Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
20 Mar 2008

Астана қаласындағы ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешеуілдеді

2008 жылғы 17 наурызда Астана қаласындағы ауа райының қолайсыздығынан әуекомпанияның жоспарланған 20-ға жуық рейстері кешеуілдеп, 10 рейстің ұшу уақыты өзгертілді. Кешеуілдер келесі бағыттарды қамтыды: Алматы-Астана, Алматы-Астана-Ыстамбұл-Астана-Алматы, Астана-Атырау-Ақтау-Астана, Астана-Ақтөбе-Астана, Астана-Қызылорда-Астана, Астана-Тараз-Астана, Астана-Өскемен, Астана-Павлодар-Астана, Астана-Қостанай-Астана, Астана-Жезқазған-Астана. №856 және №981 рейстерінің ұшу уақыты келесі күнге қалдырылды. №620 және №642 рейстерінің ұшақтары басқа әуежайларға қонды.

Бақылау орталығының менеджері Бердыхан Агмуров былай деді: «Бастапқыда Астана халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағы онда тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 16 наурыздан (00:45) 17 наурызға (06:45) дейін жабылған болатын. 17 наурызда тазалау жұмыстары 14:00-ге дейін созылды. Жолақ ашылғаннан кейін жағдай түзеле бастады».

«Эйр Астана» АҚ Астана халықаралық әуежайындағы менеджері Гүлнар Сәтбаеваның айтуынша, кешеуілдердің ұзақтығы 2-ден 15 сағатқа дейін созылды. Жолаушыларға алғашқы екі сағат ішінде ыстық шай берілді. Рейстер түнгі уақытта кешеуілдегендіктен 71 жолаушы қонақүйлерге орналастырылды. Туындаған қолайсыздықтарды азайту үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясының агенттері ұшып кету уақытын күткен жолаушыларды кестедегі өзгерістер мен кешеуілденудің себептері туралы құлақтандырып отырды. Төрт сағаттан кейін жолаушыларға ыстық тамақ берілді. Жеті жасқа дейінгі баламен сапар шегетін жолаушыларға ана мен бала бөлмесін пайдалануға рұқсат етілді.

Рейстердің кешеуілденуі жолаушыларға ғана емес, сонымен қатар қосымша қаражат шығын әкелетіндіктен «Эйр Астана» әуекомпаниясына да зиян келтіреді. «Эйр Астана» АҚ рейстердің кешеуілденуінен туындаған қолайсыздықты түсіне отырып, жолаушылардан кешірім сұрайды.

Эйр Астана – ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.

Эйр Астана «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен BAE Systems (Ұлыбритания) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы В767-300, В757-200, А321, А320 және F50 әуекемелері кіреді.

Қосымша мәлімет үшін хабарласыңыз:

Бұқарамен байланыс бөлімі
«Эйр Астана» АҚ
Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі 161
Эл. пошта: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com


жаңалықтарға оралу