Соңғы жаңалықтар
KZ Боинг 767 (Р4-КСА) әуе кемесінің келуі.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы өз тарихында алғашқы рет кең фюзеляждық әуекемесіне ие болды. Бұл әуекеме - Боинг 767-300ER. "ER" – ұзартылған ұшу сапар қашықтығының көрсеткіші. Бұл әуекеменің әрқайсысының куаты 27 тоннаға жететін екі маңызды қозғалтқыштары бар және ол 11 300 км астам қашықтыққа, сағатына орташа есеппен 850 км жылдамдықпен ұша алады.
Боинг 767(Р4-КСА) әуекемесі 1997 жылдың ақпан айында шығарылған, бұл осы күнге дейін KLM әуекомпаниясының қолданысында болып, Алматыға бірнеше рет сапар орындаған әуекемесі. Оның жүк тасымалдау мүмкүндігі 15 тоннадан асады және ұшып көтерілу барысында әуекеменің жалпы салмағы 181 тоннаға жетуі мүмкін. Әуекеме салонында ұшу сапар кезінде ермек етуге арналған жеке аудио және видео жуйелерімен (LCD экрандар) жабдықталған 30 бизнес клас және 190 эконом клас орындары бар. Ұшақтың жалпы электр жүйесінің ұзындығы 188 км дейін барады. Ұшақтың жалпы ұзындығы - 55 м, артқы шеті жерден 16 м биік!
Боинг 767 (Р4-КСА) әуекемесі Астанаға 2007 жылдың 23 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:50 келіп қонды, ал Алматыға ол сол күні сағат 17:40 ұшып келді.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы бұл табысты мақтан тұтады.
жаңалықтарға оралу





