Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
15 Apr 2008

«Эйр Астана» Қазкоммерцбанкті Интернет арқылы сатып алынатын әуебилеттерінің төлемдерін өндейтін Процессинг орталығы ретінде таңдады

 

2008 жыл, сәуірдің 2-і, Алматы қ. – Қазкоммерцбанктің Процессингтік орталығы ұлттық әуе тасымалдаушының әуебилеттері үшін теңге валютасындағы барлық интернет-төлемдерді қабылдап, өңдеуден өткізетін болады. Бұл туралы Қазкоммерцбанк пен «Эйр Астана» екі жақты келісім-шартқа қол қойды.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының клиенттері енді үйлерінен шықпай, тәуліктің кез келген уақытында Интернет арқылы әуебилетке тапсырыс бере алады (Internet Booking Engine). Ол үшін компания сайтындағы (www.airastana.com) өтінішті толтырып, керек бағытты таңдап, билет құнын төлем картамен өтеу қажет. Ал өтініш расталғаннан кейін қолайлы рейстерге электрондық билетті қағазға басып шығаруға немесе әуекассадан алуға болады.

Қазкоммерцбанк «Эйр Астана» рейстеріне билет сатып алғанда қолма-қол ақшасыз есептесетін интернет-төлемдерді қабылдайтын Процессинг орталық және Клирингтік банк болады. Билеттер Amadeus атты халықаралық алдын ала тапсырыс беру жүйесі арқылы сатып алынады. Ал Қазкоммерцбанк Қазақстанның жалғыз коммерциялық банкі ретінде өзінің ePay (epay.kkb.kz) төлем серверінің көмегімен Интернет арқылы кез келген эмитент-банктің төлем карталарының арқасында транзакцияларды қабылдап, өңдей алады.

Сондай-ақ, Қазкоммерцбанк – виртуалды ортада - 3-D Secure (Verified by Visa) және оған іспеттес MasterCard SecureCode Visa және MasterCard халықаралық төлем карталарына қызмет көрсетудің ең сенімді технологиясының көмегімен интернет-төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалғыз жергілікті банк. Билетті сатып алушы өзі туралы құпия ақпаратты (аты-жөні, карта нөмірі, картаның жарамды мерзімі және т.б.) компанияның сайтына емес, ePay серверіне енгізеді. Енгізілген мәліметтердің қосымша қауіпсіздігі SSL (Secure Sockets Layer) хаттаманы пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

«Эйр Астана» компаниясының клиенттеріне ұсынылатын бұл қызмет қолма қол ақшасыз есептесетін төлемдер саласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ ұсынатын толық қызмет спектрінің бір бөлшегі болып табылады және Visa, MasterCard, сондай-ақ American Express төлем компанияларының стандарттары бойынша іске асырылынады. Ал 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап American Express төлем компаниясының GOLD және The Platinum атты жүлделі несие карталары Қазақстанда алғашқы рет Қазкоммерцбанк қана шығарған болатын. Қазкоммерцбанк аталған төлем жүйесінің барлық процессинг түріне қажет лицензияларға ие, яғни ePay төлем сервері арқылы жоғарыда аталып кеткен төлем жүйесі карталарының барлық түрімен төлем жүргізіледі. Сондай-ақ, банк басқа да банктердің дебет (электронды) карталарын қабылдайды.

Анықтама: Internet Booking Engine көмегімен алдын ала тапсырыс беріп, компанияның интернет-сайтында (www.airastana.com) банктің төлем картасымен әуебилет сатып алуға болады. Ал жақын арада компанияның клиенті сайтта берілген сұлба бойынша ұшақтағы жолаушы орнын өзі таңдай алады. Сондай-ақ рейстерге тапсырыс берумен қатар, веб-сайттың көмегімен сапар барысында ұсынылатын ас-ауқатқа да тапсырыс бере алады. Әлемдегі 21 000 қонақүйдің біріне төмен бағамен тапсырыс беріп, автокөлікті жалға алуға да тапсырыс беру мүмкіндігіне ие.

Жоғарыда көрсетілген қызмет жүйесі саяхатқа шығарда уақытты үнемдеп қана қоймай, билеттің мүлтіксіз сақталуына, сондай-ақ жүйедегі қызметке тапсырыс берілгенде және қызмет ақысы төленгенде қауіпсіздік сақталатынына кепілдік береді.

Әлемдік дәрежедегі сайт, сондай-ақ, әуекомпания туралы соңғы мағлұматтармен, оның ұсынатын қызметтері, жарнама кампаниялары, сапар кестесі, «Эйр Астана» ұшақтары баратын қалалары туралы мәлімет, Қазақстанның көрнекті жерлерінің сипаттамасы және визаны рәсімдеу сияқты т.б. ақпаратпен жаңартылып тұрады.

НАЗАР АУДАРУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ: КЕЗ КЕЛГЕН БАНК ШЫҒАРАТЫН VISA НЕМЕСЕ MASTERCARD АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМДЕР ЖАСАУҒА БОЛАДЫ (ТЕК КАЗКОММЕРЦБАНКТІҢ НЕСИЕ КАРТАЛАРЫМЕН ҒАНА ЕМЕС).

СОНЫМЕН ҚАТАР КАЗКОММЕРЦБАНК ШЫҒАРАТЫН MAESTRO ЖӘНЕ CIRRUS CARDS КАРТАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДА ТӨЛЕМ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ.

«Эйр Астана» компаниясы

«Эйр Астана» – Қазақстан Үкіметі мен «BAE Systems» компаниясы (www.baesystems.com) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% еншісіне Үкімет ие, ал 49% «BAE Systems». «Эйр Астана» 2001 жылы тіркеліп, келесі жылдың мамыр айында оның ұшақтары аспанға ұша бастады. Сол уақыттан бастап компания әуепарк көлемін 3-тен 18 ұшаққа дейін ұлғайтып, 2000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Ұшулар желісі 25 ішкі және 21 халықаралық бағытты қамтиды. Әуекомпания – Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясының (IATA) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) куәландырған JAR-145 талаптары бойынша ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.

«Қазкоммерцбанк» АҚ

1990 жылы негізделген Қазкоммерцбанк бүгінгі күні актив көлемі, қарыз қоржынының мөлшері, таза кірісінің және жалпы депозит саны бойынша Қазақстандағы ең ірі жеке қаржы мекемелердің бірі. Банк Visa Inc., MasterCard Inc., American Express халықаралық төлем жүйесінің несиелі және дебетті карталарын шығарады. 2008 жылдың 1-ші ақпандағы жағдай бойынша айналымда банктің 913 мың картасы бар. Ал Қазкоммерцбанктің банкоматтар желісі 780 құрылғыдан тұрады. Банктің процессингтік орталығы 229 интернет-дүңгіршекпен және 6800 POS-терминалмен жұмыс істейді. Сондай-ақ Банк порталдың көмегімен интернет-банкинг қызметін көрсету бойынша Қазақстандағы алдыңғы қатарлы банктердің бірі. Мәселен, Homebank.kz порталы жеке тұлғалар үшін, ал Onlinebank.kz заңды тұлғаларға арналған.


жаңалықтарға оралу