Соңғы жаңалықтар
«Эйр Астана» әуекомпаниясы– VII Еуразиялық Медиа Форумының ресми әріптесі
2008 жылғы 24-25 сәуірде ЕАМФ (Еуразиялық Медиа Форумы) жетінші рет өткізіледі. Баспасөзге шетелдердер мен аймақтардан журналистер, Батыс пен Шығыстың көрнекті саяси қызметкерлері, ықпалды халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемдік медиа-қауымдастықтың жеткешілері, сарапшылар мен іскер ортаның өкілдері қатысады. Осы іс-шараға «Эйр Астана» әуекомпаниясы қолдау көрсетеді.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Бұқарамен байланыс департаментінің директоры Белла Тормышева былай дейді: ««Эйр Астана» әуекомпаниясы ұлттық әуетасымалдаушы бола отырып, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде араласады және Еуразиялық Медиа Форумы сияқты маңызды іс-шараларға қолдау көрсетеді. Осылайша біз қазіргі заманғы дамудың ғаламдық мәселелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының оларға тигізетін әсері төңірегінде саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың еркін және ашық сұхбатын дамытуға жәрдемдесіп қана қоймай, сонымен қатар елдердің арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, іскер және мәдени байланыстарды қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз».
Еуразия кеңістігіндегі жылдың ең маңызды медиа іс-шараларының бірі Еуразиялық Медиа Форумына 500-ден астам БАҚ өкілдері қатысады. VII Еуразиялық Медиа Форумының бағдарламасында кейінгі он жыл ішінде, сондай-ақ, соңғы жыл бедерінде талқыға көбірек түсіп жүрген мәселелер қаралады. Атап айтқанда, пікірталас төмендегі мәселелерді қамтиды:
- АҚШ пен Ресей сияқты ірі мемлекеттердегі саяси басшылықтың ауысу ықтималына орай өзара қарым-қатынастың келешек көкжиегі. Жаңа «қырғи қабақ соғыс»?
- Таяу Шығыстағы ақуалды ұшықтыратын қауіпті беталыстар: Пәкістан, Иран және Ирактағы Күрдістан
- Сайлау үрдістеріндегі БАҚ-тың рөлі. Тәуелсіз баға беру мен саяси жарнаманың аражігі қайда?
- Ғаламдық жылыну. Әлеуметті қауіптің баяндалуы.
Форумға қатысушылар американдық доллар бағамының құлдырауы мен қор биржаларының күйреуіне әкеліп соққан әлемдік қаржы жүйесіндегі тұрақсыздық мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануына назар аударады.
Эйр Астана – ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.
Эйр Астана «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен BAE Systems (Ұлыбритания) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы В767-300, В757-200, А321, А320 және F50 әуекемелері кіреді.
Қосымша мәлімет үшін хабарласыңыз:
Бұқарамен байланыс бөлімі
«Эйр Астана» АҚ
Тел.: +7 (727) 258 41 35 (ішкі 161)
Эл. пошта: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com
жаңалықтарға оралу





