Соңғы жаңалықтар
«Эйр Астана» Алматыда алғашқы әуе билеттерін сату кеңсесін ашады.
10 қараша күні «Эйр Астана» әуекомпаниясының билеттер сату және клиенттерді хабарландыру жеке кеңсесі ашылды. Шара аясында таспаны қию салтанатты рәсімі, ұтылыссыз лотерея мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің суреттер көрмесі өтті.
«Эйр Астана» әуекомпаниясының BSP-Kazakhstan инновациялық жобасы аясындағы электронды билеттерді 100 % енгізуі авиабилеттерді сату жүйесін толығымен өзгертті және оңайлатты, оған қоса сатылымның жеке желісін құруға жағдай жасады. ИАТА (әуе көлігінің халықаралық ұйымы) халықаралық стандарттары бойынша әуекомпаниялар әуе билеттерін осы халықаралық ұйым тіркеген агенттіктердің кең желісі арқылы ғана емес, сатылымдар және клиенттерді хабарландыру жеке кеңселері арқылы сатады. Олар жолаушыларға көптеген қызмет түрлерін ұсынады және қажетті техникалық қолдау көрсетеді. Жаңа кеңседе әуекомпания клиенттері билеттерді брондау, сатып алу, ұшу уақытын, күнін өзгерту, т.б. сияқты кәсіби көмек ала алады, ең бастысы билетті әуекомпаниясынан тікелей, артық төлемсіз сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Питер Фостер, «Эйр Астана» АҚ Президенті: «Әуе билеттерін сату кеңсесінің ашылуы әуе- компаниясының сервисін жаңа дәрежеге көтереді. Сондай-ақ, call center жолаушылар үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Жолаушының жеке бабын тауып, біз клиенттерімізге одан әрі жақындаса түсеміз. Оларға барлық қызмет түрін ұсынамыз: ұшу жөнінде ақпарат беру, Nomad club марапаттау бағдарламасына тіркеуден бастап, ең жоғарғы әлем стандарттарына сай жүкті іздестіруге дейін».
Әуе билеттерін сату жеке кеңсесі аптасына 7 күн тәулік бойы жұмыс істейді. Билет сатумен айналысатын қосымша кеңсе Алматы әуежайында да ашылады. Сонымен, жолаушылар әуе- компаниясының жаңа қызметін қала ішінде және әуежайда пайдалана алады. Жақын арада біз кеңселерді Астана мен Атырауда ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, 2009 жылы «Эйр Астана» әуе тасымалдарын орындап жатқан Қазақстанның барлық әуежайларында билет сату кеңселері іске қосылатын болады.
***
Air Astana әуе тасымалы қауымдастығының толық құқықты мүшесі және әуе кемелеріне еуропалық EASA/Part 145 стандарттары бойынша техникалық қызмет көрсету сертификатын алған Қазақстандағы бірегей компания болып табылады.
***
«Эйр Астана» АҚ – “Самұрық” мемлекеттік холдингі мен ағылшындық «BAE System» компанияларының бірлескен компаниясы, акциялық үлесі тиісінше 51% және 49%.
Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуепаркі B767-300, В757-200, А321, А320, F50 ұшақтарынан құралған.
жаңалықтарға оралу





