Соңғы жаңалықтар
Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
03 Mar 2008
Шараны өткізу ойы қоғамның ұшу кезіндегі жолсеріктердің атқаратын рөліне деген үлкен қызығушылығына байланысты туындады. Баспасөз турының мақсаты: көпшілікке экипаж міндеттеріне жолаушыларға қызмет көрсету ғана емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету де кіретінін көрсету. Шара бағдарламасы спикерлердің графикалық көрсетілімдерінен, оқыту орталығына экскурсиядан, әуекомпанияның қызметтегі жолсеріктерімен болған брифингісінен, «Эйр Астана» АҚ Президенті Питер Фостермен интерактивті қатынасу пен жүздесуден тұрды.
«Эйр Астана» АҚ рекрутинг және дамыту менеджері Айгүл Ташбаева қатысушыларды әуекомпаниядағы рекрутинг барысының ерекшеліктерімен таныстырды және бортсеріктердің негізгі міндеттерін айтып өтті.
«Эйр Астана» АҚ оқыту және үлгілер менеджері Бриджит Бернройдер бортсеріктердің жаттығулары жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді: ««Эйр Астана» жаттығуларды бортсеріктерді оқытудың Европадағы ең жақсы орталықтарының бірі – «Кондор» жаттығу орталығында (Франкфурт, Германия) және «Эйр Астананың» (Алматы, Қазақстан) оқыту орталығында жүргізеді. Оқу барысы әуелайнер симуляторында және арнайы жабдықталған бассейнде шынайы жағдайларға мүмкіндігінше жақындатылып, апаттық құтқару құралдарын қолдану арқылы ұйымдастырылған».
«Эйр Астана» АҚ оқыту менеджері Владислав Багранов бортсеріктердің дербес ұшуға дайындық, ұшу алдындағы дайындық бағдарламаларын, сонымен қатар экипаждың жұмыс істеуі мен демалуының негізгі аспектілерін таныстыруға байланысты баяндама жасады. «Рейс алдында бортжолсеріктер міндетті медициналық тексеруден өтеді, ал толық медициналық тексеру әр тоқсан және жыл сайын ҚР Азаматтық Авиация Комитетінің Медициналық Орталығында өткізіледі. Экипаж мүшелерінің жұмыс істеу және демалу тәртібі 2007 жылдың 21 желтоқсанында ҚР АА Комитетімен бекітілген «Әуе кемелерінің экипаждары үшін жұмыс уақыты туралы Қағидаларының» соңғы нұсқасымен реттеледі», – деді Багранов мырза.
Экипаждарды жобалау мәселелері «Эйр Астана» АҚ жобалау маманы Марат Ашимовтың баяндамасының тақырыбы болды: «ТМД аумағында «Эйр Астана» әуекомпаниясы экипаждарды жобалау үшін бүкіл дүние жүзіне әйгілі AIMS компьютерлік бағдарламасын қолданатын жалғыз компания болып табылады. «Эйр Астананың» қызметкерлер құрамы осы бағдарламаны қолдануға байланысты шетелде арнайы оқып қайтты».
«Эйр Астана» АҚ «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен «BAE Systems» британдық компаниясының арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Холдинг, ал 49% BAE еншісінде.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы Боинг 767-300ER, Боинг 757-200, Эйрбас А320, Эйрбас А321 және Фоккер-50 әуекемелері кіреді.
Қосымша мәлімет үшін хабарласыңыз:
Бұқарамен байланыс бөлімі
«Эйр Астана» АҚ
Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі 161
Эл. пошта: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com
жаңалықтарға оралу
«Ұшу қауіпсіздігі және жайлылығы: мамандарға байланысты саясат, бортсерігі қызметі, ұшуды жоспарлау» баспасөз туры
2008 жылдың 26 ақпанында «Эйр Астана» АҚ Алматы қаласында ұшу қауіпсіздігі мен оның барысындағы кейбір аспектілерге арналған «Ұшу қауіпсіздігі және жайлылығы: мамандарға байланысты саясат, бортсерігі қызметі, ұшуды жоспарлау» баспасөз турын ұйымдастырды.Шараны өткізу ойы қоғамның ұшу кезіндегі жолсеріктердің атқаратын рөліне деген үлкен қызығушылығына байланысты туындады. Баспасөз турының мақсаты: көпшілікке экипаж міндеттеріне жолаушыларға қызмет көрсету ғана емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету де кіретінін көрсету. Шара бағдарламасы спикерлердің графикалық көрсетілімдерінен, оқыту орталығына экскурсиядан, әуекомпанияның қызметтегі жолсеріктерімен болған брифингісінен, «Эйр Астана» АҚ Президенті Питер Фостермен интерактивті қатынасу пен жүздесуден тұрды.
«Эйр Астана» АҚ рекрутинг және дамыту менеджері Айгүл Ташбаева қатысушыларды әуекомпаниядағы рекрутинг барысының ерекшеліктерімен таныстырды және бортсеріктердің негізгі міндеттерін айтып өтті.
«Эйр Астана» АҚ оқыту және үлгілер менеджері Бриджит Бернройдер бортсеріктердің жаттығулары жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді: ««Эйр Астана» жаттығуларды бортсеріктерді оқытудың Европадағы ең жақсы орталықтарының бірі – «Кондор» жаттығу орталығында (Франкфурт, Германия) және «Эйр Астананың» (Алматы, Қазақстан) оқыту орталығында жүргізеді. Оқу барысы әуелайнер симуляторында және арнайы жабдықталған бассейнде шынайы жағдайларға мүмкіндігінше жақындатылып, апаттық құтқару құралдарын қолдану арқылы ұйымдастырылған».
«Эйр Астана» АҚ оқыту менеджері Владислав Багранов бортсеріктердің дербес ұшуға дайындық, ұшу алдындағы дайындық бағдарламаларын, сонымен қатар экипаждың жұмыс істеуі мен демалуының негізгі аспектілерін таныстыруға байланысты баяндама жасады. «Рейс алдында бортжолсеріктер міндетті медициналық тексеруден өтеді, ал толық медициналық тексеру әр тоқсан және жыл сайын ҚР Азаматтық Авиация Комитетінің Медициналық Орталығында өткізіледі. Экипаж мүшелерінің жұмыс істеу және демалу тәртібі 2007 жылдың 21 желтоқсанында ҚР АА Комитетімен бекітілген «Әуе кемелерінің экипаждары үшін жұмыс уақыты туралы Қағидаларының» соңғы нұсқасымен реттеледі», – деді Багранов мырза.
Экипаждарды жобалау мәселелері «Эйр Астана» АҚ жобалау маманы Марат Ашимовтың баяндамасының тақырыбы болды: «ТМД аумағында «Эйр Астана» әуекомпаниясы экипаждарды жобалау үшін бүкіл дүние жүзіне әйгілі AIMS компьютерлік бағдарламасын қолданатын жалғыз компания болып табылады. «Эйр Астананың» қызметкерлер құрамы осы бағдарламаны қолдануға байланысты шетелде арнайы оқып қайтты».
Қазіргі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясында 25 ішкі және 21 халықаралық бағыттарда қызмет көрсететін 670 жолсерік жұмыс істейді. Әуекомпания әлемдегі ең қарқынды өсу үстіндегі әуекомпаниялардың бірі ретінде ТМД аумағындағы жетекшілік, 2022 жылғы қарай әуепаркті 63 әуе кемесіне және штатты 9000 қызметкерге дейін ұлғайту сияқты зор мақсаттарды көздегендіктен, мамандарға байланысты саясатқа, әсіресе, әуе кемелерінің жұмыс істеу жағдайларына ерекше назар аударылатын болады.