Эйр Астана туралы

Соңғы жаңалықтар

Қазір: Эйр Астана туралы > Жаңалықтар > Соңғы жаңалықтар
26 Aug 2008

«Эйр Астана» әуекомпаниясы қызметінің 2008 жылының бірінші жарты жылдығындағы нәтижелері

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының көшбасшысы «Эйр Астана» әуекомпаниясы, әуежанармай бағасының күрт жоғарылауына қарамастан, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қарқынды дамуын жалғастырды. Жолаушы-километр көрсеткіші өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20 пайызға артып, 4.2 миллиардты құрады. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында жолаушы тасымалдау көрсеткіші 16 пайызға артып, 1,3 миллион жолаушы тасымалданды. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш жылдың соңына дейін 2,4 миллионға дейін артады деп күтілуде. Қызметтік табыс 359 млн. АҚШ долларын құрап, жолаушы тасымалынан түскен табыс 26 пайызға, жүк тасымалынан түскен табыс 30 пайызға артты. Осы мерзім ішінде жүктеу коэффициентінің орташа көрсеткіші 64 пайыз болған тұрақты жолаушы тасымалы 14000-ға жуық рейсті құрады.

2008 жылдың бірінші жартыжылдығында Эйрбас тобына жататын үш ұшақ жеткізіліп, «Эйр Астана» әуекемелерінің саны 21-ге жетті. Сонымен қатар, ұлттық әуетасымалдаушы 2014 жылға қарай әуекемелерінің санын 34-ке, ал 2022 жылға қарай – 63-ке дейін жеткізу стратегиясының аясында алты Эйрбас А320 ұшағын өндіруге тапсырыс берді. «Эйр Астана» әуепаркін ұлғайту республика астанасы – Астана қаласынан аймақтық орталықтарға және Франкфурт, Ыстамбұл, Мәскеу сияқты шетелдік қалаларға ұшатын рейстердің жиілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының 2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басқа жетістіктері: Электрондық билеттердің толықтай енгізілуі, «Nomad club» жолаушыларды марапаттау бағдарламасы танымалдығының артуы және Алматы қ. Халықаралық Әуежайында «Эйр Астана» әуекомпаниясының меншігіндегі ұшақтарға техникалық қызмет көрсету ангарының ашылуы.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жаңа заманғы әуепарк, пайдаланым беріктігі және тұрақты инновацияларға байланысты тез арада өзін ТМД аймағында көшбасшы ретінде таныта білді. ҚР ұлттық әуетасымалдаушысы алға қойылған мақсаттарды орындауын әрі қарай жалғастыруда. Авиакөлік саласындағы барлық қиыншылықтарға қарамастан, біздің компаниямыздың болашағы зор болатынына сенімдіміз», – дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

***

AirAstanaәуе тасымалы қауымдастығының толық құқықты мүшесі және әуе кемелеріне еуропалық EASA/Part 145 стандарттары бойынша техникалық қызмет көрсету сертификатын алған Қазақстандағы бірегей компания болып табылады.

***

«Эйр Астана» АҚ “Самұрық” мемлекеттік холдингі мен ағылшындық «BAESystem» компанияларының берлескен компаниясы, акциялық үлесі 51% және 49% тиісінше.

    Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуепаркі B767-300, В757-200, А321, А320, F50 ұшақтарынан  құралған.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

«Эйр Астана» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі 161
Электронды мекенжай: Tlek.Abdrakhimov@airastana.com
www.airastana.com

жаңалықтарға оралу