Соңғы жаңалықтар
«Онлайн арқылы билетті сатып алыңыз да ұтыңыз!» акциясының жеңіскерлерін құттықтаймыз

26 тамызда Алматы-Астана рейсімен ұшқан Айнұр Тілешева ханым ұтыс ойнының бақытты иегері болып анықталды, билеттің нөмірі 2400073403. Ұтыс – Peugeout 207 маркілі автомобилі.
Ұтыстағы екінші сыйлықты – «Эйр Астана» әуекомпаниясының кез-келген рейсінде бизнес кластағы барып-қайту билетін – 21 тамызда Астана-Мәскеу рейсімен ұшқан Мацией Войциечовский мырза ұтып алды, билеттің нөмірі 2400073041.
Үшінші сыйлықтың иегері – 30 маусымда Астана-Алматы рейсімен ұшқан Ғалия Ибраева ханым, билеттің нөмірі 2400042743. Енді Ғалия ханымның «Эйр Астана» әуекомпаниясының кез-келген рейсінде эконом класпен ұшу мүмкіндігі бар.
Жеңімпаздар PNR (Passenger Name Record) нөміріне сәйкес кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталды. Тәуелсіз комиссия құрамына төмендегі тұлғалар кірді: Нүсіпов Әділжан – «Экспресс-К» газетінің бас редакторы, Манапов Еркен. – Жетісу аудандық кеден қызметінің маманы, Алдабергенов Асқар – шекара қызметінің маманы, сонымен қатар «Эйр Астана» компаниясының өкілдері: Өмірбаева Қарлығаш – жарнама және бренд дамыту менеджері, Түлегенова Гүлнар – заңгер, комиссия төрағасы: Лианаге Ашендра – сату және маркетинг жөніндегі вице-президент.
жаңалықтарға оралу





