Соңғы жаңалықтар
6 қарашадан бастап Еуропа Одағында жаңа қауіпсіздік шаралар еңгізілді.
Ұлыбритания Көлік Департаменті (КД) Еуропа Одақ елдерінің қауіпсіздік процесстерін үйлестіретін жаңа қауіпсіздік ережелерін жариялады. Бұл Еуропадағы қауіпсіздік процесстерін тегістеп, сонымен Хитроу әуежайына Еуропа нарығында тұрақты және бәсекелестік қабілеті бар әуежай болып қалуға мүмкіндік береді.
Жаңа ережелер дүйсенбі, 6 қарашадан бастап күшке еңеді және жолаушылармен қатар кеден тексеріс қызметкерлеріне қолданылады.
Сұйықтықтар
- Енді сұйықтықтарды күзет қызмет бекетінен өткізу мүмкін
- Сұйықтықтар сиымдылығы 100 мл аспайтын жеке контейнерлерде болу қажет
- Барлық контейнерлер бір сумканың ішінде болу қажет
- Сумка:
- логотип және жазулар орналастыруға рұқсат етілген мөлдір пластиктан жасалған,
- көлемі 20см х 20см (8 дюйм х 8 дюйм) аспайтын,
- көп рет қолданатын тәсілге (мысалы, молния немесе ілгішекке) жабылатын,
- толығымен жабық болу қажет. - Сумкадағы әрбір жеке затты анық көруге мумкіндік болу қажет
- Сонымен қатар сумкада сұйықтықтарға жатпайтын заттар да болуы мумкін
- Контейнерлердің саны шектелмеген, бірақ олардың бәрін бір мөлдір сумкаға ыңғайлы салу қажет, ал сумка жабық болу қажет
- Сумка қол жүгінен алынып, скринингке берілу қажет
- Әрбір жолаушыға, соның ішінде балалар мен жеткіншектерге, ішінде сұйықтықтар бар бір ғана сумка тасымалдау рұқсат етілген. Қызметкерлер де ішінде сұйықтықтар бар бір ғана сумка тасымалдау рұқсат етілген.
- Жолаушылардың өз сумкалары болады деп қарайланған, бірақ алғашқы бірнеше апталар бойы күтпеген жағдайларға арнайы пластик сумкалар берілетін болады.
- Шынайы қажет туған жағдайда сумкада сиымдылығы 100 мл асатын бос контейнерлерді (мысалы, балалар бөтелкесін) тасымалдау рұқсат етіледі. Контейнерді сумкаға салғаннан кейін, оны күзет қызмет бекетінен өткізуге болады.
Егер қол жүк тексеру кезінде сиымдылығы 100 мл аспайтын контейнерде кез-келген сұйықтық табылса, жолаушы немесе қызметкерге контейнерді одан әрі тасымалдау үшін пластик сумкасы беріледі ( жаңа ережелер еңгізілгеннен кейін бір ай бойы).
Бажсыз сұйықтықтар
- Келесі ережелер Еуропа Одақ елдерінің бажсыз сауда аймақтарында немесе Еуропа Одақ әуе компанияларының ұшақтарында сатып алынған сұйықтықтарға (мысалы, алкоголь, парфюмерия, косметика өнімдеріне) қолданылады:
- бұл сұйықтықтар зақымдалмаған мөлдір пластик сумкаларда болу қажет
- сумка ашылмаған болу қажет
- сумкада бұл затты сатып алғанның дәлелі (мысалы, чек) болу қажет
- бұл сұйықтықтар ұшу күні сатып алынуы қажет
- жоғарыда аталған шарттарға қайшы келмейтін әрбір жеке сұйықтықты ұшаққа алып жүруге болады - Егер жолаушының баратын мекені Еуропа Одақ елдеріне жатпаса, және ол Еуропа Одақ әуе компаниялары арқылы емес ұшып жатса, бажсыз сауда аймағында сатып алынған сұйықтықтарды тасымалдау рұқсат етілмейді, және оларды ерікті түрде қалдыру қажет.
- Сапар кезінде кез-келген әуежайда сатып алынған басқа өнімдерді (мысалы, қатаң косметика, темекі), бөгетсіз түрде тасымалдау рұқсат.
- Бажсыз сауда аймағында сатып алынған сұйықтықтарды қосымша (жеке) түрде ұшақ салонында әр жолаушыға бір өнімнен тасымалдау рұқсат етіледі. Барша басқа өнімдерді қол жүк ретінде тасымалдау қажет.
Оттықтар
Бір оттықты күзет қызмет бекетінен өткізу мүмкін. Оттықты мөлдір пластик пакетіне салу қажет емес. Жолаушы оны өзімен бірге немесе арнайы науа арқылы өтқізе алады, ол қол жүк ішінде болмау керек. Ұшақ ішінде өткізілген оттық иесінде болу қажет.
Балаларға арналған сүт және дәрігерлік сұйықтықтар
- Балаларға арналған сүтті мөлдір пластик сумкасыз өткізу мүмкін, және ол сапарға қажет мөлшермен шектелген. Бұл ереже қазір сынақтама процессінен өтіп жатыр.
- 100 мл аспайтын контейнерлердегі дәрігер жазған немесе дәріқағазсыз дәрігерлік сұйықтықтарды мөлдір пластик сумкаларға салу қажет. Егер көлемдері 100 мл асатын болса, контейнерлер пластик пакетсіз жеке түрде көрсетіледі, және сол жерде верификация процедурасына жатады. Дәрі-дәрмекті тек ғана сапарға қажет мөлшерде тасымалдау рұқсат етіледі.
Пиджактар және пальто
- Осыған дейін тексерілген пальтоға қосымша бүкіл пиджактарды шешіп тексеру қажет
Қол жүк
- Қол жүк тасымалдау ережелері Ұлыбританияда күшке еңді және бүкіл Еуропада келесі 6 айдың ішінде еңгізіледі:
- әр жолаушыға 56см х 45 см х 25 см көлемдегі қол жүк рұқсат етілген
- қызметкерлерге өз жұмыстарын атқару үшін қажет заттардан басқа 2 қол жүк бірлігі рұқсат етіледі
- музыкалық аспаптарды күзет қызмет бекетінен өткізу мүмкін
- басқа рұқсат етілген көлемдерден асатын қымбат және биязы заттар (мысалы, суреттер) өткізілмейді
- ноутбуктар және басқа көлемді электр құралдарды тексеру үшін сумкалардан алып шығу қажет.
- егер жолаушы тексеруді жалғастыруды қаласа, өткізуге рұқсат берілмеген барлық жол жүкті қалдыру қажет
- рұқсат берілмеген зат (мысалы, қару) табылған кезде, полиция шақырту мүмкүндігі сақталады
- барлық басқа рұқсат берілмеген заттар лайықты контейнерлерге салыну қажет.
жаңалықтарға оралу





