Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
13 Feb 2008

«Эйр Астана» №898 (29/01/2008) рейс жолаушыларынан кешірім сұрайды

29 қаңтарда Боинг 767 әуе кемесі Дубай-Алматы бағытындағы №898 рейсті орындау кезінде кәдімгі тәртіппен ұшуға дайындала бастады. Жолаушылар өз орындарына отырып болғаннан кейін ұшақ жүргізу жолақшасына тасымалдауға дайын болды. Осы кезде аэронавигацияны бақылау жүйесі қуат көзі блогының қосымша торабындағы ұсақ техникалық қиындықтарға байланысты ұшуды 10-15 минутқа кешіктіру туралы нұсқау берді. Жабдықтарды тексеру үшін инженерлер шақырылды. Экипаж командирі дауыс күшейткіш байланыс арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде рейстің кешігу себептері туралы жолаушыларға хабарлама жасады. Ақау жөнделді. Экипаж командирі жолаушыларға әуе кемесінің ұшуды жалғастыруға толық дайын екендігі туралы хабарлады. Әуе кемесін жүргізу жолағына тасымалдау кезінде қуат көзінің қосымша блогында қайтадан ақау шығып, бірақ экипаж жедел түрде ол ақауды жөндеді.

Қозғалтқыштар қосулы, ұшақ ұшуға дайын тұрды. Кешігудің себебін уайымдаған рейс жолаушылары командирден ұшақтың ақаусыз жағдайда екендігін растауын сұрады. Командир жолаушыларға шығып, ұшақтың ұшуға толық дайын екендігін және барлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Әуе кемесінің экипажы жолаушыларды тыныштандыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды. Жолаушылардың көпшілігі экипаж командирі мен мүшелерінің мәлімдемелеріне қанағаттанды және қауіп жоқтығы туралы мәлімдемесі үшін командирге алғыс білдіріп, салондағы өз орындарына отырды.

Бірақ, ұшақты ұшу-қону жолағына шығару кезінде екі ер жолаушы ұшқыштар кабинасына кірмекші болады, бұған әуе тасымалының халықаралық ережелеріне сәйкес үзілді-кесілді тыйым салынған және бұл ережені «Эйр Астана» компаниясы мүлтіксіз орындайды. Кабинаға кірер жолда жолаушыларды аға бортсерік тоқтатты. Бұған жауап ретінде олар күш қолдануға тырысты және тіпті бір жолаушы ұшақ есігін ашуды талап етті. Борттағы қалыптан тыс іс-құлық жағдайындағы барлық нұсқаулықтар мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес ұшуды тоқтату және тәртіп бұзушыларды рейстен түсіру туралы шешім қабылданды.

Жолаушылардың бір бөлігі болған оқиғадан кейін экипаж және әуекомпания өкілдерінің кеңестері мен сендірулеріне қарамастан ұшуды жалғастырудан бас тартты. Бұл жолаушыларды түсіру және жүк тиеу рәсімдерін өту себептеріне байланысты ұшудың кешігу уақытын ұлғайтты. Қалған жолаушылар Алматыға сол № 898 рейспен сәтті жетті. Дубайда қалған жолаушылар Алматыға әуекомпанияның келесі рейстерімен жетті.

Әуекомпания жолаушылар көрген ыңғайсыздықтарды түсініп және ортақ бола отырып, өз атынан кешірім сұрайды. Әуекомпания тәртіп бұзушылардан басқа осы рейспен ұшқан жолаушылардың барлығына «Эйр Астана» рейстерімен келесі ұшуларды орындау кезінде билет класын жоғарылату (бос орындар бар болған жағдайда) немесе әуекомпания қызмет көрсететін кез келген бағытта қосымша 15 кг жүк алып өту туралы ұсынысы бар хаттар жолдады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

«Эйр Астана» АҚ
Бұқарамен байланыс бөлімі
Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі нөмір 161
Эл. пошта: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com


жаңалықтарға оралу