Соңғы жаңалықтар
Алматы қаласы әуежайындағы қалың тұман сапарлардың ауқымды кідірісін тудырды.
Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 7-ден басталған Алматы қаласы әуежайындағы қалың тұманға байланысты 8-ақпаннан бастап Эйр Астананың 58 сапары орындалмай қалды. Қолайсыз табиғат жағдайларына байланысты авиакомпанияның 3500 жолаушысы өздерінің тағайындалған жеріне ұша алмай отыр.
Авиакомпания қауіпсіздік нормаларына сәйкес өз сапарларын өзгертіп, кейінге қалдырды.
Алматы әуежайы 2-санатты техникалық жарақтандырылған. Бұл 2-ші санатты техникалық жарақтандыру талаптарына сәйкес ұшуды және қондыруды орындау үшін ең төменгі көру сәйкесінше 200 және 350 м болуы тиіс. Кеше таңертеңнен бері және бүгін түске дейін, 9-ақпанда ең төменгі көру 50-ден 150 м-ге дейін ауытқыды, сонымен бірге көрудің ең үлкен ұлғаюы 200 м дейін болды және осы аралықта 4 ұшу жүзеге асырылды.
Авиакомпания әуежайдағы жолаушылар үшін қажетті тамақтар мен сусындарды беріп, барынша мүмкін болатын жағдайларды қамтамасыз етіп отыр. Сапарларының кідірісі тоғыз сағаттан асқан жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылды.
Бүгін, ауа райының бұдан арғы нақты болжамын жасау мүмкін болмағандықтан, авиакомпания өз сапарларының бір бөлігін орындауды 10-ақпанға ауыстырды.
Ұшудан бас тартқан жолаушыларға басқа күндердегі сапарларға қайта брондау мүмкіндігі беріледі немесе билеттердің толық құны қайтарылады.
Өкінішке орай, күздік-қыстық навигация кезеңі (қазаннан мартқа дейін, қоса алғанда) Қазақстандағы жиі тұман, қолайсыз ауа райы жағдайы жағынан авиацияда жеткілікті түрде мәселелі. Мәселен, 2007 жылғы қаңтардың 15-інен 31-іне дейінгі кезеңде Эйр Астана сапарлары орындалуының нақтылығы 70% құрады, сонымен қатар Эйр Астана сапарлары кідірісінің 49% ауа райы жағдайлары себебінен болды. Салыстыру үшін 2006 жылғы сәуір-маусым және маусым-қыркүйек кезеңдерінде Эйр Астана сапарларының нақтылығы тиісінше 89,1%, және 88,5% құрады.
Сапарлар кідірісі тек жолаушыларға ғана емес, сонымен бірге қосымша қаржы шығындарына байланысты авиакомпанияның өзіне де қолайсыздықтар әкеледі. Сондықтан Эйр Астана жағдайды барынша жақсы шешу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданады.
Эйр Астана авиакомпаниясы жолаушылардың пайда болған қолайсыздығын бөлісіп, түсінеді және пайда болған жағдай үшін кешірім сұрайды!
Қайта брондау немесе билеттерді қайтару үшін жолаушылар Эйр Астана авиабилеттерін сатып алған орындарға келуі қажет.
Сапарлардың орындалу уақыты туралы бұдан арғы ақпаратты жолаушылар келесі телефондар арқылы нақтылай алады: +7 (327) 266 73 93 немесе +7 (327) 2506 850.
жаңалықтарға оралу





