Соңғы жаңалықтар
Эйр Астананың WTM көрмесіне қатысуы
2006 жылғы қарашаның 6-9 аралығында Эйр Астана Лондондағы Excel Орталығында өткен WTM әлем саяхат көрмесіне қатысты. Қарқынды даму үстіндегі әуекомпания, WTM көрмесін пайдаланып, өзінің ұшақ іші жаңа бұйымдарын, жаңа бортсерік біріңғай форма киімдерін, жаңа бағыттар мен жаңа бренд ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Қазақстаннан «Эйр Астана» бұл көрмеге үлкен делегациямен келді. Оның құрамында әуекомпания Коммерция Департаментінің Вице-Президенті, Сату және Маркетинг Директоры және Еуропа, АҚШ және Канада Аумақ Бас Менеджері Ричард Леджер болды. Әуекомпания жаңа дизайнға сай стенд алаңында орналасты.
«Эйр Астана» өзінің ұшақ ішіндегі жаңа тағам қызметін көрсетіп қана қоймай, ұшақ ішінде жаңадан пайдаланатын Жапониядан әкелінген Норитаке атты кәрлен ыдыстарын көрсетуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, дүйсенбі және сейсенбі күндері, әуекомпания, әуебилет сату және сауда баспасөзінің басты агент-әріптестерін әлемге әйгілі және таңдаулы шараптарды тату кешіне шақырды. Сонымен қатар, бұл шара Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов мырзаның қолдауымен өткізілді. «Эйр Астана» әуекомпаниясының жаңа біріңғай формасына мақтанышпен киінген үш бортсерік, кеште шарап пен канапелерді таратты. Бойға сай, қара түсті және сәнді жаңа бортсерік біріңғай форма киімі Эйр Астана жаңа брендін дәл суреттеп сұлу көрінді.
Сонымен қатар, «Эйр Астана» өзінің жаңа аудио және видо ойын – сауық жүйесін ұсынды. Бұл бизнесс класс жолаушыларына арналған жаңа жүйе, жолаушыға өзі қалаған фильмді немесе деректі бағдарламалдарды таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе ұзақ сапар бағыттарына 2007 жылдың қаңтар айынан бастап енгізіледі.
«Эйр Астананың» WTM көрмесіне қатысуы үлкен абырой болды. Бұл көрме әуекомпанияға өзі жайлы дауыстап жариялап қана қоймай, оның даму жолындағы жаңа жетістіктері туралы толық айту мүмкіндігін берді. Ал жаңа тағам қызметін көрсету, IFE жүйесі және бортсеріктердің жаңа киім үлгілері, біздің тұрақты тұтынушылардың көңілінен шықпақ», дейді Еуропа, АҚШ және Канада Аумақ Бас Менеджері Ричард Леджер.
жаңалықтарға оралу





