.

Ербол Оспанов – Үкімет, заң сауалдары жөніндегі және қауіпсіздік аға вице-президенті

Ербол – авиация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман.

Ол Қазақстанда көптеген әуекомпанияларда жұмыс атқарған. Еңбек саласының басында ол екінші пилот қызметін атқарған, содан кейін ТУ-154, Боинг-747, Боинг-757, Боинг-767 сияқты көптеген ұшақтарда жаттықтырушы ұшқыш болып жұмыс істеген.

"Эйр Астана" әуекомпаниясындағы Вице-президент қызметімен қатар, Ербол бірнеше жыл бойы мемлекеттік ұшулардың басқарушы капитаны болып жұмыс істейді.

Джон Уэнрайт – Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі аға вице-президенті

Джон 34-жылдан астам әуе көліктерге техникалық қызмет көрсету тәжіибесіне ие. Ол негізгі де, линиялық та, техникалық қызмет көрсетумен айналысқан. Ұлыбританияда жоғарғы білім алған және Бедфорд қаласында Британдық әуе көліктерінің жеке құрамында дайындықтан өткен. Британ әуежолдарында 20 жылға жұық уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол Оңтүстік-Шығыс Азияға көшіп, Бруней әуе жолдарында, Вьетнам пен Непалда жұмыс істеді. Ал Брунейден Австралияға көшкен кезде, техникалық қызмет көрсету департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. Джон «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы жұмысын 2006-жылы техникалық қызмет көрсету менеджері ретінде бастады, 2008-жылы маңсап сатысымен жоғарлап, инжиниринг мен техникалық қызмет көрсету вице-президенті лауазымына дейін өсті. Ол Еуропалық авиациялық қауіпсіздігі агенттігінің лицензиясының, сондай-ақ инжениринг және техникалық қызмет көрсету лицензиясының С категориясының иегері. Үйленген, үш баласы бар.

Асхат Бейсенбаев – Қаржы вице-президенті

Асхат өз жұмысын 2003-жылдың ортасында, компанияның қаржы вице-президенті болып бастады. "Эйр Астана" әуекомпаниясына келместен бұрын, ол банк саласынадағы тәжірибенің арқасында «Каспий Банкі» төрағасының орынбасары деңгейіне дейін көтерілді. Сонымен қатар ол басқа компанияларда құнды қағаз нарығы және инвестициялау жобаларына қатысып, тәжірибе жинаған. Асхат Атлантадағы Эмори Университінің Гойзуэта атындағы Іскерлік Мектебінен қаржы және стратегия саласы бойынша МВА - Іскерлік ұйымдастыру магистірі дәрежесін алды, сонымен қатар ол Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын үздік дипломға бітірген. Студенттік алмасу бағдарламасы бойынша Кобленцтегі (Алмания) Oтто Байшайм, WHU университетіндегі "Басқару" мамандығы бойынша магистратурада оқыған. Асхат Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген, үйленген, екі ұлы бар.

Галина Умарова – Жабдықтау вице-президенті

Галинаның әуе тасымалдау саласында мол тәжірибесі бар. "Эйр Астана" әуекомпаниясына дейін “Астана халықаралық әуежайы” АҚ-ның қаржы директоры болып қызмет атқарды.

Галина Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін тамамдаған, сондай-ақ Қазақстан Мэнеджемент Экономика және Бизнес Институтының (ҚМЭБИ) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.

Том Николс – Ұшу қызметі вице-президенті

Том «Эйр Астана»-ға 2005-жылы келді, ол Боинг 757/767 капитан ретінде, сонымен қатар 737NG әуекемесінде линиялық ұшқыштарды дайындаудың капитаны ретінде ұшқан. Осы уақыт кезінде ол арнайы жобаларда ұшуларды ұйымдастыру саласында жұмыс істеді. 2006-жылы одан жаңа лауазым – ұшулар ұйымдастыру меңгерушісінің лауазымын қабылдауды өтінді. Ол осы лауазымда ұшуларды ұйымдастыру вице-президенті ретінде тағайындалғанына дейін қызмет атқарды.

Том 1975-жылы АҚШ-тағы Coast Guard Академиясын тамамдады. Ол Coast Guard-та, әуекеменің бортында операциялар орындау арқылы, жіберілетін офицер ретінде қызмет етті, сондай-ақ Аляскада ұшқыш ретінде 10 жыл бойы қызметін атқарды. Әскери қызметін атқарып болған соң ол Эфиопияда және Орта Америкада, TransAmerica әуекомпаниясында линиялық ұшқыш ретінде жұмыс істеді. 1985-жылы Том Delta әуекомпаниясында, ұшуларды стандарттау бөлімінде жұмыс істеп, ұшқыш ретінде 19-жылдық маңсабын бастады. Ол Delta әуекомпаниясынан 2004-жылы Боинг 757/767 капитаны ретінде қызметтен кетті. Томның 3 қызы және 2 немересі бар, олар АҚШ-та тұрады.

Герхард Коэтзи – Корпоративті қауіпсіздік және сапаға кепілдік беру жөніндегі вице-президент

Герхард өз еңбек жолын әуе күштері штурманы ретінде бастады, Оңтүстік Калифорния Университетінің қауіпсіздікті басқару бойынша біліктілігі бар, ерекше оқиғаларды зерттеуші маманы. Ол коммерция саласындағы бакалавр дәрежесіне ие, Оңтүстік Африка Университетінің көлік экономикасы факультетін үздік аяқтаған. Соңғы 15 жыл ішінде, ұшулардың қауіпсіздігін сақтау саласында, соның ішінде Оңтүстік Африканың Әуе Қорғау күштерінің ұшу қауіпсіздігін сақтау штаб офицері болып және BAE Systems компаниясының басқарушы кеңесшісі ретінде ұшу қауіпсіздігін арттыруда белсенді жұмыс атқарған.

Ибрагим Джанлиель - Маркетинг және сатулар жөніндегі вице-президенті

Ибрагим «Эйр Астана» әуекомпаниясында 2003-жылдан бастап жұмыс істеуде, бұл күнге дейін, ол 9 жыл туризм саласында Түркияның басты тур операторларымен бірге жұмыс жасады. Әуе саласындағы маңсабының бірінші қадамы KLM әуекомпаниясының Алматы қаласындағы өкілдігінен басталды. Менеджер лауазымында Орта Азия мен Қазақстандағы коммерция саласы үшін жауапты болды.

Ибрагим Ыстамбұлдағы «Bosphorus University» Университетінің МВА дәрежесіне ие болды және Marmara University оқу орнынан экономикалық білім алды. Сонымен қатар Ибрагим 2005 жылдың қарашасынан 2008 жылдың қарашасына дейінгі мезгілде Қазақстан Еуропалық Іскерлік Ассоциациясының директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Ричард Леджер - Қазақстандағы және шетелдегі сатулар жөніндегі директоры

Ричард “Эйр Астана” әуекомпаниясында 2006 жылдың маусым айынан бастап Лондонда орналасқан ЕО және АҚШ және Канададағы аймақтық бас менеджер қызметінен бастады. Ол негізінен сол аймақтағы сауда желісіне жауапты ретінде жұмыс атқарды. Эйр Астана әуекомпаниясына дейін 2005 жылдың қаңтар айында Royal Brunei Airlines компаниясында сатулар және маркетинг жөнінде менеджер қызметінде болды. Содан кейін Ричард 5 жылға жуық уақыт Лондондағы Сингапур әуежолдарында корпоративті саудада жұмыс істеді. Ол өзінің авиация саласындағы маңсабын 1993 жылы MA-Саяхат және Туризм саласы бойынша Ланкастер университетін және Лондон Университетінің география саласын бітіргеннен кейін бастады. Оның туризм индустриясында бірінші қызметі Тайланд және Үндістанға елдеріндегі турпакеттерге маманданған тур операторы менеджері, содан кейін Ричард Wexas International компаниясында ‘Round the World’ ретіндегі маманы деңгейіне дейін көтерілді. Ричард үйленген, 3 баласы бар. 2009 жылдың ақпан айында Эйр Астана әуекомпаниясының дүниежүзі бойынша сатулар жөніндегі директоры болып тағайындалды.

Aйман Тилеубаева - коммерциялық тиеу бақылауы жөніндегі директоры

Айман “Эйр Астана” әуекомпаниясында өзінің еңбек жолын 2003 жылдың қараша айынан бастап коммерциялық жоспарлау менеджері қызметінен бастады. Ол ұшу кестесі мен желіні жоспарлауға жауапты ретінде жұмыс атқарды. Эйр Астана әуекомпаниясына дейін Айман “Эйр Казахстанда” 5 жылға жуық еңбек етті. Айман Қазақ ұлттық Университетін тәмамдап, қолданбалы математика саласынан философия докторы дәрежесін алды.

2009 жылдың ақпан айынан бастап Эйр Астана әуекомпаниясында кіріс желісін басқару жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды.

Трэвор Вуд – Борттық қызмет директоры

Трэвор бортсеріктер бөлімінің қызметіне, ұшу кезіндегі ойын-сауық бағдарламаларына, борттағы салықсыз сауда және бортта ұсынылатын тағам дайындау қызметінің көрсетілуіне жауапты. 

Трэвор British Airways, United Airlines және Great North Eastern Railway сияқты компанияларда қызмет көрсету саласында басқарушы ретінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Қызметінде бортсеріктерді оқыту мен дамыту, әуежай, сонымен қатар темір жол тасымалдауларының басқармасына жауапты болды.

«Эйр Астана» әуекомпаниясына келгенге дейін Emirates Airline компаниясында ұшуларды Эйрбас А380 ең ірі заманауи әуекемесінде орындайтын бортсеріктерді басқару қызметін атқарды.

Oливер Мэтвич – Жолаушыларға жерде қызмет көрсету бөлімінің бастығы

Оливер жолаушыларға жерде қызмет көрсету бөлімінің менеджері ретінде "Эйр Астана" әуекомпаниясының қазақстандық және халықаралық әуежайларға көрсететін қызметіне жауапты.

Оливер еңбек жолын Алманияда бастап, 17 жыл бойы авиация саласында жұмыс атқаруда. Ол дүние жүзіне әйгілі, көш басшы компанияларының әуежайларының жер қызметі бөлімдерінде көптеген жоғарғы лауазымдардағы қызметтер атқарған. "Эйр Астана" "әуекомпаниясында еңбек етпестен бұрын, Оливер Еуропа елдерінің көптеген әуежайларының және әуекомпанияларының жобаларының басқарушысы ретінде жұмыс істеген.

Белла Тормышева – Бұқарамен байланыс департаментінің директоры

Бұқарамен байланыс және мәдени-ақпараттық қызмет салаларында 10 жылдан астам жұмыс атқарған. «Эйр Астана» әуекомпаниясына келместен бұрын Еуропалық Комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Өкілдігінде жұмыс істеді. Халықаралық қатынастар магистрі, қазіргі уақытта саяси ғылымдар кандидаттығын қорғау үстінде. Сонымен бірге Белла шет елдерде түрлі тренингтерден өткен. Ол аралас ұлттық және халықаралық компанияларда жұмыс істегенді

Айдар Қашқарбаев – Заң департаментінің директоры

Заң саласындағы еңбек тәжірибесі 10 жылдан асады. Осы тәжірибесін ол 1993 ж. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде бастады. «Эйр Астана» АҚ компаниясына келгенге дейін Denton Wilde Sapte заң компаниясында және KPMG консалтинг компаниясында, сонымен қатар Батыс Қазақстанда орналасқан Қарашығанақтағы «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» компаниясы заң департаментінің менеджері ретінде қызмет атқарған.

Айдар Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін бітірген. “Visiting scholar” бағдарламасы бойынша Оңтүстік Иллинойс Университетінде (АҚШ) тәлім алған.

Евгения Ни – Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры

Евгения – Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі және ағылшын/француз тілдері мен заң саласы бойынша диплом иегері.

Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы жұмысын 2002-жылдың қараша айында, Президенттің Атқарушы көмекшісі ретінде бастады. Евгения «Эйр Астана»-да жұмыс істеместен бұрын, Интер-Континенталь қонақ үйінде 4 жыл бойы жұмыс атқарған.

Чаминдра Ленава – Ақпарат технологиялары және электрондық коммерция департаментінің директоры

 

Кәсіпкерлігі жоғары, үш ұлттық әуекомпанияның ақпараттық технологиялар саласында қызмет атқарған маман. Чаминдра Эйр Астана әуекомпаниясында жұмысын бизнес жүйелерінің менеджері ретінде бастады. Бизнесті басқару магистрі. Электорника және телекоммуникацияларды әзірлеу саласында бакалавр ғылыми дәрежесі бар. Ақпараттық технологиялардың түрлі салаларындағы сертификаттардың иегері. Чаминдра PMP (Project Management Professional – АҚШ) дәрежелі жобаларды басқару саласында тіркелген маман және Британ Компьютерлік Қоғамының ақпараттық технологиялары саласында дипломы бар.

 

Валентина Кегай – Ішкі аудит директоры

Валентина қаржы саласында 23 жылдан астам жұмыс істеген маман, "Эйр Астана" әуекомпаниясына келместен бұрын, жергілікті және халықаралық компанияларда бас есепші, қаржы директоры және сыртқы аудитор сияқты қызметтерді атқарған. Ол лицензиясы бар аудитор және Аудиторлар Палатасының мүшесі.

Ол Ұлттық Экономика Институтын және аспирантурасын тамамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.

Алима Заманбекова – Бас есепші

Алима «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2003 жылдың ортасында бас есепші қызметіне орналасты. Әуекомпанияда жұмысқа орналасқанға дейін мұнай-газ компанияларында бас есепші қызметін атқарған.

Алима Шет Тілдер Институтының ағылшын тілі факультетін бітірген, кейін Басқару Қазақ Мемлекеттік Академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби лицензиясы бар есепші және Қазақстан Республикасы Кәсіби есепшілер палатасының мүшесі.

 

Үйленген, екі баласы бар.

Елена Обухова – Жолаушыларға жерде қызмет көрсету бөлімінің менеджері

Еленаның құзырлығына қазақстандық мен шетелдік әуежайлардағы жолаушыларға жерде қызмет көрсетуге қатысты мәселелер жатады. Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясында 2001 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді.

Компаниядағы жұмысын әкімшілік және әуежай қызметі сияқты әртүрлі бөлімдерде бастады. Жолаушыларға қызмет көрсету бөлімінің агенті, кезекші маман, терминал менеджері қызметін атқарды. Қазір жолаушыларға жерде қызмет көрсету бөлімінің менеджері.

Жолаушыларға қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеген кезде Алматы әуежайында жолаушыларды тіркеу процесін ойдағыдай енгізді.