Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
05 Feb 2008

«Эйр Астана» 2007 жылы рекордтық даму көрсеткіштеріне қол жеткізді

2007 жылы жолаушылар ұшқан қашықтық 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42 пайызға артты немесе 6,5 миллиард км-ге тең. Жолаушыларды тасымалдау 46 пайызға, қызмет саласынан түскен пайда 48 пайызға артты.

Өткен жылдың барысында екі Боинг 767-300, екі Эйрбас А 320 және екі Эйрбас А 321 ұшақтары жеткізіліп, көшбасшы әуетасымалдаушының әуепаркіндегі ұшақтар саны 18-ге жетті. Осы жылы олардың санын әрі қарай арттыру жоспарланып отыр. Компанияның ұзақ мерзімді жоспарларына жаңа 15 ұшақты сатып алу кіреді. 2007 жылдың соңында алты Боинг 787-8 және тоғыз Эйрбас А 320 ұшақтарын сатып алуға тапсырыс берілді. Өндірушілердің бағаларына сәйкес тапсырыстың жалпы құны 1,7 миллиардқа жуық доллар көлеміндегі соманы құрайды. Алынуы жоспарланып отырған тоғыз Эйрбас А 320 әуекемесінің алғашқысы 2012 жылы, ал бірінші Боинг 787-8 2016 жылы жеткізіледі. 2022 жылы «Эйр Астананың» әуепаркінде 63 ұшақ болады.

Сонымен бірге 2007 жылы орындалатын рейстердің саны артты. Еуропа бағытында мұндай рейстер келесі бағыттарды қамтыды: Алматы – Мәскеу, Астана – Мәскеу, Ақтау – Мәскеу – аптасына 21 рет. Алматы, Астана – Франкфурт – аптасына 6 рет, Атырау-Амстердам – аптасына 4 рет. Азия бағыты: Алматы – Бейжин – аптасына 6 рет, Алматы - Бангкок – 3 рет, Алматы - Сеул – аптасына 2 рет.

Әуекомпанияның өткен жылы қол жеткізген басқа жетістіктері: «Nomad Club» жиі ұшатын жолаушыларды марапаттау бағдарламасының енгізілуі, www.airastana.com ресми сайтында онлайн брондау жүйесін енгізу және көптеген бағыттарда электрондық билеттің қолданылуын енгізу. «Эйр Астана» АҚ мен «Люфтганза» әуекомпаниясының арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – маңызды жетістік.

«2007 жыл «Эйр Астана» әуекомпаниясы үшін өте табысты жыл болды. Өйткені осы жылы өндіріс көлемі, жолаушыларды тасымалдау мен әуепаркті ұлғайту бойыша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді», - дейді «Эйр Астана» АҚ Президенті Питер Фостер, - «Әуекомпания келешекте Боинг 787 және Эйрбас А 320 заманауи ұшақтарын пайдаланатын болады. 2008 жылы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын әрі қарай жақсартады».

«Эйр Астана» – ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.

«Эйр Астана» АҚ «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен «BAE Systems» британдық компаниясының арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Холдинг, ал 49% BAE еншісінде.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы Боинг 767-300ER, Боинг 757-200, Эйрбас А320, Эйрбас А321 және Фоккер-50 әуекемелері кіреді.

«Эйр Астана» АҚ 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында ұшу қызметін бастады. Қазіргі таңда әуекомпания 25 ішкі және Алматы, Астана және Атырау қалаларынан ұшатын 21 халықаралық рейстерді орындайды. «Эйр Астана» әлемдегі қарқынды түрде дамып келе жатқан әуекомпаниялардың қатарына жатады.


жаңалықтарға оралу