Соңғы жаңалықтар
“Air Astana Open -2008” бильярд турнирінің нәтижелері
2008 жылы 1 қараша күні «Эйр Астана» әуекомпаниясы мен Central Asia Monitor саяси-қоғамдық газеті “Air Astana Open - 2008” бильярд турнирін қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Бастау» бильярд клубында өткізді. Додаға 25 команда қатысты. Жарыстың мақсаты журналистердің басын қосып, байланыстарын дамыту мен нығайту.
Бильярд спортынан ҚР Бас төреші, халықаралық дәрежедегі төреші Роман Бузурходжаев 6 көмекшісімен бірге Халықаралық Комитеттің Ережелеріне сәйкес «Еркін пирамида» бойынша жарысқа төрелік етті.
Доданың жеңімпаздары ұйымдастырушылардан құнды жүлделерді алды. 1 орынға «Қазақ әдебиеті» газетінің өкілдері Жанарбек Әшімжан мен Бақыт Беделхан ие болды. «Вечерний Алматы» газетінен Абдухалил Джалил мен Асыл Абенов 2 орынға табан тіреді. 3 орынды Евгений Раченков пен Александр Меметов (Аргументы и факты газеті) алды. Жүлдегерлер медальмен, дипломмен және кубокпен марапатталды. «Эйр Астана» әуекомпаниясы өз тарапынан алтын жүлдегерлерге «Алматы – Дубай – Алматы» бағыты бойынша бизнес- класқа екі билет табыс етті. Күміс жүлдегерлер «Алматы – Пекин - Алматы» бағыты бойынша эконом класына екі билет ұтты, ал қола жүлдегерлер – «Алматы – Стамбул - Алматы» бағыты бойынша екі билет жеңіп алды. «Central Asia Monitor» республикалық саяси-қоғамдық газеті жеңімпаздарға ғазетке жылдық жазылымын және фотограф Қайрат Токештің авторлық суреттерің тапсырды. «Бастау» бильярд клубы Жанарбек Әшімжанға және Бақыт Беделханға кийларын сыйлады.
Бұдан басқа қатысушылар арасында түрлі байқаулар өтті. Сонымен қатар, бас жеңімпазды дұрыс болжағандар сувенирлер мен бильярд клубының дисконттық қартасына ие болды.
***
Air Astana (IATA) әуе тасымалы қауымдастығының толық құқықты мүшесі және әуе кемелеріне еуропалық EASA/Part 145 стандарттары бойынша техникалық қызмет көрсету сертификатын алған Қазақстандағы бірегей компания болып табылады.
«Эйр Астана» АҚ – “Самұрық” мемлекеттік холдингі мен ағылшындық «BAE System» компанияларының берлескен компаниясы, акциялық үлесі 51% және 49% тиісінше.
Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуепаркі B767-300, В757-200, А321, А320, F50 ұшақтарынан құралған.
жаңалықтарға оралу





