Соңғы жаңалықтар
Алматы қаласының әуежайындағы қалың тұманның әсерінен рейстер кешеуілдеді
2008 жылғы 7 наурызда Алматы қаласындағы ауа райының қолайсыздығынан әуекомпанияның жоспарланған 20-ға жуық рейстері кешеуілденді. Қалың тұманның әсерінен «Эйр Астана» әуекомпаниясының 5 рейсіндегі ұшақтар Алматы қаласының әуежайына емес, басқа әуежайларға қонды, атап айтқанда, №888 Бейжин-Алматы және №890 Атырау-Алматы бағытындағы ұшақтар Астана қаласының, №174 Шымкент-Алматы және №856 Астана-Алматы бағытындағы ұшақтар Бішкек қаласының, №306 Павлодар-Алматы бағытындағы ұшақ Қарағанды қаласының әуежайына келіп қонды. 3 рейстің ұшу уақыты келесі күнге қалдырылды: №876 Мәскеу-Алматы, №860 Ақтау-Алматы және №882 Орал-Алматы.
Бақылау орталығының менеджері Бердыхан Агмуров: «Алматы қаласының әуежайында ауа райы кешеден бері (6 наурыз) нашарлай бастады. Түн ортасына қарай жолақтың үсті қатты тұмандана бастады, көру мүмкіншілігі 100м-ден азайды. Алматы қаласы әуежайының талаптарына сәйкес ұшу және қону кезіндегі көру мүмкіншілігі тиісінше 200 және 350 м болуы тиіс. Жуық арада ауа райы қалпына келеді деп үміттенеміз».
Кешеуілдердің ұзақтығы 2-ден 10 сағатқа дейін созылды. Жолаушыларға алғашқы екі сағат ішінде ыстық шай берілді. Жеті жасқа дейінгі баламен сапар шегетін жолаушыларға ана мен бала бөлмесін пайдалануға рұқсат етілді. Төрт сағаттан кейін жолаушыларға ыстық тамақ берілді. Туындаған қолайсыздықтарды азайту үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясының агенттері ұшып кету уақытын күткен жолаушыларды кестедегі өзгерістер мен кешеуілденудің себептері туралы құлақтандырып отырды.
Рейстердің кешеуілденуі жолаушыларға ғана емес, сонымен қатар қосымша қаражат шығын әкелетіндіктен «Эйр Астана» әуекомпаниясына да зиян келтіреді. «Эйр Астана» АҚ рейстердің кешеуілденуінен туындаған қолайсыздықты түсіне отырып, жолаушылардан кешірім сұрайды.
Эйр Астана – ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.
Эйр Астана «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен BAE Systems (Ұлыбритания) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы В767-300, В757-200, А321, А320 және F50 әуекемелері кіреді.
Қосымша мәлімет үшін хабарласыңыз:
Бұқарамен байланыс бөлімі
«Эйр Астана» АҚ
Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі 161
Эл. пошта: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com
жаңалықтарға оралу





