Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
08 May 2008

«Эйр Астана» - қоғам үшін жауапкершілік сезетін компания!

Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы қоғам үшін жауапкершілік сезунуді көрсететін жобаларды іске асыруда үлкен мән-мағына көреді. Осы жылғы көктемде, әуекомпанияның қолдауымен үш үлкен жоба іске асырылды. Сәуір айының басында, «Эйр Астана» Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын, АҚТҚ-адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққан балалардың отбасыларына арналған қамқорлық көрсету концертіне қатысушыларының, ресми әуетасымалдаушысы болды. Бұл концерт Қажы Мұқан атындағы стадионда, Шымкент қаласында өтті. Осы концерттен түскен бүкіл қаржы АҚТҚ-ауруына шалдыққан балалар отбасыларына берілді.

«Эйр Астана» АҚ-ның Бұқарамен байланыс департаментінің директоры Белла Тормышева былай дейді: «Білікті мамандармен көрсетілетін емдеу ұсуну және қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету арқылы мемлекет тарабынан қолдау көрсетуден басқа, осындай жағдайдағы отбасыларға қаржылық сондай-ақ рухани да қолдау көрсету қажет. Сондықтан да, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі, концертті ұйымдастырушылар және оның серіктестері, олардың ішінде септігін тигізген әуекомпания «Эйр Астана» және де Қазақстанның Шоу-іскерлігінің әсерлі ортасы Қазақстан эстрадасының әйгілі жұлдыздарының қатысуымен осы балаларды қолдау үшін қамқорлық көрсетуге арналған гала-концертті өткізуге деген ойды алғашқы болып қозғады. Әрине, мұндай іс-шаралар азап шекккен балаларды сауықтыра алмайды, алайда бұл концерттің тапсырмасы – қоғамның назарын осы трагедияға аудару, осы адамдардың балаларының тағдыры Қазақстан халқын уайымдататынына сенімділік беру.»

«Эйр Астана» басқа компаниялармен қатар бәріне ортақ істе қолынан келген көмегін көрсетіп, Оңтүстік Қазақстанда болған тасқын судың салдарын жою жұмыстарына қатысты. Үкімет пен коммерциялық компаниялардың серіктестігінің арқасында қирап қалған үйлердің және инфрақұрылым объектілерінің қайта салынуы алға жылжуда.

«Эйр Астана» АҚ-ның президенті Питер Фостер былай деді: «Біз Қазақстанның вице-премьері Ө. Шукеевтің және мемлекеттік холдингінің басы Қанат Бозумбаевтың өтініштері бойынша «Қазмұнайгаз», «КТЖ», «Қазактелеком», «Кегок» сияқты компаниялармен қатар көмек көрсеттік. Біз өзімізді тек коммерциялық компания ретінде ғана емес, сондай-ақ қоғам үшін жауапкершілік сезетін компания ретінде көреміз және атап айтқанда, рак ауруымен ауратын балаларға емделу орындарына ұшып баруға көмек көрсетеміз.»

«Эйр Астана»-ның тағы бір маңызды ынтасы экологиялық бағдарламаларды қолдау болды. Сәуір айының аяғында «Эйр Астана» Қазақстанда биологиялық әр түрлілікті сақтау Қорына 100 мың доллар бөлді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де, экологияны сақтау бағытын көздейтін алғашқы арнайы мемлекеттік емес қор. Қор 2007-жылы БҰҰ-ның дамыту Бағдарламасының жобасының толық ауқымы аясында, Жалпы экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Қазақстанның су мен саз батпақты жерлерін сақтауға арналған ҚР Үкіметінің бағдарлама аясында құрылған. «Эйр Астана» АҚ-ның Президенті Питер Фостер Қазақстанның тұрақты дамуына қатысты сұрақтарда Астана қаласында, 2007-жылдың 16-қарашасында өткен «Үкімет және іскерлік әрі мемлекеттік емес болып табылатын ұйымдардың арасындағы серіктестік: жаңа әдістер – жаңа үндеулер» деген тақырыпта өткен халықаралық конференция барысында Қорға қаржы бөлу туралы хабарлады. «Эйр Астана» Қордың экологиялық бағадарламасына қаржы бөлуден басқа, қоғамның жауапкершілігін арттыру мақсатында, рейстерінде экологиялық роликтерді көрсетуді жоспарлап отыр.


жаңалықтарға оралу