Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
02 Jun 2008

Электронды билеттердің (E-Tickets) «Эйр Астана»-дағы дәрежесі

«Эйр Астана» мүшесі болып табылатын, Халықаралық әуе көлік ассоциациясы (IATA) 2004-жылы амбициялық мақсат қойды - 2008-жылдың 1-маусымында толығымен барлық жерде қағаз билеттерін электронды билеттерге (E-Tickets) ауыстыру.


E-Tickets-тің артықшылығы зор, орташа есеп бойынша қағаз өндірісіне қағаз билетін шығаруына және оның технологиялық барысына 10 АҚШ доллары кетеді, ал электронды билеттің өндірісі тек 1 АҚШ доллар ғана тұрады. Электронды билеттерді қолдану жылына бүкіл әлем бойынша шамамен 3 млрд. доллар ақшаны үнемдетеді. Осыған қосымша, E-Ticket-ті қолдану бағытқа өзгеріс жасауда жолаушы және туристік агенттік үшін өте икемді және ыңғайлы.

E-Tickets-терін 100 % қолданысқа енгізу үшін көптеген әуекомпанияларына мықты компьютерлік бағдарламалар енгізу керек, әуежайларға бүкіл әлем бойынша есептеу инфрақұрылымдарын және туристік агенттіктер үшін қолайлы болып табылатын Global Distribution Systems (GDS) жаңарту қажет. Жалпы санағанда, осы істің құны миллиондаған доллар болмақ және ол жүздеген адамдардың еңбегін талап етеді.

Сондықтан да сізде «Электронды билеттердің (E-Tickets) «Эйр Астана»-дағы дәрежесі қандай»? деген сұрақ туындауы мүмкін.

«Мен «Эйр Астана»-ның осы жобаны іске асырудағы алдыға ілгерінді жылжуын мақтан тұтамын. «Эйр Астана» әуекомпаниясы жүйелерін Amadeus жүйлеріне өзгертуге толық шешкеннен кейін, бұдан бұрын 2006-жылдың қазан айында осы іспен сенімді айналасып жатқан, әуекомпанияның бірнеше департаментінен құрылған мамандар тобы, осы мақсатқа қол жеткізу тапсырмасын алдына қойды, сөйтіп әуекомпания өзінің алғашқы E-Ticket-ін 2006-жылдың қараша айында шығарды,» – деді Джерри Митчел, МТ департаментінің директоры.

Бүгінгі күнге дейін, «Эйр Астана» бүкіл әлем бойынша E-Tickets-терін барлық 9 ірі GDS жүйлеріне енгізді, ол төменде берілген 27 негізгі E-Ticket Interline келісім-шарттарына қол қойып, оларды іске асырды:

  • Аэрофлот
  • Alitalia/Alitalia Express
  • All Nippon Airways
  • Asiana Airlines
  • Atlas Jet International Airways
  • Austrian Airlines
  • Bangkok Airlines
  • British Airways
  • British Midland Airways
  • Cathay Pacific
  • China Southern Airlines
  • Continental Airlines
  • Czech Airlines
  • Dragonair
  • Emirates Airlines
  • Hahn Air
  • Jat Airways
  • KLM
  • Korean Airlines
  • LOT Polish Airlines
  • Lufthansa
  • Malaysia Airlines
  • Northwest Airlines
  • Qantas Airways
  • Qatar Airways
  • Siem Reap Airways
  • Singapore Airlines

Сонымен қатар ол есептік инфрақұрылымын жаңартты және өзінің барлық халықаралық және ішкі әуежайларында электронды билеттер сатып алу процедураларын енгізді, осылайша 1-маусымнан бастап, «Эйр Астана»-да 100%-ға қағаз билеттері орындарын толығымен электронды билеттерге беретін болады.

Осыған қосымша, «Эйр Астана» Қазақстан ішіндегі әуекомпаниялар мен туристік агенттіктер үшін e-BSP-жүйесін (халықаралық есептердің электрондық жоспары) орнатуда Халықаралық әуе көлігі ассоциациясымен тығыз байланыста жұмыс істесуде жетекшілік рөль атқарды. Осы барысты іске асыруда Қазақстан әлемде екінші орында тұр.

Жоба «Эйр Астана»-ның көптеген қызметкерлерінің кірісуін талап еткен үлкен енгізу болды. Бұл жобаға «Эйр Астана»-ның брондау департаменті, инвентаризация департаменті, сату және маркетинг департаменті, әуежайлар, мағлұмат технологиялар департаменті, сондай-ақ қаржы меңгеру департаменті қатысты. Бұл топтырдың бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істегенін және жеңе алмайтын сияқты болып көрінетін қиындықтарды қалай жеңуді көрсететін ғажап үлгі болды, шынымен де, барлық қатысушылардың салған күштері көрінді. Енді біз E-Tickets 100%-ға қолданамыз, деп қоса кеткім келеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Интернет бойынша тіркеу жасау, жолаушы өзі тіркеу жасай алатын орындар және қағаз құжаттауға негізделген жүйеде іске асыруы қиынға түсетін, веб-тарату сияқты басқа да жаңа ойлармен таныстыра алады» – деді Джерри.

Түсіндірме: Қағаз билеттері берілген жерлерінде қабылдана береді. Бүгінгі таңда олар жарамды болып саналады.


жаңалықтарға оралу