Соңғы жаңалықтар
«Эйр Астана – балалар үшін!»
2008 жылғы 11 маусымда «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Қайырымдылық ерікті қоғамымен» бірлесе отырып балалардың жазғы демалыс күндеріне орай Эйрбас А-320 әуекемесінде «Эйр Астана – балалар үшін» атты акциясын өткізді. Алматы облысының № 1 балалар үйінің 78 тәрбиеленушілері Алматы-Балқаш-Алматы бағыты бойынша өмірлеріндегі бірінші ұшу сапарын орындады. Орындалған ұшу сапары қызықты ғана болып қоймай, балалар үшін өте танымдық үлгіде өтті. Ұшақ бортының командирі Игорь Сегедин балаларға ұшақ құрылымы мен ұшу мамандығының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Шара соңында балалар ұшқыш кабинасына саяхат жасады. Сонымен қатар, олар қарандаштар, қойын дәптерлер және тағы басқа заттарға толы мектеп сөмкелеріне ие болды.


«Эйр Астана» әуекомпаниясы үшін бұл шара тек қайырымдылық шара ғана емес, сондай-ақ авиация және оны құратын ұшақтар, ұшқыштар, бортсеріктер туралы үлкен әлеммен баллаларды таныстыру мүмкіндігі. Мүмкін, экипаждың әңгімесін естіп шабыттанған балалар келешекте «Эйр Астана» компаниясының ұшқышы немесе бортсерігі болуға шешім қабылдайтын шығар. Ал біз болсақ, оларды өз жағымыздан қолдауға дайын екендігімізді білдіреміз», - дейді Ашендра Лианаге, «Эйр Астана» АҚ-ның Сату және Маркетинг вице-президенті.
Эйр Астана – ХӘКА-ның (Халықаралық әуе көлігі ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.
Эйр Астана «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен BAE Systems (Ұлыбритания) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы В767-300, В757-200, А321, А320 және F50 әуекемелері кіреді.
Қосымша мағлұмат алу:
«Эйр Астана» АҚ, байланыс қызметінің бөлімшесінен
Тел: +7727 258 41 35 ішкі нөмір 161
Эл. Адрес: Zhanna.Badaubayeva@airastana.com
жаңалықтарға оралу





