Соңғы жаңалықтар
Алматы-Бангкок-Алматы рейстерінің «Эйр Астана» әуекомпанияның жолаушыларына уайымдамауға болады
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы-Бангкок-Алматы рейстердің жолаушылары билет сату орындарында әуебилеттерін қайтарып не ауыстырып алатыны туралы ескертеді. Сонымен қатар, егер сапар уақыты қыркүйектің аяғына дейін болса, онда билет айыпұлсыз қайтарылады.
Өзімен бірге әуекомпанияның клиентінде мына құжаттар болу тиіс:
1. қолмен жазылған арыз
2. әуебилет.
Бұл шешім Таиландтағы уақытша саяси-қоғамдық дағдарысынан бұл елге қатынауға қауіптенген отандастарымыз бен шетел азаматтарын қолдау ретінде қабылданған. Таиланд өкіметі жағдайды шешу үшін барлық шаралар қолданып жатыр және туристерге тікелей қауіп жоқ екендігі туралы мәлімдейді, дегенмен сақтықты ұстанып, қалың топ жиналған жерлерден аулақтауды жөн көріп отыр. Таиландқа сапардан бас тартқан әуекомпаниямыздың жолаушылары жуық арада осы елдің астанасына бара алады деп ал Алматы-Бангкок-Алматы бағыты бойынша ұшатын адамдар еш ыңғайсыздықсыз сапар шеге алады деп үміттеміз.
«Эйр Астана» АҚ маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ашендра Лианаге: ««Эйр Астана» әуекомпаниясы Таиландттағы оқиғалармен байланысты жолаушыларға сапарларын өзгертуге қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Соныме қатар, Бангкок әуежайы әдепкі режимі бойынша істеп жатыр, ал рейстер кесте бойынша орындалуда».
Егер сапар уақыты қазан және келесі айларға келетін болса, билеттер тарифтерді қолдану ережелері бойынша қабылданады.
***
Air Astana әуе тасымалы қауымдастығының толық құқықты мүшесі және әуе кемелеріне еуропалық EASA/Part 145 стандарттары бойынша техникалық қызмет көрсету сертификатын алған Қазақстандағы бірегей компания болып табылады.
***
«Эйр Астана» АҚ – “Самұрық” мемлекеттік холдингі мен ағылшындық «BAE System» компанияларының берлескен компаниясы, акциялық үлесі 51% және 49% тиісінше.
Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуепаркі B767-300, В757-200, А321, А320, F50 ұшақтарынан құралған.
жаңалықтарға оралу





