Соңғы жаңалықтар
Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
15 Feb 2008
Қазақстан Республикасының аймақтық әуежайларын жаңарту қажеттігі жобаны іске асырудың себебі болды. Әуежайларды жаңа заманғы арнайы техникамен, әртүрлі мұзданудан қорғайтын сұйықтықтармен қамтамасыздандыру қажет. Бұл қыс мерзіміндегі қиын метеорологиялық жағдайларда әуекемелерді пайдалану қауіпсіздігін жоғарылатуға септігін тиігзуі тиіс.
Аэродромдардағы беткі төселімдерді өңдеу мақсатында мұздануға қарсы қызмет көрсетуге арналған 6 машинаны алу арқылы әуетасымалдаушы өз бастамасын іске асырудағы алғашқы қадамын жасады. Олардың 2-і Астана қаласындағы торапты әуежайға берілді, ал қалғаны бір-бір машинадан Өскемен, Павлодар, Қостанай және Шымкент қалаларының әуежайларына беріледі. Бұл қалалардың әуежайларында «Эйр Астана» әуекомпаниясы қыс мерзімінде Фоккер 50 ғана емес, сонымен бірге Эйрбас 320/321 және Боинг 757-200 ұшақтарымен де рейстер орындай бастаған болатын. Жерде қызмет көрсету саласындағы озық компания «KLM Equipment Services» машиналарды екі аптаның ішінде жеткізетін болады.
Әуекомпания сонымен қатар мұздануға қарсы қызмет көрсету үшін пайдаланылатын технологиялар саласында білімі бар маманды шақырды және өзінің қызметкерлері үшін арнайы тренинг өткізуді жоспарлап отыр.
Эйр Астана – ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.
Эйр Астана «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен BAE Systems (Ұлыбритания) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы В767-300, В757-200, А321, А320 және F50 әуекемелері кіреді.
Қосымша мәлімет үшін хабарласыңыз:
Бұқарамен байланыс бөлімі
«Эйр Астана» АҚ
Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі 161
Эл. пошта: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com
жаңалықтарға оралу
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстанның аймақтық әуежайларына инвестициялық қаражат бөліп отыр
«Эйр Астана» АҚ республика әуежайларындағы әуекемелерге мұздануға қарсы көрсетілетін қызметтерді жақсартуға бағытталған ірі инвестициялық жобаны іске қосты. Жобаның жалпы құны 2 миллион долларға жуық соманы құрайды. Бұл қаражат арнайы техниканы сатып алу мақсатында ғана емес, сонымен бірге мұзданудан қорғайтын сұйықтықтарды алу, инженерлер, агенттер мен осы арнайы техниканың жүргізушілерін оқыту, арнайы техниканы жеткізу, оған қызмет көрсету, қоймалар мен гараждарды жабдықтау үшін жұмсалатын болады. Жоба 18 ай мерзімге есептелген.Қазақстан Республикасының аймақтық әуежайларын жаңарту қажеттігі жобаны іске асырудың себебі болды. Әуежайларды жаңа заманғы арнайы техникамен, әртүрлі мұзданудан қорғайтын сұйықтықтармен қамтамасыздандыру қажет. Бұл қыс мерзіміндегі қиын метеорологиялық жағдайларда әуекемелерді пайдалану қауіпсіздігін жоғарылатуға септігін тиігзуі тиіс.