Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
09 Jul 2008

«Эйр Астана» - жолаушыларына қызмет көрсетуге арналған әуебилеттерді автоматты түрде ауыстыруды қамтитын жаңа ұрпақ жүйесі, Amadeus жүйесін ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып іске қосқан әуекомпания.

Алматы, Қазақстан, 10-шілде 2008: «Эйр Астана», Орта Азиядағы Ірі әуетасымалдаушысы жолаушыларға қызмет көрсетуді әуебилеттерді автоматты түрде ауыстыруды қамтитын Amadeus арқылы өзгертеді. Бұл – туристік саладағы озық технология және серіктес-дистрибьютер.

«Эйр Астана» әуебилеттерді аустыру Amadeus (ATC) жүйесін ұзақ уақыт бойы, тиянақты бағалау жұмысын жасағаннан кейін, таңдап алды. Осы келісіммен, «Эйр Астана» оның тұтынушылары уақыттарын үнемдейтініне, ал әуебилеттерді сату агенттері әуебилеттегі өзгерістер күрделі болса да, қате жасаудан аулақ болатынына кепілдік береді. Әуебилеттерді ауыстыру жүйесі Amadeus уақытты жұмсауды және әуебилетті ауыстырудың күрделі барысын толығымен автоматты етеді сонымен қатар әуебилетті ауыстыруға қажет уақыттың 80%-ын үнемдейді. Ол ішкі сондай-ақ халықаралық рейстегі әуебилеттің кез келген түрін қайта шығару үшін қолданыла алады. Бұл күні өтіп кеткен әуебилеттер, онлайн, интерлайн, класы жазылған, ұшып шыққанға дейінгі күні мен ұшып шыққаннан кейінгі күні жазылған әуебилеттер. Бұл жүйе баға айрымалышылығын және валютаны есептеу үшін тиісті мәліметті бірден санап, осылайша бірден нәтижелі әрі қауіпсіз түрде жаңа билет шығарады. Әуекомпаниялар тарифтер, алымдар және айыппұлдарды толассыз әдіспен өндеп күткен кірісті жинап алу үшін нақты барысты қамтамасыз етеді.

Бұл жүйе әуебилетті ауыстырудың барысын 14 күрделі қадамнан 4 кіруге дейін қарапайым етеді, ол билетті шығаруға қажет орташа уақытты 30 минуттан 5 минутқа дейін азайтады. Оның басқа артықшылығы - ATC қайта шығарылған әр билет үшін шамамен 160 АҚШ долларын (130 ЕВРО) үнемдейді. Осы шешімнің бірегейлігі – кез келген елде кез келген валютамен, кез келген билет сату жерде кез келген канал арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі.

“Әуебилеттерді аустыру жүйесі Amadeus әуе саласын нәтижелі технологиямен қамтамасыз етуге деген біздің ынтамызды растайды, ол компанияларға барыстарды жақсартуға және тұтынушыларға жақсырақ қызмет ұсынады, - деді Airline Business Group, Amadeus-тің Вице-перзиденті Фредерик Спагну. “Біз соңғы айлар ішінде қол жеткізілген түсінушілікке қуаныштымыз, біздің 2008 жылға арналған жоспарларымыз осы саладағы осы шешімнің құнды рөліне деген сенімімізді көрсетеді.”

Сату және маркетинг Вице-президенті Ашендра Лианагенің сөзі бойынша, ірі әуекомпания «Эйр Астана» үшін: “ATC біздің тұтынушыларымызды қызмет көрсетудің кең жүйесімен қамтамасыз етеді, сапарларын қайта брондаған кезде оларға икемділік пен әр түрлі мүмкіндіктер береді. Біздің шығаратын билеттердің оннан біреуі ауыстырылып жатады, сондықтан да бұл қызмет көрсетуге қатысты маңызды сұрақ. ATC бізге күрделі әрі тым үлкен техникалық процедураны бүгінгі таңдағы біздің қолымыздағы өте жылдам және нәтижелі сату мен қызмет көрсету барысына ауыстыруға көмектеседі ”.

2008 жылдың ішінде, «Эйр Астана» қазіргі өнімге ATC Schedule Driven опциясы сияқты бірнеше жаңа міндеттер қосады, ал өз алдына әуекомпанияның тұтынушыларына «Эйр Астана» сайтында әуебилетті ауыстыру түрлерін ұсынады.

Әуебилетті ауыстыру жүйесі Amadeus тарифтер және Amadeus' Altéa Customer Management Solution (CMS) жүйесінде билет шығару барыстарына қатысты толық интегралды болып табылады және көптеген тарату каналдарда қолданылады, оның ішінде онлайн каналы да бар.

- Қорытынды -

Редакторларға арналған ескерту:

Amadeus жайлы
Amadeus провайдерлер, туристік агенттіктер және сапар шегушілер үшін таңадулы технологиялық серіктес болып табылады. Компания өз тұтынушыларына бейімделу, өсу және қарқынмен дамып жатқан сапар шегу саласында сәтті болу үшін тарату, мағлұматтық технология және сату желерімен қамтамасыз етеді. Тұтынушылар топтары сапарлар провайдерлерін (әуекомпаниялар, қонақ үйлер, авто көліктерді ажлға беру компаниялары, темір жол компаниялары, тасымалдаушы компаниялар, круиздер ұйымдастыру компаниялары, сақтандыру компаниялары және айналым операторлары), туристік агенттіктер, копорациялар мен сапар шегушілерді қамтиды. Шешімдер төрт категорияға топталады – тарату және мазмұны, сату және e-Commerce, іскерлікті басқару, қызмет көрсету және кеңес беру.

Amadeus-тің Мадридте (Копоративті басты кеңселер және маркетинг), Ниццада (даму) және Элгинде (Операциялар – Деректерді өндеу орталығы) орталық кеңселері бар және Майами, Буэнос-Айрeс пен Бангкокте аймақтық кеңселері бар. Нарық деңгейінде, Amadeus 215 нарықтан астам нарықты қамтып, 75 елде тұтынушылармен операция жасайды. Компанияда бүкіл әлем бойынша 95 ұлттың өкілдері, дерлік 7,800 қызметкер жұмыс істейді. Amadeus жайлы толық мағлұмат алу үшін www.amadeus.com. сайтына кіріңіз.


Эйр Астана жайлы
«Эйр Астана» – ХӘКА-ның (Халықаралық әуе көлігі ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.

«Эйр Астана» Қазақстан Мемлекеттік холдинг пен британдық BAE Systems арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE Systems еншісінде.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана»-ның әуе паркі мынадай ұшақтар түрі бар: Боинг B767-300, В757-200, Эйрбас А321, А320 и Фоккер F50.

Байланыс жасау үшін
Amadeus бұқарасымен байланыс
Корпоративті және маркетинг байланысы
Тел.: +34 91 582 0160
e-mail: mediarelations@amadeus.com


Эйр Астана бұқарасымен байланыс
Тел.: +7 7272 2584135 ext.162
e-mail: zhanna.badaubayeva@airastana.com


жаңалықтарға оралу