Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
17 Jun 2008

«Эйр Астана»-ның әуе тасымалдауларының даму жоспарлары, Қазақстан астанасынан


2008-жылдың 17-маусымында Астана қаласының Халықаралық әуежайында «Эйрбас А-320» жаңа әуекемесінің тұсаукесері өтті. Бұл тұсаукесер Қазақстан астанасынан аумақтық және халықаралық әуе тасымалдаудың дамуын белгілеп көрсетеді. Тіркеу нөмірі Р4-WAS, “Whisky”, «Эйрбас А320» «Эйрбас» авиациялық концернінен Тулуза қаласынан әуекомпанияның 6-жылдығына және Астана қаласының 10-жылдығына жеткізілді. Осы іс-шараға көлік пен байланыс министрі Серік Ахметов, Астана қаласының әкім орынбасары Амірхан Рақымжанов, көлік пен байланыс вице-министрі Азат Бектұров, «Астана халықаралық әуежай» АҚ-ның президенті Әбдел Қыпшақбаев, ТМД-елдеріндегі «Эйрбас» концернінің сату аумақтың директоры Антуан Компт және авиация өкілдері, диплопатия корпусы, ҚР парламенті, министрліктердің, мекемелердің және комитеттердің, сондай-ақ «Эйр Астана» әуекомпаниясының серіктестерінің өкілдері қатысты. Тұсаукесер бағдарламасы пресс-конференцияны, лента кесуді және бірегей лазерлік шоуды қамтыды, осы лазерліу шоудың қақ ортасында жаңа «Эйрбас А-320» тұрды.

Жаңа әуекеме бұрыңғылардан салонының жақсартылған түрі мен жаңа белгілермен ерекше болды, сондай-ақ ол қазіргі заманға сай ойын-сауқты басқару жүйесімен және кеңседен тікелей экипажбен телефон байланысын қолдауға мүмкіндік беретін, SATCOM интегралды жүйесімен жабдықталған. «Эйрбас А-320» Астанада негізделетін болады және Астана-Ақтөбе-Астана бағытын – аптасына 4 рет, Астана-Өскемен-Астана бағытын – аптасына 3 рет өзінің қол астына алатын болады. Астана-Алматы-Астана – аптасына 2 жиілік қосымша, Астана-Ыстамбул-Астана – қосымша жиілік, Астана-Мәскеу-Астана - қосымша жиілік және жаңа маусым бағыты Астана-Анталия-Астана – аптасына 2 ретке көбейтіледі. Сонымен қатар Астана арқылы жаңа түйілісу рейстері пайда болатын болады, олар Ақтөбе-Дубай, Өскемен-Франкфурт, Петропавловск-Мәскеу және т.б. және Астанадан Франкфуртқа ұшатын рейстер аптасына 4 реттен – 5 ретке дейін маусым айында, қыркүйек айында 6-ретке дейн көбейеді. «Эйрбас А-320» әуекомпаниясымен кейбір ішкі бағыттарында қолданылатын, турбовинттік ұшақ «Фоккер-50» орнына қолданылатын болады. Жалпы 2010-жылға таман «Фоккер-50» ұшақтарын әуепаркінен толығымен шығырып тастау үміт етіліп отыр. Астананың Халықаралық әуежайынан әуе тасымалдауларының көбеюі Қазақстанның көлік пен байланыс Министірлігінің астаны әуежайының Орта Азияда және Батыс Сібірде авиациялық және техникалық орталық ретінде негіздеуге арналған жоспарын асыруына түрткі болады.

Питер Фостер, «Эйр Астана» АҚ Президенті былай деді: «Осы жылы «Эйр Астана» алғашқы ұшуының 6-жылдығын тойлады. Бұл ұшу Алматы - Астана бағыты бойынша орындалды. Әуекомпания Қазақстан астанасының 10-жылдығын тойлау жылында Астананың Халықаралық әуежайынан әуе тасымалдауларды қатты көбейтуі белгі болып табылады. Астанада жаңа ұшақтың тұсаукесірін өткізу – біздің Қазақстан астанасына берген сыйлығымыз. Шілде айында тағы бір «Эйрбас А-320» келуін күтіп отырмыз, ал қыркүйек айында - «Эйрбас А-319» күтеміз. 11-маусымда «Эйр Астана» тарихында «Эйрбас А-320» ұшақ түрлерінен алты әуекеме сатып алу туралы маңызды құжатқа қол қойылды. Әуекомпания мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекеттік бюджеттан ақша қолданбай ұшақтарды өзі сатып алады. Мұның бәрі әуекомпания 2022-жылға таман әуекемелер паркін 63 әуекемеге дейн көбейтіп, ТМД- елдерінің ішінде жетекшіге айналудан тұратын алдына қойған мақсаты бойынша жоспар құрып жұмыс істейтінін көрсетеді».


Эйр Астана – ХӘКА-ның (Халықаралық әуе көлігі ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.

***
Эйр Астана «Самрұқ» мемлекеттік холдингі мен BAE Systems (Ұлыбритания) арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста өндірілген қазіргі заманғы В767-300, В757-200, А321, А320 және F50 әуекемелері кіреді.

жаңалықтарға оралу